Аралас құрмаластар

          Компоненттерi салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмаластың түрi аралас құрмаластар деп аталады. Жасалу жолы жағынан келгенде, аралас құрмалас сөйлем құрмаластың ерекше түрi болып саналмайды. Өйткенi мұнда оның өзiне тән арнайы амал-тәсiлдерi болмайды, тек бұрыннан белгiлi салаласа және сабақтаса байланысу амалдарының қабаттаса келуi арқылы жасалады. Құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады.

         Ерекшелігі:

  1. құрамындағы компоненттер санының екіден көп болуы;
  2. компоненттерінің салаласа да, сабақтаса да байланысуы.

Жабай шығып кетпегенде, Игiлiк жiгiттердi сөзге айналдырып бөгей тұрмақ едi, бiрақ оның ретi болмай қалды (Ғ. Мүсiрепов).