Атом бомбасы және КГБ туралы қазақша реферат
Жақында ғана АҚШ-та жарық көрген Кеңес мемлекеттік қауіпсіздігінің бұрынғы генералы Павел Судоплатовтың «Особые задания» естеліктер кітабындағы «Атомдывқ шпиондар» мақаласы батыста шу көтерді, өйткені бұнда америкалық атом бомбасы жөнінде кеңес барлаушыларының жетісті туралы айтылады. Батыс комментаторларына мына жайт қызуғышылық туғызды: Судоплатов НКВД үшін «ақпарат көздері» ретінде атақты ғалымдарды – Роберт Огенгеймер, Энрико Ферми, Нильс Бор, Лео Сицилард және Георгин Гамовты атады, бірақ та бұны ешбір құжаттармен нақтыламаған.
Біріккен шпиондарға емес…
Ресейдің көптеген журнелдары мен газеттерінде басылған бұл кітаптың үзінділері Ресейде де шу шығарды. Бұл алдында жарық көрген кеңестік атом жобалары туралы көптеген кітаптар мен мақалаларда шапшаң құрылған «атомдық қалқанда» шпионаж рөлі айтылмауы арқылы түсіндіріледі. Барлық еңбек кеңес физиктері мен мемлекет қайраткерлеріне – Игорь Курчатов пен Авраам Завенягинге тиесілі делінген. Тек, КСРО ыдырағаннан кейін ғана құпия мұрағаттар анықталғаннан соң, кеңестік барлау жорыққа шыға бастады. Судоплатовтың кітабы шыққанға дейінгі 2 жыл ішінде кеңестік уран жобасы Л. Берияның Сталинға жазған баяндама хатымен басталғаны белгілі болды, бұнда АҚШ-тағы урандық бомба ісіндегі прогресс жөніндегі агентураның нақты деректері айтылады. Осы хат бойынша Курчатов және тағы басқа ғалымдар қорытынды жасап, Сталинградтық шайқастың қызған шағында осы проблема жөніндегі арнайы комитет құрылды. Сондай-ақ қазіргі кезде бірінші уран реакторы америкалықтың көшірмесі болғаны оның схемасын Энрико Фермидің көмекшісі Бруно Понтекорво (1951 ж Понтекорво КСРО-ға қашып, қазір Дубнада қызмет етуде) кеңестік агентураға бергені белгілі болып отыр. Сыналған алғашқы Кеңес атом бомбасы да, Лос-Алмоста британдық физиктер тобында қызмет Клаус Фукстың Кеңес барлаушыларына берген американдық плутонийлік бомба схемасы бойынша жасалған.
Ал егер де кеңестік атомдық және термоядролық қару тарихына шынайы тұрғыдан қарайтын болсақ, онда КСРО-ның «атомдық қалқанды» жасау кезіндегі басқа да маңызды фактор болғанын мойындау керек. Бұл жөнінде физиктердің өздері мен НКВД шпионажының магистірлері үндемеуді жөн санайды. Бұл факторлар зерттелусіз қалумен қатар байқаусыз қалып отыр. Бұның ішінен мен Сталиннің атомдық ғылыми және өнеркәсіптік объекттер құрылысына және уранды өндіруге миллиондаған тұтқындарды дайындау қылмысын айрықша қарастырар едім. Міне, нақты осы адамдар атомдық басқармалар диретивасы және ғалымдардың ұсынған жобалары негізінде, күні-түні жол, лабораториялар, тұрғын үйлер, клубтар және ғалымдар, инженерлер мен НКВД қарауылдық қызметіне керек инфрақұрылымдарды салу үшін шөлдерге, далаға, орман-тоғайларға және тауға бірінші болып жеткізді. Осы мақсатта ГУЛАГ-та Берия мен оның орынбасары Завенягиннің қарауындағы «ерекше арнаулы лагерьлердің» (ЕАЛ) ерекше құпия жүйесі құрылған. ЕАЛ-дың ерекше құпиялылығы сонша, ол жөнінде куәгерлерге өте аз, бұл лагерлердің сипаттамасы не Александр Солженицинның, не Сталиндік репрессияны жазған басқа авторлардың кітабында кездеспейді.
Кеңестік атомдық бағдарламаның басқа да шынайы факторы ретінде Шығыс Германиядан КСРО-ның арнайы лагерьлеріне аударылған неміс ғалымдарының зорлықпен істеткен зерттеулерін айтуға болады. Бұл ғалымдарға нақты істерді шешкен кезде ғана бостандық қайтарылған.
Атомдық ГУЛАГ
Қазіргі кезде атақты Арзамас – 16 атомоградында 1947 жылдан бастап жұмыс істеген Виктор Жучихин бұл «объекттің» алғашқы периодына былай сипаттама береді.
