Антиденлерді тазалау.Алынған дақылдың және асцидтік суйықтықтың құрамында моноклоналды антиденелерден басқа компоненттер болады. Оларды жою керек.
Иммуноглобулин М бөліп алғанда дақылды суйықтықтың 100 мл 28 гр аммоний сульфатын салады (45 пайыздық ерітінді). Қоспаны 12 сағат 4 градуста сақтайды, 20 минут 10000 об/мин центрифугаттайды. Тұнбаны 45 пайызды аммоний сульфатымен жуады, 10 мл 0,05М тристан буферінде орнына келтіреді, сефароза бар хроматографиялық колонкасынан өткізеді, 0,1М альфаметилгликозиді бар 0,05М трисбуфермен жуады.
Моноклоналды антиденелердің кейінгі қолдануы олардың титрімен, аффиндігімен, ерекшелігімен байланысты.
Афиндік – антидененің және антигенді детерминантаның қатнасу деңгейі. Моноклоналды антидененің титрі төмен, афиндігі әр түрлі болады.
Иммунохимияда және аффинді хроматографияда төменаффинді моноклоналды антиденелермен қолдануға болады, бірақ ИФА сараптауға моноклоналды антидене жоғары аффинді болу керек. Диагностикалық мақсатымен моноклоналды антидененің бір неше клондарының кешендерін қолданады.
Моноклоналды антиденелермен таза түрінде қолданбайды. Оларды ферменттермен және радиоизотоптармен таңбалап ИФА және РИА сараптауда қолданады.