Ата-анамен балабақшаның қарым-қатынасы курстық жұмыс

Мазмұны

КІРІСПЕ……3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ…..4
I. Ата –ананың бала алдындағы міндеттері…..4
II. Ата –анамен жұмысты ұйымдастыру…….5
2.1. Ата — аналарды жиналыстарға іс шараларға тартудың манызы….6
2.2. Ата — аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары..6
2.3. Ата – анамен жүргізілетін жұмыс……7
III. Ата — аналарға арналған жұмыстар….9
IV Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары ..12
4.1 Қаратпа…..13
4.2 Сәлемдесу……16
4.3 Қоштасу …..17
V. Бақшадағы балалардың күн режімі және оны жасаудың қажеттілігі.18
VI Ата –анамен балабақшаның көмегімен баланы адамгершілікке тәрбилеу …… 20
5.1.Тәрбиешімен ата ана бірлесіп мерекелік кештерді ұйымдастыру….25
Қорытынды ……28
Пайдалнған әдебиеттер…….30

  Кіріспе

Курстық  жұмыстың кіріспесін  Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың мына сөзімен бастасам «баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын кезеңде,  әр  отбасында  өсіп    келе жатқа өрімдей ұл қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  ең  жоғарғы   тілек  ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.   Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата —  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  Отбасы  —   өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдеі   жоқ   орын.

Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.

Ұлы   педагог   А. С. Макаренко : «  Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін ата ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал   баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген.

Отбасы  —   барлығының   басы,   жан -жақты   даумуының  негізі  болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата —  ана  мен   баланың   қарым  —  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  —   баланың  алғашқы   тәрбиешілері.

Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге   байланысты   ұстаздар   мен   ата —   аналардың   бала   тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата —  аналармен   қарым  —  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,   ата —  ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,   ата —   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.

Енді осы курстық жұмысты жазу арқылы ата-анамен балабақша арасындағы ынтымақты, терең байланысты толығымен ашып көрсетуге тырысамын.

 Курстық жұмыс / 30 бет