Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау туралы қазақша реферат
Жердегі атмосфералық ауаның қорлары тұрақты және таусылмайды.Атмосфералық ауаның ластануы деп ауа құрамының қалыпты жағдайын ауытқуын айтады.Қалыпты жағдайда ауа құрамында азоттың 78 ,03 пайызы, оттегінің 20,99 пайызы , көмірқышқыл газының 0,04 пайызы және сутегі мен инертті газдардың 1,0 пайызы болады
Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне ,атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті және жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді.Әсіресе атмосфералық ауаның ластануы адамдардың денсаулық жағдайына аса күшті әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның құрамы мен құрылысының антропогендік өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне , атап айтқанда , жергілікті климатқа,жер беті мен жерасты суларына ,топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді . Атмосфералық ауаның тазалығын қорғау мәселесінде 2 маңызды аспектіні бөліп көрсетуге болады:
1 гигиеналық– адамдардың денсаулығы үшін ауаның қалыпты құрамын сақтау
2 экономикалық – өндірілген шикізат пен оның өндірістік өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану процесінде ауаға ұшып жатқан пайдалы компоненттерді жоғалтудың алдын алу.
Атмосфераны ластаушы көздер:
– атмосфераға жанартау атқылау, шаңды борандар, жергілікті өрттер нәтижесінде келіп түсетін бөлшектермен табиғи ластану;
– тұрмыстық , өндірістік , трансрорттық мақсаттар үшін , соның ішінде автокөлік двигательдеріндегі отынның жану өнімдерімен ластану;
– техногенез процесінің нәтижесінде өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарымен ластану;
– техногендік авариялардың және т.б. нәтижесінде атмосфераның радиактивті ластануы;
Жердегі атмосфераның негізгі ластаушы көзі өнеркәсіптің , әсіресе энергетикалық құрылғылар мен көлік құралдарының қызметі болып табылады.Атмосфераға келіп түсетін барлық қалдықтардың жартысынан астамы соңғы аталғандардың үлесіне тиеді.Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік қалалар ауасының құрамында әрқашан CO, SO, HS, CI сияқты зиянды және улы газдар және т.б. бар.Олар адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етеді, соның өсуіне кедергі келтіреді, өнеркәсіптік ғимараттар мен тұрғын үйлердің,олардың құрылыстарының ерте бұзылуына әкеп соғады.
Қалалар,ірі тұрғылықты бөлімдер орналасқан ландшафттарды атмосфералық ауаның ластануына байланысты тікелей күн радиациясының интенсивтілігі азаяды, ол өз кезегінде ауаның орташа тәуліктік және жылдық температурасын төмендетуге әкеліп соғуы мүмкін еді , алайда ол отынның әртүрлі түрлерін жағу және басқа да факторлар арқылы ауаны жылыту нәтижесінде қалпына келтіріледі.Қалалық және индустриялдық ландшафттарда көптеген жерлері асфальтпен жабылған топырақ қабатының табиғи сулы режимінің бұзылуы нәтижесінде ауаның абсолютті және қатысты ылғалдылығы төмендегені байқалады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қала кварталдары дұрыс орналавстырмау нәтижесінде ауаның табиғи церкуляйиясы жиі байқалады,соның кесіріәнен атмосфера одан әрі ластанады.Басқа да литеорологиялық элементтерге , атап айтсақ , бұлттылық атмосфералық жауын–шашын ,тұманға да антропогендік факторлар әсер тигізеді.
Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы «Казгидролит» РГП –ның 2000 ж бақылауларының негізінде сипатталады.Бұл кезеңдегі Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттар өте жоғары дәрежеде деп бағаланады.Формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы 3 ПДК –ден , фенолдікі 2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен азот диоксидінікі 1ПДК –ден жоғары.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер:формальдегид,фенол , азот диоксиді , көміртегі оксиді , хлорлы сутек , күкіртті сутек және шаң–тозаң .Бұл заттардың орташа , кейде жоғарғы концентрациялары ПДК –ден 15 есе артық болып отырады.адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.
