Атмосфераны ластаушы көздер

Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан  бүкіл жер шары халықтары мен онда тіршілік ететін жануарлар, құстар және тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесі үшін ортақ байлық болғындықтан, оны ластамау, сапасын тіршілікке зиян келтірмейтін биосфераның құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам іс-әрекетінің нәтижесінде ондағы түрлі газдар және басқа қалдықтар бөлніп шығарлуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының газалық сапасын төмендетуде. Атмосфера адам үшін атқаратын қызметі орасан зор, Атмосфера бүкіл әлемді таза ауа мен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен, басқа химиялық элементтермен (О2, N2, СО2 және т.б.) байытады. Жер планетасын күн мен ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден, метеориттерден қорғайды, климатты, ауа райын, зат алмасу, энергия алмасу және т.б. іс-әрекеттерді, жалпы жер шарындағы тұрақтұлықты жоғары дәрежеде үйлестіріп отырады.   Адам кез келген қызметі жердің жалпы ресурсына әсер етеді.Бұл қызметтердің нәтижесінде жер ресурстары аяқталуы керек сияқты.Бірақ, жердің үнемі күн сәулесінен жаңа энергия алынатынын естен шығармау керек.

Адамзатқа орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себебі ауаның ластануы болып отыр. Атмосфера ауасының сапалық көрсеткіштері оның ластану дәрежесімен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың ШМК-сы қалыпты құрамынан өсіп кете сай келмесе, онда ондай ауаны ластанған ауа деп санайды.

Ластағыш заттардың негізгі көздері — өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және энергетика,  үй құрылыс комбинаты, асфальт зауыты, ауыр машина жасау зауыты  т.б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, қоршаған ортаны ластауды физикалық (шу, тербеліс, әр түрлі сәуле шығарулар) және химиялық (әр түрлі заттар: ауада-улы газдар және булар, суда және топрықта ауыр металлдардың иондары) деген екі түрін қарастырайық.

Таза ауа компоненттерімен атмосфераның негізгі ластағыштарын салыстыру үшін төмендегі кестелерге көіңл аударайық.

    Таза ауа компоненттері      

 

 

Компоненттер

 

Көлем бойынша,%

1

2

3

4

5

6

 

 

 

Азот (N2)

Оттек (O2)

Аргон (Ar)

Көмір диоксиді (CO2)

Озон (O3)

Гелий, метан, криптон және сутек

Суттектің мөлшері

78,08

20,94

0,93

0,03

0,00005

0,0002-ден аз неон

0,002-ден аз неон

Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының ЮНЕП деректері негізгі ластағыштар жылына 25 млрд т болса. Оларға:

 

 

Компоненттер

 

Көлемі бойынша млн.т/ж

1

 

2

3

4

Көмір диоксиді мен шаң-тозаң

Бөлшектер

Азот оксидтері (NxOy)

Күкірт диоксиді

Көмірсуттектер (C8Hy)

8000

 

60

200

80

Қорытынды.

    Барлығымыз білетіндей, атмосфераның кірленуі табиғатқа, халық денсаулығына нұқсан келтіреді. Осыған орай халыққа жанама нұқсан келтіру қазір ғана емес келешекте де орындалуы әбден мүмкін. Сондықтан келтірілген зияндықтың жалпы экономикалық мөлшерін де айту қиынға соғуда. Бірақ бұл жұмыс қазіргі кезде актуалді. Айтып кету керек, Қазақстан Республикасы дүниежүзілік Жер атмосферасына антропогенді әсерін азайту процессінің мүшелігіне қол қойды.

Атмосфералық ауаның ең негізгі кірлетуші көздері көмірсутекті жандырғыш заттармен жұмыс істейтін энергетикалық құрылғылар, жылуэлектрстанциялары, жылу энергетикасы және автокөлік қозғалтқыштары болып табылады.

Ал Алматы қаласының жыл бойындағы тұрақты, негізгі кірлету көздері ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған автокөліктер екені еш күмәнсіз. Олар ауа қабаттарына көмір диоксидін, азот кышқылдарын және тағы басқа зиянды заттарды тасымалдайды.

Алматы қаласының ауа бассейні сол бойынша кір күйінде тұрып қалғандығы белгілі, әсіресе қыс мезгілінде. Сол себепті бұл экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тек қана үкімет пен түрлі чиновниктер ғана емес, сонымен бірге қала халқы да жұмыс істеу керек. Егер халықтың өзі тазалыққа ұмтылмайтын болатын болса, онда үкіметтің істеген жұмысы ешқандай нәтиже бермейді. Сол себепті мен барлық осында отырған студенттер қауымын қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға шақырамын. Өзіміз өз қаламыз үшін күреспесек, онда бұл жерлерде тұрғандығымызды ақтамауымыз емес пе? Уақтында дүниежүзі қалаларының ең тазаларының ондығына кірген қаламыз қазір ең кір қалалардың ондығына кіріп отыр. Бұл есе өз кезегіне әр алматылықтың ашыну алып келу керек. Ал бұл жағдайдың болмауы ашынарлық болуда. Осы бағытта жүре берсек қайда, ол бізді қайда алып барар екен?

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 

1. Журнал ЭКОЛОГИЯ. Тұрақты өсу. қаңтар-ақпан 2005

2. Қазақстан Республикасының экологиясы. Нұрлы жол газеті. №15,9(12)

3. Гирусев Э.В «Экология и экономика. Природа пользования» – М: 2002

4. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.

5.http://news.nur.kz/183537.ht

6. http://www.inform.kz/kaz/article/

7. http://www.almaty.kz/page.php