ЖОСПАР
Кіріспе …….3
1 Тарау .Ауыл шаруашылығының дамуы және оның экономикалық рөлі…….5
1.1.Аграрлык реформа және Ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық………5
1.2 Ауыл шаруашылығын қаржыландыру тетіктері………9
1.3.Агробизнесті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі……..12
2.Тарау. Ауыл шаруашылығының дамуының қазіргі жағдайы…….17
2.1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын талдау ………17
2.2. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудағы негізгі мәселелер……19
Қортынды……….28
Қолданған әдебиеттер тізімі ………..30
Кіріспе
“ … Қазақстанда тарихи , әсіресі әміршіл экономика дәуірінде , адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да , әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді . Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды .
… Мемлекеттің күллі қаржы – экономикалық саясаты , соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс “
Н. Ә. Назарбаев .
Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды . 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс – шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып , ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстардың қалыптасуына себеп болды . Осы бағыттар аясында ауылдың ең бір елеулі проблемаларын игеруге орай , мына мәселелерге аса көңіл бөлінді .
— жергілікті әкімшілік нарықтық қатынастарға араласудан шеттету .
— жеке меншік пен тиесілі бөлістерді заттай айқын , күмәнді жеке шаруашылықтарға жекелендіру жүргізу .
— банкроттық тетіктері арқылы ауыл экономикасын сауықтыру .
— ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандату .
— азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының , басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту .
— 25-30 мың теңге көлемінде кіші кредиттер үлестіру . Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін , заңда тиым салынбаған кез – келген бизнеспен шұғылдануы үшін , өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдацда қалған кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз етуге .
— тікелей отандық және шетел инвестицияларын тарту .
— фермерлерге өнімдерін өткізуге жәрдем көрсету .
— сумен жабдықтау және иррегация проблемаларын шешу .
— барлық министрліктер мен қорлар желі бойынша ауыл проблемаларын басымдықпен қаржыландырылуының қадағалау .
Осы мәселелер қарастырылған . Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр . Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 миллиард теңге қаржы бөлінсе , соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып 57,5 миллиард теңгені құрады .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл саланы тиімді бизнес көзіне айналдырып , оған инвестициялық ағымдарының құйылуына оң жағдай туғызды . Өткен жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 милиярд теңге құйды . Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып іріленген өндіріс құрылымдары қанат жаюда . Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайданың мөлшері 20 миллиярд теңгеге артты . Ауылдағы әлеуметтік саланың даму мәселелеріне де аса назар аударылуда . Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы әлеуметтік дамудың нормативтік негізі қалыптастырылып , оның мониторингін жүргізу жұмыстары жүзеге асты . Осы бағдарлама бойынша ауылдық әсерлердің әуеуметтік мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан бағытталған 51,3 милиярд теңгенің игерілу жұмыстары қадағаланып сарапталды .
Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты . Мемлекет басшысы атап өткендей , ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дмуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр . Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ауылға қолдау көрсету үшін қабылданған үш жылдық бағдарламаның алғашқы жылы 2003 жылы 534 миллиярд теңге болса , 2005 жылы 693 миллиярд теңгеге өсті . Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ доллорына өсті . Азық – түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2003 – 2005 жылдары 90 миллиярд теңге бөлінді .
Оң жетістіктермен қатар , ауыл шаруашылығында әлі де болса көптеген шешілмеген проблемалар да бар . олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімділік пен тиімділікті арттыруға , соған сәйкес селодағы табыстардың өсуіне кедергілер келтіруде . Осы және басқада проблемаларды шешу қарастырылған .
Ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек , қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.
“ Ауылым – алтын бесігім “ деген сөз бәрімізге жарыса айтылатын қанатты сөзге айналғалы қашан . Шындығында ауыл – қазақ рухының , дәстүрлі шаруашылығының алтын бесігі . Ендеше ауылды түлетуді , ауыл шаруашылығын өркендетуді өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету деп түсінген жөн . Сол ауыл мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған еңселі міндеттеріне сәл де болса өзімнің зерттеу жұмысымда талдап , үлесімді қоссам деймін . Ауылдың өркендеуі – халқымыздың өркендеуі . Олай болса мен елімнің ертеңі үшін сеніммен қараймын .