Азот диоксиді (NO2) –азто қышқылының жарықта ыдырау процесінде пайда болады, түсі–қызыл–қоңыр , тыныс алу жолдары мен көру органдарын тітіркендіреді.
Көміртегі оксиді,ыс газы (СО) –өнеркәсіптік кәсіпорындардың көптеген түрлерінің негізінде жатқан ,автокөлік құралдарын пайдаланукезінде де пайда болатын қосылыс.
Формальдегид, метанол( СН2О) –өткір иісті , жанғыш түссіз газ, смола және пластиктер , дәрілік заттар мен бояқтар өндіру кезінде қолданылады.Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді.
Фенол,карбол қышқылы (С6Н5ОН) –хош иісті спирт формальдегидтік смолаларды , әртүрлі бояғыштар мен пестициттерді өндіру кезінде қолданылады.Теріні күйдіреді,ішкі органдарды зақымдандырады.
Хлорлы сутек(НСI) –өткір иісті түссіз газ , тұз қышқылы деген атпен мәлім. Атмосфераға хлорлы металдар , органикалық бояғыштар өндіру , терілерді қаптау мен бояу кезінде келіп түседі.
Тыныс алу жолдарын тітіркендіреді және теріні күйдіреді.
Күкіртті сутек (Н2S) –жүйкеге өте күшті әсер ететін газ.Күкірт қышқылын , ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы химикаттарды өндіру кезінде пайда болады.
Шаң–тозаң –дисперстік фазаның қатты бөлшекті аэрозольдары. Шаң–тозаң әртүрлі жағдайларда пайда болады, кәсіптік ауруларда туындайды.
Аталған заттар Қазақстан қалалары мен өндірістік орталықтарының атмосферасының неғұрлым зиянды ластаушылары болып табылады, олардың Қазақстанның бірқатар қалаларындағы атмосфералық ауасындағы концентрациясы ПДК жиілігін 1─5 есе арттырады. Түсті металлургия , көмір өндіру өнеркәсібі , құрылыс материалдары мен автокөлік құралдарын өндіру өнеркәсібі атмосфералық ауаны ластауда басты роль атқарады.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнінің ластауы әртүрлілікпен сипатталады,ол қала көлемдерімен , оның табиғи климаттық жағдайларымен өнеркәсіп концентрациясының дәрежесімен , өнеркәсіптік өндірісі көлемімен анықталады. Бұл белгілер қалалар мен ірі елді мекендердегі ауа бассейндеріндегі қосылыстардың сипаты мен көлемін сипаттайды.
Қалалар мен елді мекендердің ауа бассейнінің ластану дәрежесін атмосфераның ластану индексі бойынша есептеу қабылданған. Атмосфераның экологиялық бұзылу дәрежесін сипаттайтын атмосфераның ластану индексі заттардың қауіптілік класын , атмосфераны ластаушылардың биологиялық әрекеті мен ПДК – дан асып кету жиілігін қосу арқылы ПДН –нен асып асып кету жиілігі бойынша анықталады.Әдетте ол бақылау орындарында жиі кездесетін 5 түрлі ластаушыларға арналған(АЛИ5)
Қазақстан территориялары бойынша Өскемен қаласында ауа бассейндерінің ластану дәрежесі жоғары болып табылады.Бұдан басқа өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарының нәтижесінде Лениногорск , Шымкент , Ақтөбе қалаларында және автокөліктердің атмосфераны ластау нәтижесінде Алматы қаласында ауа бассеині ластанған.ауаның неғұрлым тозаңдануы Жезқазған қаласында , Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады.Қазақстанның көптеген қалаларында формальдегидридтің , азот диоксидінің фенолдың ПДК–дан орташа асқаны байқалады.
Тұтасымен алғанда , берілген мәліметтер Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталықтары бойынша АЛИ көрсеткішінің өсіп келе жатқандығын сипаттайды.Көптеген қалалар мен өнеркәсіп орталықтары ауа бассейнінің ластануының басты себебі автокөлік құралдарының қызметімен байланысты.
