Аудитті құжаттау және аудиттің сапасын бақылау курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. АУДИТТІ ҚҰЖАТТАУ — АУДИТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
1.1 Жұмыс құжаттарының мәні, мақсаты және мазмұны
1.2 Құжаттарға қойылатын талаптар, олардың толтырылуы және пайдаланылуы
1.3 Аудитті құжаттаудың шетелдік тәжірибесі

2. АУДИТ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
2.1 Аудиторлық фирма қызметінің сапасын бақылау
2.2 Аудит жүргізу кезіндегі аудит қызметінің сапасын бақылау
2.3 Аудиторлық қызмет көрсету нарығының сапасын бақылау мәселелері

3. АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстандағы аудиторлық қызметтің даму бағыттары және оны жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б

КІРІСПЕ

Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. Және 1993 жылы аудит «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заңның қабылдануымен өзінің дүниеге келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру мен аудит жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру керек.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:

— осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;

— қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығымен;

—    ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;

—    ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.

Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.

Аудитті жүргізу барысында қаржылық есептегі ақпараттың дұрыстығын растау үшін аудиторлық дәлелдемелер қолданылады. Менің курстық жұмысым осы аудиторлық дәлелдемелерге арналған.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек. Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарлату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Сонымен курстық жұмыстың мақсаты аудит қызметін орындау барысында аудитті құжаттаудың және оның сапасын бақылаудың экономикалықтеориялық жағынан қарастыра отырып, аудит қызметін оңтайландыру жолдарын көрсету.

Тақырыптың өзектілігі: аудиторлық қызметті жетілдіру және нарықтық экономика жағдайын бейімделу жолдарын қарастыру.

  Курстық жұмыс / 39 бет