«Объектінің қоныстанылған бөлігінің орталық көшесінің оң жағында проекттің жетекшілеріне арналған коттедждер орналасты. Көшенің сол жағында екі қатарда лаборатория мен бөлім басқарушыларына арналған екі пәтерлі үйлер тізілді. Орталық көшенің сол жағында тұтқындар лагері орналасты. Тұтқындар алғашқы кезде өнеркәсіптік және үй құрылыстарының жалғыз жұмыс күші болды».
Арзамас – 16-да өскен, осындағы бір қызметкердің ұлы ретінде Борис Швилкин атомградтың жанында «он мыңдаған тұтқыны» бар лагерлер орналасқанын куәландырады.
Андрей Дмитриевич Сахаров сутектік бомба жұмыстарын бастау үшін 1949 ж Арзамас – 16-ға келді. Оның сипаттамасы: «Объект қазіргі замандық ғылыми-зерттеу институтының, тәжірибелі зауыттардың, сынақ полигоны мен үлкен лагерьдің симбиозы ретінде болды. Тұтқындар қолымен зауыттар, сынақ алаңдары, жолдар, болашақ қызметкерлер үшін тұрғын үйлер салына бастады. Ал олар өздері барақта тұрды, жұмысқа конвойдың қарауымен келіп жүрді».
А.Д. Сахаров сондай-ақ оның келтеніне дейін болған 30 тұтқынның РБА (генерал В. Власовтың Ресейлік босату армиясы) ұйымдастыруымен жасалған көтерілісі және қашуы туралы сипаттама береді. Қашқындарды үлкен ауданды қамтып, авиацияны қолданған ІІМ-нің үш дивизиясының әрекеті арқлы ұстап, көздерін жойды.
«Мүмкін, — деп жазды Сахаров – қашқындарға косылмағандар да атылған шығар… Осы көтерілістен кейін объекттегі тұтқындар құрамы өзгерді – ұзақ мерзімге отырғандар кетіріліп, оларды қысқа мерзімділер алмастырды. Бірақта басшыларда тағы бір проблема болды – үлкен құпия саналатын объектінің орналасқан жерін білетін босатылғандарды қайда жіберу керек. Басшылар бұл проблеманы заңсыз, аяусыз тәсілмен шешті – босатылғандар ешкімге ештеңе айтпас үшін, олар мәңгі Магаданға қоныстандырлды. Осындай қоныстандыру акциясы екі немесе үш рет болды, соның бірі 1950 жылдың жазында».
Қазір анықталып отырғандай, кеңестік бірінші термоядролық және атомдық бомбалар осы Арзамас-16-да дайындалды. Бұл қала термоядролық және атомдық қаруды жасаудың басты орталығына айналды. Бірақ та бұл бомбалар үшін плутонийлік заряд, кейінде Челябинск – 40 атымен белгілі болған, Кыштыманың жанындағы басқа атомградта дайындалды. Бұл құпия объектінің құрамында өнеркәсіптік урано-графиттік реакторлар, жанған ураннан плутонийді бөлетін «Маяк» радиохимиялық завод, концентрлік радиоактивтік қалдықтардың жерасты қоймасы болды. Объекттен 10 км жерде табиғаты әсем үш көлдің арасында қонысты поселок салынды. Өнеркәсіп Солтүстік-Шығыс бағытта тұтқындар лагері кешендерімен түйісіп жатты. 1977 ж АҚШ-тың орталық барлар басқармасы ЦРУ-дағы 1957 ж болған «Кыштыма авариясы» туралы құжаттардың кейбіреуін ашты. Бұл құжаттардың фотокөшірмесі, Нью-Йоркте 1979 ж шыққан менің Уралдағы ядролық катастрофа жөніндегі кітабымда келтіріледі. ЦРУ-да құрастырылған объектінің тарихының, сипаттамасының бейнесі мынадай: «1945 жылдан бастап Кыштымадан Солтүстік – Шығысқа қарай 15 км жерде үлкен атом зауыты мен жұмысшы поселкесі салына бастады. Бұл зонада немыстермен бірге еңбек еткен генерал Власовтың 25000 солдаты жұмыс істеді. Бұл адамдар тұтқындар ретінде қарастырылып, жұмысшы батальонға біріктірілді. 1956 ж бұлардан басқа сондай-ақ 60000-дай тұтқын еркектер мен әйелдер жұмыс істеді».
1993 ж ЦК КПСС-тің полит бюросының құпиясы ашылған құжаттарының арасынан 1937 жылдың қыркүйегінің соңында Челябинск-40-та болған авария туралы орта машина жасау министрі Ефим ПАвлович Славскийдің баяндама хаты табылып, баспаға шығарылды. Министрлігі барлық объектілерді біріктіріп отырған Славский партия лидерлеріне авария жағдайы және оның тигізген әсерлері жөнінде ақпараттар беріп отырды. Радиоактивті қалдықтар қоймасындағы № 14 бактың жарылуы нәтижесінде қоршаған ортаға 20 млн-дай радиоактивті зат – кюри шығарылды. «Бұл зонаға әскери құрылыстық бөлімдердің қонысы және тұтқындар лагері кірді. Зардап шеккендер жоқ».