Атмосфера ластануының алдын алу көптеген шаралардың өткізілуімен байланысты. Олардың ішінде барлық өндірістік кәсіпорындарын тазалау құрылғыларымен жабдықтауды, атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын тастауды жоятын немесе төмендететін жаңа экологиялық құрылғыларды жетілдіру және оларды өндірістік кәсіпорындарға енгізуді атап өтсе болады.
Қалалар мен өндірістік орталықтардағы атмосфераны таза ұстауда жасыл өсімдіктер маңызды роль атқарады.Атмосфераның ластауына қарсы тұратын өсімдіктерге ақ акация , тал , американдық клею және т. б. Жатады. Бұл ағаштарды жасыл қорғаныш зоналарын жасау кезінде ұсынған жөн.
Атмосфералық ауаны қорғаудың міндеті Қазақстандағы климат глобальды өзгеру процестерімен тығыз байланысты үлкен мәселелерді шешу болып табылады.Оларға мыналар жатады:
–парник эффектісі мәселесі
–қышқылдық жауын–шашын мәселесі
–озоносфераның бұзылу мәселесі
–космостық апаттарды ұшырумен байланысты атмосфераның бұзылу мәселесі және т.б.
Парник эффектісі.Атмосфераның күн радиациясын жіберу және оның кері сәулеленуін космос кеңістігінде ұстап тұру құрылымымен сипатталады , соның нәтижесінде жер беті жылынып,климаттың өзгеруіне әкеп соғады.Атмосфераның жерге жақын қабатының шектен тыс қызып кетуіне өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметімен және көлік құралдарының жұмысымен байланысты көміртегі қышқылы , метан және парниктік газдардың концентрациясы ықпал етеді.
Жер атмосферасының техногенді ластануы жоғарылауына байланысты климат өзгеруініңтенденциялары бекітілді.Ғылыми тұрғыдан техногенезбен байланысты жердегі климаттың жылып кету мәселесі шешілген жоқ.
Қышқылдық жауын – шашын – сутегі көрсеткіші РН–3,5 –4,5 –мен сипатталатын атмосфералық жауын–шашын, отынның әртүрлі түрлерінің жану нәтижесінде пайда болатын күкірт және азот оксидтері (SO2NO) конденсацияларының атмосфераға келіп түсу нәтижесінде пайда болады.Химиялық реакциялардың нәтижесінде атмосферада күкірт және азот қышқылдары пайда болады,олар адамдардың денсаулығына , сондай–ақ биотаға өте күшті зиянды әсер етеді.
Ауаның ластануына аймақтық мониторинг жүргізу , өндірістік кәсіпорындардың жұмысын бақылау табиғатты қорғау шараларына жатады.
Атмосферадағы азон қабатының азаюы.Жердегі адамдардың өмірін сақтауда азондық экран өте маңызды роль атқарады.Ол жер бетіне ультракүлгін сәулелерінің өтуінің алдын алады. Озонның(О2)жоғарғы концентрациясы 20–25 шақырым биіктікте болады.Мұнда азот қышқылы(NO4) мен фреондардың әсерінен озонның экранының бұзылуы байқалады.Қазақстан территориясында озон қабатының техногенез бұзылуы байқалмайды.
Ғарыштық аппараттарды нәтижесінде атмосфераның ластануы.Ракета двигателдерін сынақтан өткізу және «Протон» сияқты ғарыштық аппараттарды ұшыру жер атмосферасының жоғарғы қабатының бұзылуына әкеп соғады.Ол жер режимінің ,ауа ылғалдылығының өзгеруі сияқты ауа –райы режимінің жекелеген параметрлерінің ракетаның ұшу траекториясына жақын жерде уақытша (2-3күн) бұзылуынан көрінеді.Алайда ,Қазақстан территориясындағы «Байқоңыр» космодромынан ластануында қандай да болмасын мәнді бұзылулар байқалмайды.
Қазақстанда жергілікті деңгейдегі климат өзгеруінің жағымсыз экологиялық салдарлары өндірістік технологияны жетілдіру және өндіріс пен көлік құралдары қалдықтарының көлемін қысқарту негізінде шешілуі тиіс.