Ауа шаңмен, су бормен ластануда туралы қазақша реферат
Соңғы жылдары облыста мұнай-газ өнеркәсібі күрт дамып келеді. Көмірсутекті шикізатты барлау, өндіру, тасымалдау қарқыны артып отыр. Рас, оның экономиканың маңызды секторы екені де сөзсіз.
Алайда, экологиялық және қоршаған ортаны қорғау нормативтерінің сақталмауынан табиғи ортаға келтіріліп отырған залал орасан зор. Қазір облыста 240 шақырым магистральді және өнеркәсіптік мүнай және газ құбырлары пайдаланады, 31 обьекті жұмыс істейді. 2001 жылы бес кен орнынан мүнай өндіріліп, ол өткен жылы он екіге жетті.
Тек «Үлы қабырға» Қытай Қазақстан бірлескен кәсіпорны өткен жылы ғана 70 жуық скважина пайдалануға берді.
«СНПС-Актобемүнайгаз» акционерлік қоғамы, «Қазақтүрікмунай», «Қазақойл Ақтөбе», «Майерс Ойл Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты табиғат пайдаланушылар да қоршаған ортаны қорғаудың бірқатар принципі мәселелері әлі күн тәртібінен түсер емес.
Мүнай өндіретін жерлерде экологиялық жағдай өте ауыр. Шағын
өзендерді, су жинақталу алабын мүнай өнімдерімен ластау тыйылмай келеді. Ойыл, Ембі, Темір, Атжақсы, Ойсылқара өзендерінің сулары осылай ластанғаны аныкталды. Су қорғау заңдылығын бүзған «Қазтрансойл» жабық акционерлік қоғамы, «Октябрскмүнай», «Кеңқияқмүнай» мүнай-газ өндіру басқармалары, «КапРС», «¥лы қабырға», «Казтрансгруп» жауапкершілігі серіктестіктері күрылды. Мемлекетік экологиялық бақылау серіктестік басшыларының кәсіпорын аумағында қарапайым санитарлық нормаларды сақтамайтындығын анықтады. Мүнда технологиялық талаптар сақталмағандықтан күкірт қышқылының жерге төгілу, ауаға онын буының тарап, күкірт газының шығу деректері анықталған. Қоршаған ортаны қорғау ережелерін бүзған серіктестік директорына 5 мың тенге айып салынып кәсіпорынға 75519 тенге талап қойылғанымен күкірт қышқылын шығаратын цехтың жүмысын тоқтатуға сот шешімі шыққанымен, экологтарды мазалайтын тағы бір меселе бар. Экологтар ондаған жылдар бойы осы бір өндіріс қалдықтары жинақталып қалған экологиялық жағдайы қолайсыз ауданда ауаны, топырақты және суды ластайтын тағы бір кәсіпорынның пайда болуына алаңдаулы.
Облыста өндірістің осуі жүк тасымалдаудың және көлік санының артуына соқтырады. Бүл да Ақтөбе қаласындағы өткір экологиялық проблема болып табылады. Қазір Ақтөбе республикадағы ауа бассейні анағүрлым лас 5 қаланын бірі болып отыр. Қаладағы 38 мың автокөліктер өткен жылы ауаға тарайтын барлық зиянды заттардың 57 процентін шығарды. Бүл «Феррохром» сияқты ірі ауа ластаушы кәсіпорыннан жеті есе көп шығарады деген сөз.
Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде экономиканы дамыту табиғат қорғау заңдылықтары ескеріліп, кешенді шешілуі тиіс деп атап көрсетілді.
Қоғамдық экологиялық топтардың әлсіздігі, аздығы оларға оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік бермеуі былай түрсын, табиғат қорғау идеясын аяқасты етуге дейін жеткізіп жүр. Өткен жылы 537 құжат экологиялық сараптамадан өткізілді. Бұл бағытта ілгерілеу бар. Бұл қала күрылысы, жобалары, халық шаруашылығы обьектілері зиянды заттарды шығарудьң шектеулі жобалары, экологиялық төлқұжаттар және басқалары.
Осы кезеңде 2300 тексеру жүргізіліп, 2700 ереже бұзушы анықталды. 420 Қаулы шығарылып, табиғат қорғау ережесін бұзушылар 8 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, келтірілген 15,5 млн теңге зиянның орнын толтыруға 43 қаулы алынды.
Өткен жылы қоршаган ортаньң сапасына аналитикалық бақылау жасайтын лаборатория пайдалануға берілді. 2005 жылы табиғат пайдаланушыдан ауаны ластағаны үшін алынатын болжамды қаржы 854890,4 орнына 864750,5 теңге күрылды.
