«Ар-намыс» «қадір-қасиет» «бедел» деген сөздердің мағынасы адамгершілік тобында өзара бір –біріне жақын сөздер екенін анықтайды. Олардың өзара айырмашылығын тек осы қасиеттерге дұрыс баға берілген кезде ғана көруге болады.
Ар-намыс –азаматтың немесе заңды тұлғаның қоғамдағы қатынасын анықтайтын және жеке тұлғаға берілетін әділ баға, бұл моральдік және тағыда басқа қасиеттеріне берілетін әлеуметтік баға
Қадір-қасиет – жеке тұлғаның ішкі өзі-өзін бағалауы, өзінің қасиеттерін, қабілеттерін, дүниетанымын, парызының орындалуын және өзінің қоғамдағы орнын түсіне білу .Өзін бағалау жеке тұлғаның әлеуметтік-маңызды критериясындағы бағалау моральдік және тағы басқа қасиеттерінің негізінде болу керек. Намыс жеке тұлғаның субъекті бағасын анықтайды.
Ар-намыс, қадір-қасиет категориясы адамның жоғарғы қоғамдық құндылығы болып табылады.
Ежелгі Грекия мен ежелгі Римде ар-намыс, қадір- қасиеті сөздерінің мағынасын адамға деген сыйластықпен өлшеген және оның құқығы мен мораліне жатқызған. Ар-намыс, қадір-қасиеті әр түрлі халықтардың және әр түрлі кезеңде көптеген ғұлама адамдардың, саясаткер адамдардың, филосовтардың этикасында үлкен орын алған, олардың қызметтерінің бағыты мен қоғамдық көзқарастарына мінездеме беріп отырған.
Философтік-құқықтық көзқарасы бойынша ар-намыс тарихтағы адамдар мен халықтар арасындағы байқалатын қатынаста үлкен бір күшке,үлкен бір билікке ие болған.
Ар-намыс және қадір-қасиет сөздерінің мағынасы белгілі бір бағыттан тұрады. Олардың объектісі ең алдымен адам немесе бір топ адам, немесе ұжым, немесе үлкен мағынада қарастырғанда ұлт намысы болып табылады.
Ар-намыс және қадір-қасиет сезімдерін ұғыну керек, өйткені ар-намыс сөзінің мағынасын түсіндірген кезде ар-намыс сезімі адамның жеке қадір-қасиеті санасымен шектеледі. Адамның ар-намыс, қадір-қасиеті сезімі мен санасы бір — бірімен біріккен, бірақ оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Ар-намыс сөзінің мағынасын ашқан кезде екі тұрғыдағы айырмашылық байқалады. Олар жеке және объективтік пен субъективтік тұрғы. Ар-намыс – бұл қоғамдағы адамның орны мен оған берілетін жалпы бағасы және өзінің қадір-қасиетін сақтап қалуға ұмтылу болып табылады. Оның мазмұны әлеуметтік болады, яғни, жеке тұлғасына тәуелді емес, сонымен қатар ол адамгершілік принциптеріне жатады. Ең алдымен ар-намыс адамның қоғамнан жеке тұлғаға бағытталғандағы баға беретін категориясы болады .
Субъективтік, жеке жағынан қарағанда адамның өз істеріне баға беру қабілеті, сол қоғамдағы арсыздық деп саналатын өзіндегі өзімшілдік, өнегесіз қасиеттерге тырысуы мен ниеттенуіне басымшылық жасау, қоғамдағы қабылданған моралдік ережелерге сәйкес іс-әрекет жасау қабілетінде байқалады.
Ар-намыстың жеке жағы әрқашанда әлеуметтік жағымен бірге жүреді, себебі адам қоршаған ортаның пікірінен бас тарта алмайды және соңында оған бағынып, осының барлығы үлкен әсер етеді.
Қоғамдық пікірдің рөлі өте зор, сондықтан барлық қоғамдық пікірдің күші әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік және саяси қайраткерлердің, келіп, кетіп отыратын саяси партиялары мен саяси қозғалыстарда болады.
Олардың әсерінен кез келген қоғамдық тіршілік әрекетіндегі өмірлік маңызды өрістерінде өзгерістер болуы мүмкін.
Әрбір адам өзінің жасаған әрекеттері туралы айтылатын басқа адамдардың пікірімен келісуге тура келеді. Ол бастапқы таңдау бостандығына бағына алмайды.
Адамның әрекеті мен тәртібіне берген қоғамның жақсы бағасы, оны қоршаған ортанын алдында мерейін өсіріп, ар — намыс сезіміне жақсы әсер етіп, оның алдағы адамгершілік жетілдіруіне күш береді. Кейбір әртүрлі нәтиже нашар бағаға алып келуі мүмкін. Мұнда кейбір жағдайда адамдар өз қателер және кемшіліктерін түзетуге тырысады, ал басқа жағдайларда оларыды жетілдірей түседі. Сондықтан қоғамның беретін бағасы дұрыс және әділ болу керек.
