Асцидтік ісікті алу.

Асцидтік ісікті алу. Жануарлардан гибридомалар алу үшін, олардың қарындарының ішіне гибридтік жасұшалар жаратылу мақсатымен 0,5 мл тристан (тетраметилпептадекан) немесе Фрейнд адьювантын және тұзды буфердегі керекті клонның жуылған 1 – 2 мл (1 мл – 10 жасұша) жасұшаларын еңгізеді. Тышқанның ішінде ісік белгіленеді. Асцидтік суйықтықта моноклоналды антиденелерді анықтайды. Тышқанның қанының сары суында және асцидтік суйықтықта иммуноглобулиндердің көлемі 3 15 г/л, ал моноклоналды антиденелер – 50 мг/л. Бір тышқаннан 10 мл асцидтік суйықтықты алады. Асцидтік суйықтықты кейіннен тағын ісік алуға жіберуге болады (айына 1 рет) және серологиялық реакцияларда антигенді анықтағанда қолданады.