Ар-намыс, қадір-қасиеті, іскерлік бедел туралы сұрақ қозғағанда, ең алдымен адамның құқығы туралы және оны қамтамасыз ету туралы ой келеді. Азаматтық –құқықтықтың түсінігі мен түсіндірмесі бойынша бұл категорияларда құқықтық нормалар бар деп болжау жасайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115- бабының, 3-тармағындажеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқаматериалдық емес игiлiктер мен құқықтар сияқты құқықтар анықтайды. Мұнда материалдық(меншіктік) мазмұннан айырылған игіліктер туралы атылады. Олар тасушы тұлғамен байланысты: басқа адамға ешқандай сылтаумен, тәсілмен ешқандай жағдайда да берілмейді. Материалды емес игілігі(құқығы) азамат пен заңды тұлғада туғаннан немесе заңды түрде болады. Туғаннан алатын игіліктері өмір, денсаулық, тұлғаның қадір-қасиеті, ар-намысы және аты. Ал азаматтың жеке өмiрге қол сұқпаушылық, тұратын орнын таңдау құқығы заң күшімен қалыптасады.Заңды тұлғаларға іскерлік бедел,фирма ашу құқығы, тауар белгісі сияқты материалдық емес құқықтар қолданылады.
Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел адамдардың өмірлерінде қоғамдық қатынастарда өзара кездесетін қиын және әртүрлі жағдайларда болады. Бұл қатынастар құқықты-қатынас моделінің нормасына сәйкес құқықты бекіту арқылы реттеледі, мұнда бір субъект – құқық тасушы, екіншісі- субъект міндеттерін тасушы.
Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел құқығының мазмұны мен мағынасын ашу үшін ең алдымен субъекттің қандай іс-әрекет жасайтынын, оның тәртібі қандай болу керек екенін білу керек.
Әрбір құқык субъектісі өзінің субъектілік құқығы мен міндетінен басқа, құқықтық жағдайын көрсететін белгілі жеке субъектілік құқығы, мүліктік, саяси құқық жиынтығы беріледі. Бұл берілетін құқықтар арасына тағы ар-намыс құқығы, қадір-қасиеті құқығы, іскерлік беделі құқығы. Бұл құқықтар құқық қабілетінің нәтижесінде жасалмайды, олар құқық қабелітінің азаматы мен ұйымының элементтері болады.
Азаматтық құқық объектінің немесе жеке тұлғаның ар-намыс, қадір-қасиетті және іскерлік беделдің бұзылған уақытқа дейін қорғайды және мүліктік емес жеке қатынастардың бұзушылығынын болмауын жалпы міндет арқылы алдын ала тоқтатады. Тек қатынастардың бұзылған уақытынан бастап азаматтық құқық нормалары оларды реттеп , қорғай бастайды
Ар-намыс пен қадір- қасиет құқығын ерекше субъектілік құқық деп қарастыру керек, себебі әр бір азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне кір келтірпеуге құқылы, азаматтар мен заңды тұлғалардан осы құқықты бұзбауға талап ету керек. Ар-намыс, қадір-қасиет – адамның жеке құқығы, бұзылуына қарамастан олар әрқашанда болады. Ал құқықтың бұзылған уақытында ғана оларды қорғау құқығы қажет болады. Ар –намысқа, қадір-қасиетке, іскерлік деген құқық субъектті құқық болып табылады. Субъектті құқық барлық адамдарға қойылатын міндет. Бұл міндеттің негізгі талабы ұйымның, ұхымның немесе жеке тұлғаның ар- намысына, қадір- қасиетіне, іскерлік беделіне кір келтіруге жол бермеу. Ар-намыс , қадір-қасиет , іскерлік бедел құқығына адамның іс-әрекеті қана емес маңызынды,сонымен қатар міндетті орындайтын тұлғаларға сол іс-әрекет бас тарту.