Соңғы жылдардьң ауыртпалықтарына қарамастан табиғат қоргау жүиесі алға қойылған міндеттерді жүзеге асырып келеді. Өзі өмір сурген 15 жыл ішінде жүйе кәсіби қалыптасып, қызметкерлер техникалық, экономикалық, үйымдық әкімшілік әдістер мен қүралдарға дағдыланды.
Ақтөбе облысының 300 мың шаршы км-ден астам кең аймақты алып жатыр. Оның жан-жануарлар және өсімдіктер дүниесі бай. Ақтөбе облысының аумағы теңіз деңгейінен 200-ден 260 метрге дейін биіктікте орналасқан.
Еуро-Азия күрлығыньң орталығында, теңіздер мен мүхиттардан қашыкта орналаскан.
Аймақ ауа-райы шүғыл континентті, температурасы ауытқымалығымен сипатталады. Қысы қатал, жазы ыстық. Жауын-шашыны жеткіліксіз, ауа ылғалдылығымен темен. Жазда Орта Азия мен Ираннан кұрғак, ыстық леп үрса, Оралдан солтүстіктің суьқ желі соғады.
Ақтөбе облысының Қазақстанның шөлейт аумағына жатады. Өзендер мен жылғалар негізінен қыста түскен қар суынан нәр алады. Су көзінің негізін көктемгі қар суы қүрайды. Жазғы-күзгі және қыс маусымдарында көптеген шағын өзен-сулар мен жылғалар тартылып, қатып қалады. Гидрографикалық жүйесін негізінен жеті өзен қүрайды: Ор, Елек, ¥лы Қобда, Ойыл, Сағыз, Ырғітз, Жем.
Ақтөбе облысы экономикасыньң даму деңгейі жоғары дәрежеде. Көптеген кен орындары, мүнай, газ, хром, мыс, титан, фосфор, калий, түздарының қорлары ашылған. Жергілктік қажеттілік қолданысында көмір кен орны да бар.
Табиғи қорлары мен мамандандырылған салалары бойынша облыс 3 аймаққа бөлінеді.
1. облыстьң солтүстік бөлігі-индустриялық аграрлық, онда тау кен өндіру, металлургия, өндірістік машина күрылысы саласы және жер өңдеу;
- Тау-кен өндіру аграрлық орталық мүнай, газ өндіру, жер өңдеу. мал өсіру;
- Облыстьң оңтүстік бөлігі мал шаруашылығымен айналысады, онда қой,
жылқы, түйе өсіреді.
Аумақтьң әлеуметтік-экономикалық салаларындағы оң өзгерістер, сөз жоқ, қоршаған табиғи ортаға эсер ететіні мәлім. Әлеуметтік экономикалық салалардағы қиындықтарға қарамастан қоршаған ортаны қорғау саласында да, оның жағдайын тұрақтандырып және жақсартуға бағытталған көптеген шараларды жүзеге асыруда. Өткен жылдар ішінде облыста табиғатты қорғау шараларын инвестициялауға бағытталған көптеген шаралар атқарылды. Дәлірек айтсақ, табиғатты қорғау шараларына жүмсалған қаржының басым бөлігі соңғы 2-3 ж.ж толық игерілді. Облыс бойынша 1999 ж. табиғатты қорғау шараларына 200,9 млн тенге пайдаланылса, оның ішінде республикалық бюджеттен Елек өзенін 6 валентті хромнан қорғау шарасына 10 млн теңге бөлінсе, қалғаны мемлекеттің өз қаржылары болып табылады. Қаржылардың қомақты бөлігі 168.9 млн теңге «Ақтөбемүнайгаз» АҚ 8 млн теңге «АХКЗ» АҚ 4,6 млн тенге, Ақбүлак» 6,6 млн теңге «Феррохром» АҚ жүмсалды.
2006 ж. Елек өзенін 6 валентті хромнан тазарту мақсатында республикалық бюджеттен 8 млн теңге Ақтөбе қаласында қатты түрмыстық қалдықтар полигонын жобалауға жергілікті бюджеттен 5 млн теңге бөлінді. Табиғатты қорғау шараларында «Ақтөбемүнайгаз» АК-7,8 млн теңге игерілді.
Ақтөбе қаласында атмосфера ауасында зиянды заттардың мөлшері көп
орайда белгіленген нормадан жоғары екендігі байқалды. Негізінен азот
диоксиді мен формальдегид зиянды заттары бойынша оларды тәуліктік
орташа концентрациялары түрақты түрде ауытқытатындары болып отыр.
Биылғы жылдың 9 ай ішінде азот диоксидінің ШБК 1,25 формальдегидтің ІЫБК-4 қүрады. Бүл орайда негізінен ластаушылар қатарына энергетика мекемелері, металлургия және көздері жинақталған. Олардьң ішінде 266 радиоактив көздері көмуге жатады.
