Ауыл шаруашылық өндірісінің жоғары қарқынмен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде біраз кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыру қажет.
І.Отандық азық-түлік базарын дамыту, оның бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелерін шешу үшін оның импортқа тәуелділігін, әсіресе республикада көп көлемде өндірілетін өнімдер бойынша (күріш, қарақұмық, сары май, ет өнімдері) кеміту қажет. Маманданған тауар аймақтарын дамыту, аймақ аралық өзара қатынастарды қалыптастыру, теміржол көлігінде азық-түлік өнімдері үшін төмендетілген коэффициенті тағайындау арқылы сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін жасау қажет. 2010 жылы бидайды оның тауарлары аймақтарынан Оңтүстік-Батыс облыстарға және Оңтүстік аймақтарға жеткізудің құны оның бағасының 30 пайызындай болды. Қалыптасып отырған жағдайда кейбір аймақтарға азықтық бидайды тасу тиімсіз, соның салдарынан ол жерлерде нан өнімдерін тұтыну деңгейі төмен (республикалық деңгейден 25 пайыздай төмен). Бидайдың қатты, күшті сорттарын өндіруді щнталандырған дұрыс. Өйткені, оларға сұраным жоғары.
Жеміс-жидек өнімдерінің аймақ-аралық сауда айырбасын дамытудың маңызы ерекше. Бұл істе көлік тарифін төмендетудің маңызы тіпті үлкен.
Ауыл шаруашылығында тауар өндірушілердің барлық жерде базарға жеке-жеке емес, әртүрлі бірлестіктер, соның ішінде кооперативтер құрамында шыққаны дұрыс.
Аудандарда құрылып жатқан «сатушы-дайындаушы пункттер», сатушы-дайындаушы фирмалардың монополиялық тенденцияларын тежеуді ұйымдастырудың мысалы іспетті бола алады. Келешекте олардың негізінде таза пайданы көздемейтін өнім сатып отыратын кооперативтер құрылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төлем қабілетін көтеру үшін мемлекет астық базарын бақылауға алуға тиіс және оның 1 тоннасы үшін 100 АҚШ долларынан кем емес тұрақты бағаны қамтамасыз ету керек.
Тұқым шаруашылығы өсімдік шаруашылығы саласының маңызды бөлігі. Қазіргі кезде ол қиын жағдайы бастан кешіруде. Аудандастырылмаған сорттар тұқымының себілуі жиі кездеседі, сөйте тұра көптеген аудандастырылған сорттар тұқымын ешкім алмайды, өйткені қаражат жетіспейді. Тұқымды ұқсату, кептіру, тасымалдау, дайындау, сақтау ісін жақсарту қажет жоне тұқымның сапасына, сорттардың сақталуына бақылауды да күшейту керек. Тұқым шаруашылығын жүргізуге көптеген мемлекеттік және мемлекеттік мекемелер қатысуда. Бұрын олардың жұмысын мемлекет өзі үйлестіріп отыратын. Кейінгі жылдары бұл тәртіп бұзылды, мемлекет тарапынан бұл саланы реттеу бұрынғыдай айқын атқарылмайды.
Тұқым шаруашылығының жағдайын түбегейлі жақсарту мақсатында республикада тұқым шаруашылығын басқарудың біртұтас орталығын құру қажеттігі туындап отыр, оған тұқымды өндіру, тазалау, даярлау, сақтау, тасымалдау, тұқым сапасын бақылау ісін, сондай-ақ ауыл шаруашылығына инвестициялық қолдау жасау, түқымға баға тағайындау, салықты анықтау, лицензия беру жауапкершілігін жүктеу керек.
7. Ауыл тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайын нығайтудың маңызды шарасының бірі-баға тепе-тендігінің бүзылуынан туындайтын шығынды азайту. Бүл түста төмендегідей екі бағытты бөліп қарау қажет:
8. Ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдеріне, энергетикаға, ауыл шаруашылығына көрсетілетін қызметке баға тепе-теңдігінің жоқтығы;
9. Азық-түлік корпорациялары, астық компаниялары, делдаддар ауыл тұрғындарынан сатып алатын шикізат пен сауда косіпорындары арқылы сатылатын өнімдердің бөлшек сауда бағасы арасында тепе-теңдіктің жоқтығы.
