Қазіргі кезде Алматы қаласының территориясында келесі аудандар бар.
1. Бес аудан автокөліктер отын жағатын құрылғылар мен өндірістердің шығаратын шығарындылары есебінен болатын топырақтың металдармен ластану деңгейінің интенсивтілігі (ластау коэффициенті әлсіз к3 <3; орташасы к3 =3-10; күшті к3= 10-30; өте күшті к3= 30-100; максималды к3> 100).
2. Төрт аудан техногенді шығарындылардың қоспасы мен ғарыштық шаңның ағыны нәтижесінде ауа бассейіннің техногенді шаңды ластайды (бірінші аудан орташа фондық шаңды жүктеме q1= 50…100 кг/км2 тәулікте; екінші -q2= 100…250 кг/км2 тәулікте; үшінші -q3= 250…1000 кг/км2 тәулікте; төртінші -q4= 250…500 кг/км2 тәулікте). Осыған сәйкес бірінші – Абай даңғылы және оған қарайтын кварталдар; екінші — өндірістік кварталдар кіретін Абай даңғылынан Райымбек көшесіне дейін; үшінші — өндірістік кварталдар кіретін Райымбек көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін; төртінші — өндірістік кварталдар кіретін Рысқұлов көшесінен бастап қаланың солтүстік шекарасына дейін.
3. Экологиялық қауіптілігі жоғары 6 аудан белгіленді; топырақ, қар, ауаның ластануы, шығарындылар құрамы, шаң, күйенің таралуы бойынша ластану көрсеткіштерінің комплексі бағаланады. Бірінші экологиялық қиын аудан машина жасау өндірістерінің шығарындыларымен байланысты («Поршень» зауыты, АЗТМ, электровагондарды жөндеу зауыты және төменвольтты аппаратура зауыты). Олар көп мөлшерде вольфрам, мыс, марганец, хром, жүздеген киллограмм қалайы, күміс, сынап, кадмий (10…100 фон) шығарады. Шығарындыларға қарағанда топырақ құрамында көптеген элементтер 10-15 есе кем кездеседі (молибден, никель, кобальт 50…100 есе кем). Алматы төменвольтты аппаратура зауыты қала атмосферасына өндірістік шаңдардың 8…23% -ын шығарады. Цехтарға жақын территориялар күміс, сынап қалдықтарымен (40 фонға дейін) ластанған. Бұл территорияларда автокөліктер есебінен – қорғасын, «Поршень» зауыты мен АЗТМ есебінен – сынап концентрациялары жоғары. Екінші экологиялық қиын ауданға «Асфальтобетон» КСМК – 3 және басқа да 10 кішігірім өнеркәсіп орналасқан территория жатады. Бұл ауданға күмістің аномалиялары тән, отындық мазуттың кең пайдалануының есебінен бүкіл аудан бойынша сынаптың жоғары концентрациялары кездеседі. Үшінші экологиялық қиын аудан Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысынан оңтүстік – батысқа қарай орналасқан. Мұнда фондық концентрациялардан 100 есе асатын қорғасын топырақ пен қар құрамында кездеседі (табачный комбинат); 10 есе асатын (тәжірибелі – механикалық зауыт); мыс (жөндеу – подшипниктік зауыт); сынап – «Электроприбор зауыты». Төртінші экологиялық қиын ауданға «Саяхат» автобекеті, «Эталон» зауыты, аумағындағы территорияларымен бірге полиграфкомбинаты жатады. Бұл ауданға (фондық концентрациядан 10…30 есе артық) сынаптың жоғары концентрациялары тән. Солтүстік бөлігінде автопарк территориясымен байланысты. Бесінші экологиялық қиын аудан Рысқұлов көшесінен солтүстікке қарай Сейфуллин мен Сүйінбай көшелерінің аралығында орналасқан. Мұнда ТЭЦ-1-дің шығарындылары шөгіліп, топырақ берилий, қорғасын және циркониймен ластанған. Алтыншы экологиялық қиын ауданға Алматы-1 теміржол бекетінің территориясы жатады. Мұндағы топырақ құрамында сынап пен кадмийдің мөлшерлері көп. Бұл аудандағы грунтты суларының кадмиймен ластануы ШРК-дан 6 есе артық.
Ерекшеленген жоғары қауіпті экологиялық аудандардың көлемі 17,5 км, бұл жалпы қала территориясының 10% құрайды. Бұдан басқа аудандарда да қиын экологиялық жағдай орналасқан. Мысалы: Розыбакиев көшесі – Тимирязев, Розыбакиев көшесі – Рысқұлов, Рысқұлов көшесі – Сейфуллин даңғылы және т.б. көшелер қиылыстарында.
