И с а, О м а р, М ұ с а, Ә д і л, М а н ас, Ә б д і, М ы р з а, О с п а н , Қ а с е н, А с а н, Ү с е н, Б а я н, т.б.
И с а әлі ашулы болатын. Қысқа ғана жауап қатты
О м а р дөң басында тұрған қалың топқа жетті
Кішкене інісі О с п а н кіріп келді /І;13/ Ә д і л сияқты бірнеше семіз қой көзді М о т ы ш а р бар./І;536/ Қасапшы Қ а с е н бүгін ызаланған күйде /11;318/ Базаралының әйелі — Ө д е к /ІІ;186/. Б а я н өдерінің ән тыңдауға бара алмаған өкінішін үлкен бір армандай айтады /І;320/. И с а н ы ң екі жетім баласы – А с а н мен Ү с е н /ІІ; 127/. Өзінің зорлығынан зор жол бар ма? – деп Ә б д і тістене түсіп, кейіп келеді /ІІ;14/. А й ш а самауырды пеш жанына көтеріп қоя салды /ІІ;370/. М а н а с тоқта! былай жүр!-деп бұйрық етті./І;342/.
Бұл романдағы келтірілген есімдерді түбір тұлғалы дейтініміз. Бұларды буынға бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Екіншіден -бұл төл сөздер қазақ тілінен болсын не басқа тілден енген төл сөздер болсын, әрі қарай жұрнақтар қабылдап жаңа есімдер туғыза алады.
Бұндай жалаң, күрделі есімдер түркі халықтарының ХІҮ ғасырдағы жазба ескерткіштерінде кездеседі. Мысалы: А с а н , О с п а н, И с а т.б [12] . Бізге белгілі қазақ есімдері нің ішінде толып жатқан туынды есімдер бар. А с а н б а й, А с а н ә л і, О с п а н ә л і , А с а н қ а л и, О с п а н ха н, И с а б а й, И с а қ ұ л , И с а т а й т.б.
Осыларды ескеріп романдағы кейбір араб-парсы тілінен енген есімдерді түбір есімдер деп алдық.