АТФ Банктің даму тарихы туралы қазақша реферат
1995 жылы құрылған «АТФ Банк» Акционерлік қоғамы Қазақстандағы банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағыларының бірі болып отыр. 1995 жылдың маусымында ҚР Ұлттық Банкімен ЖАҚ «Алматинский торгово-финансовый банк» болып тіркелген «АТФ Банк» ҚР Ұлттық Банкінен теңге және шетел валюталарымен жүргізілетін операцияларға №59 генералды лицензия алды. 2001жылы ААҚ «Алматинский торгово-финансовый банк», ал 2002 жылдың маусымында ААҚ «АТФ Банк» болып тіркелді. 2003 жылдың қазан айынан бастап АҚ «АТФ Банк» болып қайта тіркеуден өтті. Банктің табыстылығына қазақстандық және халықаралық құрылтайшылардың белсенді қызметтері, халықаралық стандарттар және банк қызметкерлерінің жоғарғы біліктілігі кепіл болып отыр. «АТФ Банк» 14 жыл ішінде банктік қызметтің барлық саласында айтарлықтай нәтижәлерге қол жеткізді және құрамында 3250 астам адам қызмет атқаратын, заман талабына сай алып компаниялар тобының біріне айналды.
Сыйластық, сенім, еркіндік, сабақтастық және тәуелсіздік кіретін «АТФБанк» құндылықтар жиынтығы – банк қызметі және оның клиенттермен, серіктестермен қарым-қатынасы үшін негізгі тірек болып табылады. АТФБанктің құндылықтары – тұрақтылық пен табыс кепілінің басты шарты. Бизнестің жаңа бағыттарының дамуы, шығын деңгейінің төмендеуі, сонымен қатар үнемі жаңа банктік технологияларды енгізу, бұл – даму деңгейіне қарамастан банк алдында тұрған міндеттер.
«АТФ Банк» АҚ әмбебап қаржылық институт бола отырып, Қазақстанның қор және валюта нарығында жетекші орын алады. Банк Қазақстанның қаржылық институттарының ішінде активтерінің саны бойынша ірі үштікке кіреді. Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді өркендеуді байқатады — 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банк активтері 7 миллиард 830 миллион АҚШ долларын құрайды.
«АТФ Банк» Қазақстан аймақтарындағы және көршілес мемлекеттердегі нарықта қатысуын жергілікті үкімет органдарымен және кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыта отырып жүзеге асыруға тырысады. Банк қызметінің жағрапиясы елдің барлық аумағын қамтиды. АТФБанктің Қазақстанның экономикалық тұғырын бекіткен аймақтарының барлығында орналасқан 17 филиалы бар. АТФБанктің Қырғыз Республикасында – «АТФБанк – Қырғызстан» ЖАҚ, Ресей Федерациясында (Омбы) – «Сибирь» ЖАҚ ОКБ және Тәжікстанда – «Сихибкорбанк» ЖАҚ, «еншілес» банктері бар.
«АТФБанк» акционерлік қоғамы 12 жыл бойы Қазақстан халқына банктік өнімдер мен қызметтер ұсынып келіп, 2007 жылы әлемге танымал UniCredit Group-тың мүшесі болды. Орталық және Шығыс Еуропада коммерциялық банктік операцияларды жүргізу үшін АТФБанк акцияларының бақылау пакетін UniCredit Group-тың бөлімшесі болып табылатын австриялық банк Bank Austria-ның сатып алуы туралы келісімі 2007 жылдың маусым айында жасалды. 2007 жылы 14 қарашада UniCredit Group тобының бөлімшесі Австрияның Кредитанштальт Банкі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін, «АТФБанк» АҚ-ның жалпы шығарылған акционерлік капитал көлемінен 91,8% сатып алу процесін аяқтады. Келісімнің бағасы шамамен 2,117 млн АҚШ долларын құрады. Бұл жерде айта кетер жайт, бұл келісім өлшемі жағынан ТМД аумағындағы ең ірі банктік келісім болып табылады. Сонымен қатар, италяндық инвесторлар АТФБанктің ағымдағы даму стратегиясын аса табысты деп санайды және оның ары қарай жүзеге асуын толық қолдайды.
АТФБанктің Қарағанды қаласындағы бөлімшесінің ұйымдастырушылық құрылымы:
- Сервис-менеджерлердің қызметі
- Заңгерлік қызмет
- Бух есеп және есептіліктің нәтижесі бөлімі
- Операционды бөлім, оның ішіне кіретіндер: заңды тұлғаларға қызмет көрсету, қаржылық бақылау және төлемдер секторы.
- Кассалық оперциялар секторы.
- Бөлшек бөлімі, оның ішіне кіретіндер: тұтынушылық несиелендіру секторы және бөлшек қызметтердің сатылу секторы
- Инфотехнологиялар секторы
- Бірлескен несиелендіру
- Кіші және орта бизнесті несиелендіру
- Несиелік әкімшілік бөлімі
- Несиелерді қамтамасыз ету бөлімі.
- Қауіпсіздік қызметі
- Күзет және инкассация бөлімі