Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты төрт тізбекті бөлімнен тұрады:
- Негізгі постулаттары.
- Жалпы стандарттары.
- Жұмыс стандарттары.
- Есеп беру стандарттары.
Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.
Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:
- тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық қызметтің стандартына сәйкес әрекет етуі керек.
- Аудиторлық органның еш қоспасыз өз пікірі болы және тексеру барысында пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес бағалаы керек.
- Қоғамдық сала өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді, олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық шаруашылық опрацияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.
- Есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің дұрыс жүргізілуімен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер және басқа мәліметтер мазмұнының толық болуымен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді.
- Басшылықпен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандартарын таратуға кепілдеме беруі керек.
- Есеп берулердің стандарттарын дәйекі түрде, яғни тізбектілікпен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізу керек.
- Ішкі бақылаудың барабарлық жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.
- Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан жақты бағалауда қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат етеді.
- Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және басқада нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.
- Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек.
- Тексеруші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүддделерінің қарама қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек.
- Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығаруы жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін пайдаланылғанын ескертіп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.
Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
— даярлығы
— құзіреттілігі
— тәуелсіздігі
— ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.
Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.
Олардың құрамына мыналар кіреді:
— аудиторлық тексеруге дайындалу
— қадағалауды жүзеге асыру
— анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау
— ішкі бақылаудың жағдайын бағалау
Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.
Мақсаттарымен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда жасалады:
ü Қорытынды – қаржылық тексерулердің нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы.
ü Есеп беру – шаруашылық қызматтерін тексеру бойынша аудитордың тұжырымы.
ü Хат – ұйым басқарушылары үшін.
ü Ескерту – шағандау фирмалармен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.
Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру, құрылымдық кеңестер беру, болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.
Есеп берулерде келтірілген ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс қимылмен қамтамасыз етілуі керек.
Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.