Ар — намыс тарихи категория болып табылады, ол адам қоғамымен бірге пайда болған, сондықтан да бұл адамгершілік категорияны қазіргі жеке тұлға да, қоғам да өзгерте де, жоя да алмайды. Демек, адам ұжымы болған уақытта, сол ұжымның жеке мүшелері қоршаған адамдардың белгілі бір сынына ұшырайды. Қоғамның беретін бағасы сынға түсетін адамның жігері мен қалауына байланысты емес.
Ар-намыс сөзінің мағынасының негізінде адамгершілік белгілері жатыр. Соған байланысты ар категориясында әділ күш басымырақ болады. Бірақ қоғамның біреуге беретін бағасының қалыптасуы мүмкіндігі дұрыс емес деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, ар-намыс басқа адамдардың санасы арқылы көрсетілетін жеке тұлғаның қадір-қасиеті, қоғамның беретін бағасы, адамның дұрыс абыройы.
Қоғамдағы адамның әлеуметтік бағасы деп саналатын ар -намысымен бірге қадір-қасиеті категориясы бар. Қадір-қасиеті – бұл жеке тұлғаның қоғам бағасы негізінде берілетін өзін-өзі бағалауы. Ар –намыс пен қадір-қасиетінің арасындағы байланыс түсінікті және орынды, себебі адам қандай да ұжым да болсын, қоғамда болсын оған беретін баға туралы ол өз ойын айта алмайды. Сол қоғамның бағасы бойынша адамның санасында өзі туралы ой қалыптасады және сол ұжымдағы, қоғамдағы орны байқалып, ұжымда, жалпы қоғамда сол адамның орны қаншалықта манызды екенін көруге болады.
Адамның қадір-қасиеті қоғамның қажеттілігіне байланысты бағалы рухани және дене қасиеттері арқылы жасалынады. Бұл жеке қасиеттер адамның жеке қадір-қасиеті деп аталады. Бірақ сонымен қатар адамда әлеуметтік жағдайына, жеке қасиеттеріне, кәсіптік жабдығына байланысты өзінің белгілі бір құндылықтары бар. Сол құндылықтар адамның қадір-қасиеті болып табылады.
Қадір -қасиеттің да шындық сияқты жеке және әлеуметтік жағы бар. Оның әлеуметтік жағы моральдық құндылық пен қоғамдық — маңызды қасиеттер сияқты өмірдегі бар қоғамдық қатынастар арқылы анықталады және сол адамға тәуелді емес. Алайда сол категория адамның жеке қадір — қасиетінің сезімі мен санасы да бола алады.
Бұл қадір-қасиеттің субъекті жағы адамның өзінің қоғамдағы маңыздылығы мен моральдық құндылығын түсіну және ойлануын ұсынады, олар қоғамдық қатынастарға үйреніп, соларға тәуелді болады.
Қоғамның, адамның қадір-қасиетін мойындау деген, ол бойындағы бар барлық моральдық қасиеттеріне берілетін баға дегенді білдіреді. Егер адамның бойында жаман қасиеттер болса, онда ол қоғамның кінәлауына түседі. Адамның бойында басқа адамға деген сыйластық, мейірімділік, мейірбан, қайырымдылық, кішіпейілділік, шыншылдық, қарапайымдылық т.б сияқты сезімдері қаншалықта болса, соншалықта адамның қоғамға құндылығы зор және ол жоғары баға алады. Сондықтан адамды алғашқы күннен бастап осы қасиеттерге тәрбиелеу керек. Адамның қадір-қасиетінің қалыптасуы оның қоршаған ортасындағы қатынасқа және ұжымдағы қарым-қатынасқа байланысты: бала-бақша немесе мектеп, жоғарғы оқу орны немесе еңбек ұжымы.
Ар-намыс пен қадір-қасиет бір – бірімен тығыз байланысты, олардың негізінде адамгершілік критериясының бірлігі жатыр. Қоғамдық баға мен өзін-өзі бағалаудың тығыз байланыстығына қарамастан ар-намыс пен қадір-қасиеттің өзара айырмашылығы бар. Ол айырмашылық мұнда, ар-намыс –қоғамның әділ және дұрыс беретін бағасы, ал қадір-қасиет алдынғы қатарда-субъекті жағдай, ол өзін-өзі бағалау. Осыдан мұндай қорытынды жасауға болады, адамның қадір-қасиеті оның белгілі бір тәрбиесіне, ішкі рухани дүниесіне, психологиялық жиынтығының ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Жалпы алғанда, адамның қадір-қасиеті жеке тұлғаның жақсы қасиеттерінің жиынтығы мен моральдық құндылығы арқылыбайқалады. Ол қоғамға пайдалы құралдар арқылы анықталып, адамның ортаға деген әлеуметтік маңыздылығының бар болуынан анықталады.
Ар-намыс пен қадір-қасиет категориясы бір — бірінен ағып тұрады. Олар бір, бірақбөлінеді.
Азаматардың ар-намыс пен қадір-қасиеті бірдей емес, себебі адамдардың қоғам алдындағы жетістіктері де бірдей болмайды. Кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің мазмұны қоғамдық қызметінің дамуына қарай өзгеріп, толықтырылып отырады.
