Дәріс мақсаты:
- Жалпақжа пырақты және бүрлі-жалпақжапырақты ормандар топырағы
- Топырақтүзілу факторлары
- Топырақтүзілімдік үрдістер
- Арктикалық топырақтар
- Тундралық-глейлі
- Тундралық-батпақты.
- Күлгін топырақтар
- Тоңды–тайгалық топырақтар
- Топырақтүзілу факторлары, топырақтүзілімдік үрдістер
- Қоңыр орман топырағы
Жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай байланысты топырақтың да өзгеріп әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың колденең (ендік) зоналығы дейді.
Ал биіктаулы аймақтарла табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғатының, климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. Топырақтың бұлай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды. Кеңбайтақ ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да және олардың тік (белдеулік) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі.
Дегенмен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған байланысты біздер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқаша сипаттамасына тоқталамыз. Бұны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтірген ыңғайлы.
1. Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір арктикалық аралдар да кіреді.
Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінін барлық жер көлемінің 8,1%-ін алып жатыр. Бұл көлемге негізінен Сібір өңіріндегі таулы алқаптардағы таулы-тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялық дәуірі жағынан алып қарағанда, бұл аймақ мұз дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.
Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшекке бөлінетін ыдырамалы, батпақты-күлгінді болып келеді.
Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік жоқтың қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өндеп, тыңайтқыштар енгізіп, көң төгіп, аз мөлшерде ерте пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады. Ал жабық жылытқысы бар қондырғыларда көкөністерді жыл бойы өсіруге болады.
2. Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді және шымды-күлгінді топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте кең алқапты орманды (тайга) зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД елдерінің, негізінен Ресейдің территориясының 52%-ке жуық (11520 мың км2). Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-ке жуығы батпақты жерлер. Олар ойпатты Сібір, Беларус, Балтық бойы аймақтарын қамтиды. Бұл аймақта да өткен дәуірлерде түгелдей мұз жатқан. Сондықтан мұз әсерінің қалдықтары әлі сақталған.
Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан көп жылы. қысы ұзақ, әрі қатты суык болса, жазы қысқа, жылына жерге 350-600 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану аз болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшерден артық болып топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа да заттарды топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерде батпақты аймақтардың пайда болуына әкеп соғады.
Зона жерін негізінен орман алып жатыр. Оның солтүстігінде суыққа төзімді қылқан жапырақты ағаштар өссе, оңтүстігіне қарай қылқанды емес жапырақты ормандарға ұласады. Шырша, сәмбі тал, қарағай, кей жерлерде емен, жабайы жүзім, шетен және қайың, көктерек өседі. Шөбі жайқалған шабындықты жерлер және батпақты аймақтар да ұшырасады. Жауын-шашын мол вегетациялық уақыт жеткілікті болғандықтан, мұнда органикалық қалдықтар көп жиналмай, тез ыдырап, шіріп кетеді. Бұл аймақтың топырағы негізінен төмендегідей үш зонашаға бөлінеді: күлгінді, шымды-күлгінді және шымды-шалғынды топырақтар.
Шымды-күлгінді топырактардың күлгінді топырақтардан айырмашылығы сол, мұнда орман төсеніші жөнді емес, қалыңдығы небары 2-3 см ғана. Төсеніштің өзі тек сынып түскен, шіріген ағаштар мен қураған шөптердің қалдықтарынан тұрады.
Бұл төсеніштен кейін шымды қабат басталады. Оның түсі — қоныр-сұр, қалыңдығы 10-20 см. Бұл қабатта негізінен шөптердің тамырлары таралған. Ал одан кейін аса дамымаған күлгінді қабат жатыр. Тек қана шалғын шөп өсетін ормансыз жерлерде шымды-шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бұл зонада олар көп емес. Оның біразын шалғынды батпақты топырақтар алып жатыр.
Өсімдіктер үшін қоректік заттарға бұл зонаның топырақтары кедей, оның қарашірігі де өте аз (0,5-1,5%), топырақ ортасының реакциясы кышқыл (рН 4,5-5,5).
Бұл зонада ТМД елдерінің негізгі орман шаруашылығы дамыған. Егін, бау-бақша егуге зонаның батыс Еуропалық жақ бөлігінде тек 4,5-5,0% жері ғана игерілген.
Бұл топырақтарды егістік жерге айналдыру үшін міндетті түрде органикалық және минералды тынайтқыштар ендіріп, топырақтың қышқыл реакциясын төмендететін әк қолдану қажет. Соңғы жылдары бұл ТМД елдерінің қара топырақты емес алқапты ауыл шаруашылығына кең көлемде игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.