Топырақ өте күрделі өте күрделі табиғи түзіліс.Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады.Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырықтары, шіріген бұтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа- қара шірікке айналдырады. Топырақтың түзілуіне жануарлар, топырақта тіршілік ететін әртүрлі құрт-құмырсқа мен олардың личинкалары қатысады. Әсіресе жауын құрты логаникалық заттардықопарластырады. Себебі, жауын-шашын аз жауып ыстық және құрғақ климатта сирек өскен шөптесін өсімдіктерден шірінді аз түзіледі. Топырақтағы шіріндінің жиналуына өте қолайлы жағдай көктемде және қоңыр күзде топырақ терең шайылытын жерлерде ғана болады.
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ- дала) негізінен қара шірігі 1% қоңыр және сұр қоңыр тпырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау беткей аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаңтопырақ қоңыр және сұр қоңыр топырақ республиканың көп жерін алып жатыр (43,6%). Шөлді аудандарда тегіс аймақтарда жиналған саз тоспаларынан түілген тақыр жерлер топырағы кездеседі. Топырақтың бұл түрлері Шу, Сырдария,Іле т.б өзендердің төменгі ағысында, қоңыр және сұр тпырақ арасында кездеседі.
Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында баржоғы қарашірік 1%-дан да төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі саласында айқын бөлінеді. Бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа тұз қабатттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды- аллювиальді топырақтапр таралған. Сырдария өзенінің батыс жағалауы Шарадара даласы, Қаратау тауы, Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Байырқұм- Арыс ойпаң жерлерінен минералды су көзі барланаған.
Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орограюиялық ерекшеліктеріне және ылғал алап келетін территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша бөлінеді:
- Тау алды және етегіндегі штті сұр топырақ белдеуі.
- Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
- Биік тауда альпілік және субальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі.
Адам тіршілігнде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты қлттың байлығы болып табылады.
Адамзатты тамақ қорымен қамтамасыз етуде аса маңызды әрі еш нәрсемен алмастыруға болмайтын қайнар көзі, біздің тіршілігімізді айқындайтын басты байлық.Сондықтан топырақты үнемі күтіп, оның келешек ұрпақтарға да ойдағыдай қызмет етуі үшін жағдай жасау керек. Топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты. Топырақ тозып кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлығын арттырып отыру ертеңгі ұрпағымыз үшін өте қажет. Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егін егу керек.
Өсімдігі мен жануары — Оңтүстік қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 250-300 мм-ден температурасы +270, +280 жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек селдір өседі. Бұл судың тапашы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Шөлде өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олар өз бойындағы ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршаққа айналған немесе буланудан сақтайтын түктері болады. Шөлде өсетін өсімдіктердің барлығының тамыры ұзын келеді. Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Қара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі. Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің Сырдария құяр жерінде дермене жусаны өседі. Ол өсімдік дүние жүзінің басқа жерінде өспейді.Биіктігі 30-50см, сабағы тік,тамыз,қыркүйек айында гүлдеп, қазан, қараша айында жеміс береді.Дермененің құрамында дәрілік сантонин деген зат бар.
Дермене –қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген өсімдік.Шөлде көктемнің аяғы немесе жаздың бас кезінде топырақта әлі ылғал бар кезде өсіп жетіп, аз уақытта гүлдеп,одан жеміс беріп үлгеретін өсімдіктер бар.Ондай осу дәуірі қысқа өсімдіктерді эфемерлер деп атайды.Сабақтарының өмірі қысқа болғанымен өзі көп жылдық өсімдіктер – эфемеройдтар да өседі. Оған жауқазын, жуа, пиязшықты қоңырбас жатады. Эфемерлі өсімдіктерге жусан, бозжусан, боялыш, күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі. Шөл зонаның негізгі табиғи қоры мал жайылымы болып табылады.
Облыстың кең — байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400 – ге жуық түлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240 – тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден астам түрлері мекендейді. Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді., 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі.
Шөлді зонаның жануарлары өзен қоршаған табиғи ортаның қатал жағдайына бейімделген және өздеріне тән ерекшіліктері бар. Шөлді жерде өмір сүргендіктен, жануарлар жаздың ыстық аңызағы мен сусыздығынан қорғану үшін күндіз індеріне кіріп немесе құмда көміліп жатады. Мысалы, құм сарышұнағы мен құм тасбақасы шілденің ыстық күндерінде жазғы ұйқыға кетеді. Шөлдің кейбір жануарлары – құм тышқаны, жіңішке саусақты сарышұнақ, торғайдың кей түрлері ұзақ уақыт сусыз өмір сүре береді.
Балықтар классы бойынша Оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сяқты сирек түрлері кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар «қызыл кітапқа» енген.
Жорғалаушылардың 9 – ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ, сығыркөз, сұркесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке жыландарының 6 түрі кездеседі:оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұр жылан түрлеріне жатады. Сарлан, оқжылан, төртжолақты шұбар жылан, сарықарын шұбар жыландар «қызыл кітапқа енгізілген.»
Жануарлардан қасқыр, түлкі, құмқоян, кірпі, саршұнақ, қосаяқ, жорғалаушылар кездеседі.
Мұнда құстардың 240 – тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан «қызыл кітабына» енгізілген.олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, лашын, жыланжегіш, ителгі, кіші құтан сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жатады. 1996 жылы Қазақстанның «қызыл кітабына» тіркелгендері де кездеседі.
Оның 14 түрі Қазақстан Қызыл кітабында енгізілген. Олардың ішінде қара дөңгелек, сақалтай, бүркіт, лашын, жылнжегіш ителгі, кіші құтан, сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілірдің 8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелгендері де кездеседі.