Ар-намыс пен қадір-қасиет сөздерімен бірге, бөлінбейтін мағына бедел. Сондай – ақ, алдында айтылғандай жеке тұлғаның қадір-қасиеті барлық адамдардың тең принциптерінен шығып, олардың моральдық қатынасы мен өзін-өзі бағалаудан анықталса, ал ар-намыс сөзінің мағынасы керсінше адамдарды дифференциялық бағалау арқылы олардың беделін анықтауға болады. Сонымен қатар, адамның беделі деген сөздің мағынасы адамның қадір-қасиеті деген мағынамен сәйкес келеді.
Адамның беделі тек қана өзіне байланысты, себебі адамның беделі оның іс-қылығының, тәртібінің негізінде қалыптасады. Адам өзінің беделін қаншалықты бағалайтыны , оның жасаған іс-әрекеттерінен байқауға болады. Жазушы Гегель « Адам не істесе, ол өзі» деп айтқан.
Қоршаған ортадан алған мәліметтерге байланысты адамның беделі жақсы не жаман болады және әрқашанда қозғалыста болады.
Адам ісімен, жасаған еңбегімен қана беделді бола алады, осыған байланысты іскерлік бедел деген мағына туындайды.
Іскерлік бедел деген сөздің мағынасы қазіргі кезде реанимацияға ұшырайды. Іскерлік беделдің болғаны дұрыс және ол қажет нәрсе. Бірақ бұл процессті қоғамның коммерциялауына байланыстырып қою міндетті емес. Себебі коммерциялау тендециясымұндай элементтердің қоғамдағы қарам-қатынасы арқылы пайда болуын қана көрсетпей, сонымен қатар қажетті базаның туып, әрі қарай дамығанын дайындайды.
Менінше, ар-намыс пен қадір-қасиет сөздерінің және іскерлік бедел сөзінің мағыналарының арасында айырмашылығын анықтау керек. Үш айырмашылықты анықтауға болады.
Бірінші – бұл құқық қатынасының субъектті құрамы. Іскерлік беделді тасушы материалдық игіліктер (тауар, қызмет көрсету саласында, еңбек) жасайтын субъект бола алады. Іскерлік бедел мағынасы тек коммерциялық құқыққа ғана қатысты жалпы азаматтық термин болса да, ол жалпы нақты бір мағынаны білдіреді. Ал ар -намыс пен қадір-қасиетті тасушы кез келген адам бола алады.
Екінші айырмашылық іскерлік бедел жеке біреудікі бола алмайды, бірақ ол игілік тұлғасымен байланысты. Ар-намыс – қоғамның жеке тұлғаға беретін бағасы, ал қадір-қасиет — жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы.
Олар субъектінің пайда болуына байланысты туындайды және автоматикалық түрде іскерлік беделге ие болады. Көрермендердің пікірі бойынша уақыттың ағысымен жасалған іскерлік бедел жақсы не жаман болуы мүмкін. Шаруашылық саласында іскерлік беделі бар субъект, қоғамдық өнеркәсіптің басқа да саласында ұқсас сондай іскерлік беделге автоматикалық түрде ие бола алмады.
Үшінші айырмашылық ол қандай бұзушылық және ол қайда бағыталғанын анықтау болып табылады. Іскерік бедел бұзушылығы субъект қожалығының құрамының материальдық емес элементтерінен құрылу керек, ол қандай да бір салада және белгілі бір қызмет уақытында болады, қоғамның субъект қожалығына берген жалпы бағасына тартылмайды.
Жоғарыда айтылғанға байланысты бір мысал келтіруге болады. Бір концерн өзінің ұйымдастырушыларының бір бас директорының есімімен аталады П. мырза. Барлық жарнамалық компаниялар осы бас директордың сөз сөйлеуінен тұрады. Сонда мынадай ой туады, концерннің жақсы аты, жанағы П мырзаның жақсы атымен байланысты. Бірақ сонда да П мырзаның ар-намысының, қадір-қасиетінің, іскерлік беделінің бұзушылығын өзінің атымен аталған концерннің іскерлік беделінен бөлу қиынға түседі. Мұндай жағдайда П мырзаның ар-намысының, қадір-қасиетінің бұзушылығы жеке бағаланып, өнеркәсіптің іскерлік беделіне еш қатысы болмайды
Іскерлік бедел — өнеркәсіп саласындағы, іскерлік айналымдағы нақты жеке тұлғаның, мекеменің, өнеркәсіптің, ұйымның, ұжымның қасиеттерінен қалыптасатын жеке меншікті жағдай беделі.
Іскерлік бедел тасушы кез келген жеке субъект қожалығы бола-алады:
а) кәсіпкер-азамат;
б)шарт бойынша (жалпа азаматтық)жұмыс істейтін азамат. Бұл жерде азаматтың қандай еңбек жасайтыны және сол еңбегінен түсетін пайданың қаншалықты рөл атқаратыны ешқандай орын алмайды. Онда жұмыскердің сол қызметіндегі заттардың қолдануы қаншалықта белгілі екені қажет;
в) контракт бойынша жұмыс істейтін азамат;
г)заңды тұлға