Облыс аумағында миллиард тоннадан астам өндірістің катты қалдықтары жинақталған, соның ішінде аса кауіпті қалдықтар да бар. Атмосфераға зиянды заттарды шығарудың басым бөлігі автокөлік үлесіне тиеді.
Атмосфераға зиянды қалдықтарды шығарудың улкен бөлігі автокөліктер үлесіне тиеді. Ақтөбе қаласында автокөлік ауаны ластауға қатты эсер етіп отыр.
2004 жылдың 1 каңтарындағы облыстың аң аулау алаңы-29900,0 мың гектар күрады. Жер бедеріне қарай далалық және шөлейт жерлер тән. Облыс аумағында сүтқоректі жануарлардың 62 түрі, қүстардың 214 түрі бар, оның ішінде сүтқоректі жануарлардың 10 түрі және 35 түрі ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген.
Жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің қазіргі жағдайы түрақты және айтарлықтай қауіп туғызбайды. Сонымен бірге антропогенді эсер салдарынан және бірінші кезекте рүксатсыз аң аулаушылардың көптігінен анағүрлым бағалы аңдар турлерінің саны қатты азайды. Мысалы,80-ші жылдары бүланның саны 150-170 бас болса, ал казіргі кезде он есе азайып, 10-15 ғана қалды, кабанның саны 50 процентке кеміді, оның мөлшері 800-1000 ғана.
Әсіресе, киіктін жагдайы, дабыл қағарлық. Үстірт тобының саны 80-жылдары 230-250 мың бас болса, казіргі уакытта 12-15 мыңга дейін кеміді.
20
Бетпақдала тобының саны облыс жөнінде жазғы уақытта 200-300 мыңга дейін жетіп жүрсе, қазір 2000-2500 басқа дейін азайды.
Бүл қүбылыстың негізгі себебі кәсіптік негізге қойылған жаппай браконьерлік болып табылады.
Көктемде биология институты жургізген есептің деректері бойынша Қазақстан аумағындағы киіктің саны 30,7 мың басты қүрайды, оның ішінде Ақтөбе облысында 18000 мың бас мекендейді.
Темір және Мүғалжар аудандарыньң аумағында мүнай шығаратын кәсіпорындар ТЫҒЫЗ орналаскан. Бүрғылау және ендіру қондыргыларының көптігі автотранспорттьң түрақты қозғалысы және адамдардың болуы жабайы жануарлардың көптеген түрлеріне осы аумақтан ауыл, мекендерін ауыстыруға, қозғалу жолдарын өзгертуге итермелейді.
Ақтөбе облысы республикадағы орманды алқабы аз аймақтың бірі. Мемлекеттік орман қорының жер алаңы 192,5 га қүрайды, оның ішінде орман жері-83,3 мьң га, ал орман жамылғысы-40,5 мың га немесе орташа республикалық алқаптың 4,2 проценті, облыс аумағының 0,13 проценті.
Облыс орманы негізінен Елек, Қарғалы, Ойыл және басқа да кішкентай өзендер бойында орналасқан. Облыс аумағында барлық ормандар қорғаныстық және топырақ қорғайтын, су сақтайтын, санитарлық-гигиеналық және басқа да пайдалы сауықтыру міндеттерін атқарады. Орман түзуші жыныстар-қайың, көк терек болып табылады. Өзен жайылымдарында қандыағаш және қарағаш кездеседі.
Облыс аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатқызылған, республикалық бірегей обьект-Торғай мемлекеттік қорығы бар, оның жалпы алаңы 348,0 мың га, ол — Торғай, Ырғыз, Үлқаяқ өзендерінің бірігуінен қүрылған сулы батпақты жер ретінде үлкен және кіші көлдердің барлығы 43 көл жүйесі табиғат қорғау. Халықаралық ЮНЕСКО тізіміне кіргізілген. Мемлекеттік орман қорының негізгі бөлігін орман өсімдіктері қүрайды. Қылқан жапырақты орман алаңы 464 га қүрайды, 2680 гектарда сексеуіл өседі. 1960 жылы Ақтөбе қаласын қорғау үшін қала айналасында 5900 га екпе ағаштары отырғызылған, олардың түрлері тым аз, негізінен ағаштардың қуаңшылыққа, түздануға, аязға шыдамды түрлері — қайың, көктерек, қарағай, үйеңкі егілді. Теміржол және автомобиль жолдары бойындағы жасанды орман жолақтары 26,0 га қүрайды. Екпе ағаштардың күтімсіздіктерінің орман өсімдіктерінің қүруына әкелді, ал қалғанының бойы аласа, қураған. Олар түрғындар демалысы ушін тартымсыз және оз мақсатына сәйкес келмейді.
2004 жылдьң 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қүрып кеткен орман осімдіктерінің алаңы 262 га қүрайды.