Бұл мәселені ауылға жеткізілетін өнеркәсіп (техникаға, тыңайтқыштарға, химикаттарға, қуат көздеріне) бағаны мемлекет тарапынан реттеу арқылы және баға тепе-теңдігі бұзылу нәтижесінде ауыл шаруашылығы жоғалтқан сомаға тікелей төлемақы жасау арқылы да шешуге болады. Әуелгі кезде салалық бағдарламалар шеңберінде өнеркәсіп өнімдеріне бағаның төлемақы тетігін өзірлеу қажет. Оның бір нұсқасы ретінде тауар өндірушілер өнімдерге (мысалы, жанар-дағар майға және ауыл шаруашылығы машиналарына) ең төменгі бағаны тағайындауға, ал базар бағасы мен төменгі бағаның айырмасы көлемінде тиісті өнеркәсіп орындарының бюджетке салық төлемін азайтуға болады. Ал оны қайтару жолы — фермермен бір жыл өткен соң 10 пайыздық өсіммен қайтару жөніндегі келісімшарт жасау.
Ауыл шарашылығы, өнеркәсіп және сауда арасындағы баға тепе-тендігін реттеуге зандық сипат беру қажет.
6. Қазақстанда әлемдік тәжірибеде қалыптасып отырған ауыл шаруашылық несиенің мамандандырылған жүйесі жоқ. Оны ұйымдастыру үшін келесі шараларды жүзеге асыру ұсынылады:
а) ауыл шаруашылық несиенің мамандандырылған банкін мына жағдайларды ескеріп ұйымдастыру керек:
б) мемлекет оның жарғылық қорына кепілдік береді (мәселен 100 миллион АҚШ долларындай); осы сомаға акциялар шығарып, оны таратады; акцияны сатудан түскен қаражат мамандандырылған аграрлық банктің нақты жарғылық капиталын құрайды;
в) ауыл шаруашылық ипотека корпорациясын ұйымдастыру керек жоне ол мынандай міндеттер атқаруға тиіс. Біріншіден, корпорация өсімі аз
мемлекеттік дотация (жәрдем) алады және фермерлерге ұзақ мерзімдік несие береді. Кепілдіктің ең жоғары көлемі мүлік қүнының 70 пайызындай болуға тиіс; екіншіден, корпорация фермердің несие алудағы кепілі болуға тиіс. Бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін өтімді жерлердің ипотекасынан бастау қажет;
г) ауыл шаруашылығына жеңілдігі бар (бонификацияланған — тауар өткізушілерге төленетін ақы) несие беру жүйесін ұйымдастыру.
Бонификация несиеге төленетін өсім көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік субсидия (ақшадай жәрдем) болып шығады. Ол біріншіден алынған қарыз үшін төленетін ақшаның бір бөлігінің төлемі үшін несие алушыға тікелей берілетін субсидия арқылы және сондай-ақ несиені алушыларға төменгі пайыздық ставка бойынша несие беруге мүмкіндік тудыратындай маманданған несие-қаржы мекемелеріне субсидия беру арқылы ыжүзеге асырылуға тиіс. Екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландырудың (рефинансирование) төменгі ставкасымен (мәселен 25 пайыздың орнына 10 пайыз тағайындап) несие беруге болады және оларды ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге азын-аулақ пайда маржасымен мақсатты әдіспен несие беруге міндетті ету керек.
7. Мемлекеттің қазіргі кезендегі қаржылық мүмкіндігі ауыл шаруашылығының барлық салаларын қажетті деңгейде бір мезгілде қолдау жасауды көтермейді. Сондықтан бірінші кезеңде салалар мен өнім түрлерін олардың басымдылық дәрежесіне қарай бөлу қажет.