«Ресейлік газеттің» «Уралдық із» деген журналистік зерттеуінде жарылыстан 10 күннен кейін ешқандай ескертусіз жарылыс зонасынан тұрғындарды зорлықпен эвакуацияландырылғаны туралы деректер келтіріледі. Бірақ та, тұтқындарға деген қимыл әрекет тіпті қатал болды. Олардың шашын алып, киіндіріп машинаға мінгізді. Оларға ештеңе, тіпті жазба кітапшалары мен туысқандарының фотоларын алуға рұқсат болған жоқ.
Чернобыль авариясы және радиациялық авариядан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету туралы заң шыққаннан кейін, орталық және жергілікті билік органдарына 1957 жылғы Челябинск-40-тағы авариядан зардап шеккен азаматтардан өтініштер түсті. Олар өз денсаулығына тигізген шығындарға компенсация сұрады. Сол журналистік зерттеудің авторлары «Жоғарғы Кеңеске түскен жүздеген зардап шегушілердің жолдауларында, бірде – бір тұтқынның жолдауы жоқ. Олардың тағдыры және олардың ден саулығы туралы да ештеңе белгісіз. Ал негізінде олар бәрінен де көп зардап шеккен сияқты» деп таңданыс білдіреді.
Лагерді күзетуші әскерилердің және өнеркәсіптік объекттер тағдыры тұтқындар тағдыры сияқты қараусыз қалған жоқ. 1957 жылғы 19 қазандағы ІІМ-дегі бұйрық бойынша радиоактивтік ластануға душар болған барлық құрамға алғыс білдірілген. Айрықшаландарға медальдармен, ақшалай сыйлықтармен қошемет көрсетілді. Сәулеленуге барлығы 1007 әскери қызметкер душар болды. 50 рентгеннен жоғары сәуле әсер еткен 12 әскери госпитальға жатқызылды, 10-нан 50 рентгенге дейін сәуле әсер еткен ІІМ-нің 63 солдаты медициналық бақылауда болды.
1949-51 жылдары КСРО-да толық циклды өндіруші және зерттеуші, екінші параллель өнеркәсіптің ғылыми орталық автономдық жүйесі жасалына бастады. Атомдық арсеналдар өсті, бірақ Сталин конфликт болған жағдайда американдықтардың КСРО-ның Оралдағы және Европалық бөлігіндегі атомдық орталықтарына соққы жасауынан қорықты. «Қырғи-қабақ соғыс» қызды және Кореяда Қытайдың қатысуымен соғыс басталды. Сол себептен параллель жүйе негізінен жоғары деңгейлі қорғанышты болып, Сібірде салынуы жоспарланды. Өнеркәсіп жердің терең қабатында және таудың жарларындағы жыныстардың арасында орналасты. Параллель жүйенің нағыз өндіргіш орталықтары Томск-7 және Красноярск-26 атомградтары болды. Кейінірек бұларға қазір Челябинск-70 деп танылған жаңа объект қосылды. Мәскеу метросының құрылысының алаңы және күрделілігіне қарағанда әлдеқайда күрделі. Жылуы атомградтары мен оған жақын орналасқан облыс орталығының қонысты бөлігін жылытатын бес толық жетілдірілген урано-графиттік реактор таудың туннелінде салынған. Плутоний өндіретін екі радиохимиялық завод, уранды 235 изотобымен байытатын зауыт, радиоактивті қалдықтар қоймасы да салынды. Красноярск – 26-да тұрғын үйлердің бөлігі де жер астына салынды. Негізгі объекттердің құрылысы 1957 ж аяқталды. Тұрғын саны және қызметкерлер саны бойынша Сібір атомградтары КСРО-да ең үлкені болды (Томск-7-де 100 мыңдай адам қызмет етіп, өмір сүрді). Бұл объекттердің негізін қамаудағылар салды.
Осындай тәсілмен басқа да атомградтар құрылды. Черноголовкада жеделдеткіш – синхрофазотроны бар Европада сол кездегі ең үлкен атомград Дубна мен әлемде ең алғаш атом станциясы бар. Обнинск 1954 ж іске қосылғанмен, 1956 жылға дейін қамаудағылар лагері бар ғылыми институттың симбиозы болды. Қазіргі кезде бұлардың ГУЛАГ-тік құрылыстарын ГУЛАГ-тіктен кейінгіден оңай ажыратуға болады. Қанша жерден құрылыста және тұрғын үйлерімен қоса ГУЛАГ-тік құрылыстар мықты болып жоғарғы стандарт бойынша салынды.