Атмосфераның автокөліктер шығарындыларымен ластану деңгейінің тығыздығына байланысты Алматы қаласының территориясын түр бойынша бөлудің негізіне мыналар кіреді:
Жоғарыда айтылғандай қаланы үш позициядан экологиялық аудандарға бөлудің бағалау қорытындылары (топырақ ластануының n=5 деңгейімен қарқандылығы бойынша, техногенді шаңды жүктеу n=4 экологиялық қауіпті деңгейдегі аудандар n=6), олардың жағымды және жағымсыз жақтары мен концептуалды бөліну негіздері.
Қаланың аудандары бойынша транспорттық аудандардың қызмет етуінің деректі беталысы; практика және әртүрлі локалды бақылаулар;
Объектінің экологиялық жағдайын анықтаудағы бағалау:
Ластанудың комплексті индексі, жеке экологиялық ерекшеленген объектілер бойынша орташа статистикалық, фондық және болжаулы шығарындылар;
Алматы қаласын жеке аудандарға бөлу үшін қажетті жалпы көрсеткіштер (әртүрлі метеорологиялық және рельефті факторлар және де бұл аудандардағы халықтың тығыздығын есепке алғанда атмосфераның автокөліктер шығарындыларының ластану деңгейімен ерекшеленетін аудандар).
Қаланың қазіргі экологиялық жағдайын анализдеу қорытындысы бойынша метеорологиялық факторлар мен автокөліктердің үлкен ағындары және қарқынды қозғалысының нәтижесінде автокөліктердің орталық магистральдарында атмосфераны ластаушы концентрациялардың мөлшері жоғары болып, қаланың орталық бөлігінде ауа ағындарының пайда болуына әкеледі. Ал бұлар жақын жерде орналасқан кварталдардың кір ауасын сорып, қыста тұмшаның пайда болуына әсер етеді. Бұған қоса рельефті фактор-ауаның бір орында тұруына әкеледі (ауаның тазалану деңгейі). Осыған байланысты атмосфераның жалпы ластанунда автокөліктер шығарындыларының мөлшері 70-80%-ға дейін жетеді.
Жоғарыда келтірілген қаланың экологиялық ерекшеліктері және олардан шығатын сұраныстар Алматы қаласын аудандарға бөлудің келесі үш комплексті критерийдің негізінде жатыр:
Автокөліктер шығарындыларымен Wоп ластану деңгейінің жоғарылауына әсер тигізетін метеорологиялық, стратификациондық және рельефті әсер ету факторларды ескеретін комплексті жалпы структуралық параметр.
Бірінші экологиялық қолайлы аймаққа қорғалатын аймақтар кіреді. Олар Алматы қаласының ерекше қорғалатын объектілер: Медео, Баум бағы, Алматы өзені, әртүрлі мәдени парктар (М. Горький және т.б.), сонымен қатар қаланың шеткі аймақтары: қаланың солтүстік бөлігінде 1-ші теміржол вокзалдан бастап ары қарай, қаланың оңтүстік бөлігінде – Қазақфильм, Таулы Қырат ықшам аудандары, Каменка; шығыс бөлігінде – Талғар ауданы; оңтүстік-батыс бөлігінде – Сайын көшесінен төмен Ақсай және т.б. ықшам аудандары.
Екінші экологиялық орташа ластанған аймақ – Баумана көшесінен бастап және Қапшағай – Алматы, Алматы – Қаскелен трассалардан оңтүстік – батысқа қарай барлық ықшам аудандар.
Үшінші экологиялық тұрақты емес аймақ – жылжымалы көліктерді жөндейтін, техникалық қызмет көрсететін, жанармай толтыратын, көлік жуатын автокөлік комплексінің объектілері.
Төртінші экологиялық орташа ластанған аймақ – қаланың оңтүстік бөлігіндегі аудандар – орташа және үлкен көлік магистральдар: Әл-Фараби, Тимирязев, Жандосов, Сайын, Абай және Розыбақиев көшелері.
Бесінші экологиялық ластанған аймақ қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар үлкен автомагистральдар: Әуезов көшесі, Абай, Абылайхан, Достық даңғылдары, Гоголь, Төле би, Қазбек би, Сәтбаев, Байтұрсынов, Желтоқсан, Наурызбай батыр көшелері.
Алтыншы экологиялық “қолайсыз аудан” қаланың орталық бөлігінде өте үлкен автомагистральдар – Райымбек, Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдары, Сейфуллин, Мақатаев, Жібек Жолы көшелері, Абай — Әуезов, Тимирязев — Әуезов көшелерінің қиылысы, Көк базар.