Екінші кезенде мемлекеттік мақсатты бағдармалар жасаған дүрыс, олардың шеңберінде ең төменгі кепілді баға (төменгі шегі) тағайындау керек, ол табыстың сала бойынша орташа деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Мұндайларға «Астық», «Қой шаруашылығы», «Сүт», және «Суармалы жер» сияқты алғашқы кезекте жүзеге асырылуға тиіс бағдармаларды жатқызуға болды. Бұл бағдармалар шеңберінде тек аграрлық сектордың өнімді өндіруден оны ұқсатуға, сақтауға дейінгі барлық саласын бір мезгілде іске қосып қана қоймой, сонымен бірге өнеркәсіптің олармен байланысты салаларын да жандандыруға болады.
Биржалар мен көтерме базарлар жүйесі арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатудың өркениятты әдістеріне көшу қажет. Ең алдымен биржа тауарларының қатарына астық пен мақта сияқты стратегиялық өнімдерді көшіру қажет.
8. Ауыл шарашылық тауарларын өндірушілер өнімді сатуда елелулі қиыншылықтарға ұшырап отырғандықтан үкімет өкілеттік берген заңды түлғалар арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуда кепіл болғаны жөн. Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бүгінгі күнгі нақты жағдайын ескере отырып, алғашқы кезде өндірілген өнімнің 15-20 пайыздайын кепілді бағамен сатып алуға болады. Мемлекет сатып алатын өнімдер тізбесіне астықтан басқа етті, сүтті және оларды ұқсатудан алынған өнімдерді енгізуге болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруды көтермелеу үшін экспорттық сыйлықтар енгізсе болар еді.
Топырақтың құнарлылығын көтеру, жерді мелиорациялау, мал-дәрігерлік қызмет көрсету жөніндегі шараларға субсидия (ақшадай жәрдем) беруді, элиталық тұқым шаруашылығына, асыл тұқымды мал шаруашылығына және құс шаруашылығына толық көлемде дотация (мемлекеттік жәрдем) жасауды, ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатып, экспортқа шығаратын олардың түр-түрін көбейту, бидайға балама бола алатын, рентабельділігі жоғары дақылдарды енгізуге талап етеді. Солтүстік Қазақстанда майлы дақылдардың егіс көлемін үлғайту оңды: күнбағыс Павлодар және Қостанай облыстарында, рапсты — Солтүстік Қазақстан және Қостанай, қышаны — Ақмола және Қостанай, қышаны — Ақмола және Қостанай, тары мен қарақұмықты Павлодар, Қостанай және Ақмола, қара бидайды — Ақмола, қара бидайды — Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының таулы және орманды дала аймақтарында мал өсіруге болады.
10. Еліміздің халқының мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұранымын қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды малдың генетикалық әулетін пайдалану, мал санын көбейте отырып, оны зоотехникалық норма бойынша жемдеуді қамтамасыз ету есебінен өнімділігін арттыру қажет.
Ірі қара шаруашылығын дамыту фермерлер шаруашылықтарына, олардың мамандануына, интенсивті технологияны тиімді пайдалану мақсатында мал санының оңтайлы шоғырландырылына бағдарлануға тиіс. Келешекте шошқа шаруашылығы мен құс шаруашылығы, индустриялық негізде (құс фабрикалары, шошқа кешендері), өнеркәсіпте өндірілетін құрама жемді пайдалана отырып, дамытылуға тиіс. Қой шаруашылығын, ешкі шаруашылығын, жылқы шаруашылығын кез келген түрінде табиғи жайылымдарды барынша толық пайдалан отырып, дамыту керек.
