1. жоғарғы сынып оқушыларының ынтасы мен икемділігін қалптастыру.
Практикум. Ата-аналарды оқу кабинеттерімен мерзімді әдебиеттермен таныстыру.
Университет жұмысының мұндай жүйесі ата-аналарды өз бетімен үй тапсырмасын орындауға үйретеді, оларды теориялық және практикалық біліммен қаруландырады.
Біздің мектепте педагогикалық білімді насихаттаудың басқада формалары; ата-аналар үшін жеке консультациялары қолданылады.
Сонымен бірге ата-аналар үшін педагогикалық насихаттау жұмысының басқада тиімді формалары, атап айтқанда, көрермендер конференциясы эскурсия, семинар, практикалық сабақтар өткізіледі. Мысалы, практикалық сабақты өткізу тәжірибесінен үзінді келтіруге болады. Практикалық сабақтарда жанұя өмірінен тыңдаушылар үшін әртүрлі мына сияқты проблемалық сұрақтар ұсынылады:
1. Сіз кәсіпорында мектеп пен жанұяға көмектесу кеңесінің төрағасысыз. Баласын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамайтын жауапсыз, селқос ата-аналар жайлы сіздің атыңызға наразылық хат түсті. Сіз қандай шара қолданар едіңіз?
2. Сіздің қызметкеріңіздің баласы нашар оқиды, анасын сыйламайды деп мектептен хат түсті. Ал анасы еңбек озаты, заводың “құрмет тақтасында” ілінген, баласы өзі тәрбиелейді, күйеуі жоқ. Бұл мәселені неден бастар едіңіз?
3. “Қалта ақшасы” жайлы не айтар едіңіз?
4. Зейіні нашар, шашыраңқы баламен қалай жұмыс істеу керек?
5. Жанұяда ата- аналар мен балалар арасындағы келіспеушілікті қалай шешуге болады? т.б.
Сұрақтарға жауаптар дайындау үшін ата- аналарға келесі кезекті сабаққа дейін уақыт беріледі. Онда ата-аналар өзара пікір алысады, ал сабақ жетекшісі олардың пікірлерін жинақтайды, мәселенің шешілу жолдарын талдап, оларға нақты жауап береді.
Униветситетте практикалық сабақты өткізудің мұндай әдістері ата- аналардың белсенділігін арттырады, жанұялық педагогиканың негізгі проблемаларынан білім шеңберін кеңейтеді.
Мектептерде ата- аналар мен халық арасында педагогикалық білімді насихаттаудың көптеген формаларын кездестіруге болады. солардың ішінде ата- аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде радиолекторияның маңызы өте зор.
Мектеп бойынша аптасына бір рет ата- аналар үшін радиохабарын ұйымдастыруға болады. мұнда мектепте болған апталық жаңалықтарды хабарлайды, тәрбиенің әр түрлі салаларынан дәрістер оқылып, кеңестер беріледі.
Радиолектория университет кеңесі бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді. Жоспарда шамамен мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:
Құқықтық тәрбие:
1. Құқықтық тәрбие мәні.
2. Еңбек, азамат және қылмыс туралы заңдар.
3. Қазақстан жастарының құқықтары мен міндеттері.
4. Жеткіншектермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кейбір ерекшеліктері.
5. Біз кімді және не үшін тәрбиелейміз?
6. Жеткіншектердің арманы, рухани тілегі.
7. Құқықтық және адамгершілік тәрбиесінің өзара байланысы т.б.
Еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар:
1. Балаларды мамандық таңдауға даярлауда ата- аналардың ролі.
2.Жаңұядағы еңбек тәрбиесі.
2. Еңбек, бақыт және байлық.
3. Өнеркәсіп және ауылшаруашылық пайдалы еңбекке балаларды қалай ынталандыруға болады?
4. Жастарды еңбекке баулуда экономикалық тәрбиенің ролі.
5. Қазақстандағы мектеп реформсы.
Жоспарға ғылыми, діни- мұсылмандық, әскери- патриоттық, эстетикалық тәрбие және мектеп гигиенасы мәселелерін де енгізуге болады. бұл бүгінгі таңда еліміздегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан тереңдей түскен демократия жағдайында ата-аналарға білім беру университеттері мен педагогикалық факультеттерінің бағдарламасына саналы тәрбиенің құрамды бөліктері, әсіресе ғылыми, діни, эстетикалық, патриоттық және интернационалдық, экономикалық және экологиялық тәрбие мәселелері енгізіліп, теориялық және практикалық сабақтардың барысында ата- аналар үшін кең түрде уағыздал жөн.
Әсіресе патриоттық және интернационалдық тәрбиеге байланысты ата- аналар Қазақстан халықтары ұлттық дәстүрлері мен мәдениетінің ерекшеліктерін көп ұлтты еліміздің тарихын, халқымыздың шексіз достығын, Отан алдындағы интернационалдық борышын жете түсінулері қажет.
Қазіргі кезеңде экология мәселесіне де үлкен мән беріліп отыр. Өйткені, экология проблемасы бүкіл жер бетіндегі адамзаттың өмірімен байланысты. Себебі, табиғатты қорғау, оны халықтың мүддесі үшін пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан осы проблемаға байланысты Қазақстан үкіметінің көптеген қаулы- қарарларымен бүкіл дүниежүзілік бірлестік бойынша істелеліп жатқан шаралармен ата- аналарды таныстыру мәселелері педагогикалық білім беру университеттерінің бағдарламаларына енгізіліуі керек.
Педагогикалық білім берудің мұндай формалары мен бағыттары мектеп пен ата- аналар жұртшылығының бірлігін нығайтады, балаларды өмірге, еңбекке баулу, мамандықты таңдауға бағдарлау мәселелерін және тәрбиенің басты проблемаларын тиімді етіп шешуге әер етеді.
Халықты педагогикалық біліммен қаруландыру проблемасының саяси және әлеуметтік мәні өте зор. Өйткені жеткіншек ұрпақтың болашағы ата-аналардың саяси-идеялық психологиялық-педагогикалық білім дәрежесіне және практикалық дайындығына байланысты.