Арыс ауданының ішкі сулары

Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар арқылы  анықталады. Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың алпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде  42-сі сел қаупіне  жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа  көптеген есепке  алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау,Өгем жоталарының баулайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ аз ғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суартылытын сүзілу есебінен жоғалады.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері- сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында шардара бөгені орналасқан.

Сырдария өзенінің ұзындығы- 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы- 700 шақырым. Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынанан, Қырғыз  даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы-422 мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында  өзеннің үлкен саласы  шырақ өзенін, сол жағында келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.

Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызтан,м Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орны тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км. Алаптың ең басты ерекшелігі –оның аумағы  екі айқын зонаға : ағынды қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су пайдалану зонасында жатыр.

Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4км3/жыл, суы мол жылдарда 45,0-50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл, аралығында ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи жағдайда Сырдария көкткм-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің мөлшері көкбұлақ бекетінің тұсында секундына 1000-3700 текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2тең.

Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-ның негізіг мақта өсіретін базарларға пайдаланылады. 1913 жылдары Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) – 219 мың га, Мырзашөлде- 50 мың га, дальверзин даласында -7 мың га жер суарылатын.

Арыс өзені – Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Қолбастау өзенінен басталады. Қолбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен қаратаудан ағып шығытын осы бұлақтар арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы – наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан аралығы.

Арыс өзені 3500 м. Биіктіктегі Талас Алатауы мен қаратаудың арасындағы  ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынын бастау алады. Бассейннің ауданы – 14530 км, оның 50% -ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және одан да үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.

Аұқсу өзені- Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.

Бадам өзені – Арыс  өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы- 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.

Боралдай өзені- арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы- 130 шақырым. Боралдай өзені – кіші Боралдай, үлкен боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің

барлық саларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шарруашылығында пайдаланылады.

Машат өзені- Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м. биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км., су жинайтын ауданы 579 км. өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашақтықта Y тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік  жарасты каньонға айналды. Жартастар желден мүжілген әртүрлі  жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. Оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км. болады.

Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдықтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.

Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1м. және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.

Оңтүстік қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте тұзды және саяз болып келеді. Жазық аймақатарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су Республикадағы бірден- бінр асқазан, ішек құрылыстары үшін.

Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа – жер асты сулары да жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер ол суларды ауыз су ретінде пайдаланады.

Облыс территориясындағы ірі өзендер.                      Кесте

Өзендер Ұзындығы Алабының көлемі км2 Биіктігі, м Орташа шығыны м3  

 

Қоректенуі

Негізгі салалары
1 Арыс 378 14530 3500 40,2 Жаңбыр, жерасты суы Боралдай, Қара-үңгір, Машат, Ақсу, Бадам
2 Ақсу 133 766 4042 4,02 Қар суы, жаңбыр, жерасты суы Балаақсу, Бұғылтұр, Жаңбырлысай
3 Бадам 138 4380 2700 4,51 Жаңбыр, жерасты суы Ермекбадам, Ленгір, Сай-рамсу, Тесексу
4 Машат 75 579 2500 2,1 Қар, жерасты суы Дәубаба