11. Кеңшарлар мен ұжымшарларды тарату процесінде ауыл түрғындарының елеулі бөлігі өзіне тиесілі жер үлесін сатудығ, сыйға тартудың, қүрылтай жарнамасы ретінде мерзімсіз пайдалануға берудің нотижесінде оған деген өз қүқығын жоғалтты. Түрғындардың бір бөлігі ауыл шаруашылық өндірісі көлемінің қысқаруы салдарынан жүмыссыз қалды. Осылардың салдарынан ауылда жерсіз және жүмыссыз шаруалар көбейді. Енді ауыл шаруашылығында жүмыс атқаратын халықтың саны 80-ші жылдарға қарағанда 2-3 есе аз болады деп кесіп айтыға болады. Бұл жағдай ауыл қоғамындағы қалыптасқан әлеуметтік қатынастардың үйлесімін бұзады. Қала болса, ауыл жүмыссыздарын өз бойына сыйдыра алмайды. Еңбекке жарамды ауыл түрғындарының жүмыстар босаған бөлігіне жаңа жұмыс орындарын құру керек. Бұл ауылда қызметтің ауыл салаларға инвестиция жұмсау ісіне жеңілдік жасауды көздейтін өндірісті іріктеп қолдау әдістерін қолданудың аясын кеңейту орынды.
9. Бәсекелестік жағдайында өндірілетін өнім көлемін көбейту ерекше маңызға ие болуда. Өнім көлемін көбейту экономикалық дағдарыстардың теріс әсерін кемітеді, олардың салдарын жұмсартады. Нарықтық қатынастар жағдайы дақылдарды іріктеп өсіруді, бір дақылмен шектелмей, шаруашылығы емес түрлерін де дамыту, мәселен, ауыл шаруашылық шикізатын бастапқы ұқсатуды, қолөнер кәсібін, қосалқы өндірісті, тұрмыстық қызмет көрсетуді дамыту жолымен ғана мүмкін. Бұл үшін төмендегі шараларды атқару керек: ауылды жерде өз бизнесін бастаған, сөйтіп өзін өзі жұмыспен қамтығандары 3-5 жыл мерзімге салықтардан босату; жеке адам, отбасы және цехтық қол өнерін дамытқан кәсіпкерлерге алғашқы кезде шағын несиемен қолдау көрсету; кәсіпкерлікке, бизнеске, жоспарлауға, несиеге қалай қол жеткізуді үйрету; қол өнер бұйымдарының тұрақты базарын құру; ауылдық шағын бизнеске әкімшілік тарапынан қолдау көрсету.
жердің мемлекеттік есебін жүргізу;
жерді пайдалану мен қорғауға бақылау жасау;
жер үшін ақы алынуын ұйымдастру;
жерді иеленушілер мен жерді пайдаланушылардың құқығын қорғау.
Жерге байланысты өзгерістерді және жер реформасын жүзеге асыру барысында республика аумағында барлық селолық елді мекендердің шекарасы белгіленіп, анықталды. Жерді қайтадан бөлу нәтижесінде олардың шекарасына бүрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындары жерлерінің құрамынан 16 миллион гектардан астам жер қосымша енгізілді.
Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда қабылдаған ел Конституциясында жерге жеке меншік танылды. Жерді жеке меншікке берудің негіздері, шегі және шарттары Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 22 желтоқсандағы заңдық күші бар «Жер туралы» жарлығымен белгіленді.
Жаңа жер қатынастарының қалыптасып, дамуы жағдайында оларды реттеу мәселесіндегі мемлекеттік басқарудың селолық органдарының рөлі айтарлықтай өсті. Олардың өкілеттігіне жоғарыда аталған жарлықпен өздерінің қарамағындағы аумақта мемлекеттік меншіктен жеке меншікке жер учаскесін беру, басқа да бірқатар мәселелер енгізілді.
Қазіргі кезде республика аумағында жер қатынастарын реттеу 2001 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл (село) округі Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық бөліну жүйесіне енеді. Ауыл округінің аумағында мемлекеттік басқару ісін әкімдер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңы мен басқа да заң актілерінде белгіленген өкілеттігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл округі әкімі жер заңымен белгіленген өзінің құзыры шегінде өз қарамағындағы аумақта жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.