Вокалды – хорлық техникалық негізі болып, әншінің дұрыс тыныс алу дағдысы болып табылады. Дыбыс сапасы осыған байланысты.
Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы:
— Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады.
— Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді.
— Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау.
Әншінің тыныс алуының түрлері.
- Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды.
- Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады.
- Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманың қарқындылығымен және іш бұлшықетімен сезіледі.
- Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді.
Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады.
Хормеистрдің ән айту қойылымы.
— Ән аитқанда отыруға, бей – жай тұруға болмайды, әр қашанда ішкі және сыртқы тартылымды сақтау міндетті.
Керек;
— Басты тура ұстау, еркін, төмен түсірмеу, қисайтпау.(өйтпегенде көмей төмен немесе жоғары вертикалды орналасадыда, дыбыс сапасына зиян келтіреді).
— Дене ауырлығын тура бөле отырып, екі аяқта нық тұру.
— Аяққа сүйене отырып орындықтың шетіне отыру
— Корпусты ешқандай қысылыссыз тура ұстау керек.(арқаның қисық тұруынан диафрагма еркін қозғала алмайды, нәтижесінде тыныстың қарқындылығы джойылып , дыбыс апорадан алынып, тембрдың ашықтығы жэоғалып, интонация тұрақсызданады).
— Қол (егер нота ұстамаса) тізеде еркін жату керек.
Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады. Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста , тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек.
Әншінің тыныс алуымен вокалдық хор техникасының элементтерінің өзара байланысы.
Әншілік тыныс вокалдық хор техникасының әр түрлі элементтерімен тығыз байланысты; дыбыс атакасы, дикция, динамика, дауыс регитры, интонация т,б.
Тағыда;
— Тыныс жинау дауыстық апараттағы артық бұлшық еттік қосылыстар және тағы артикуляциялық органның қосылуы, дикцияның жинақталмауы, детонация, дауыс дыбыстануының еркін болмауы.
— Дыбысты алу кезіндегі бір мезгілдік тыныс ұстанымының болмауынан, дыбыс интонацялық тұрғада да дұрыс болмай «подъездбен» алынады . Ереже бойынша белгілі жоғарлықты төменен алуы тиіс.
— Алынған ауа көлемі дыбыс динамикасына пропорциянал болады.
— Төменгі байланыстағы ауа қысымының күші дауыс астарының жиілігіне әсер етіп тембр түрін анықтайды.
— Дауыс астарындағы шағын қысым әсерінен дыбыс тембрі жағынан кедей болып көрінеді. Фольцеттік мінезде төменгі байланыс қысымының күштілігі керісінше әсер етеді, яғни дыбысталу толып, тембрі едәіур бай , кеуделік типке жақын болады.
Балалардың тыныс алу техникасымен жұмыс істеуінің кейбір әдістері.
№ 1 Жаттығу.
Дирижер қолы арқылы қысқа тыныс алып, санау арқылы (1,2,3,4,5…) тынысты шығару. Жаттығуды қайталаған сайын тыныс шығарғанда цифр санын көбейтіп отыру керек.
№ 2 Жаттығу.
Төменгі қабырғалар қозғалысын сезіне отырып қысқа тыныс алу, әркім өз қозғалысына есеп бере отырып, төменгі қабырғаларын қолымен ұстай отырып, санаумен ұзыннан тыныс шығару, цифр қатары осылай көбейе береді.
№ 3 Жаттығу.
Төменгі қабырғалар қозғалысы арқылы қысқа тынс алу, тынысты ұстаумен ақырын санай отырып тынысты шығару.
№ 4 Жаттығу.
Төменгі қаьырғалар қозғалысымен тыныс алу, тынысты ұстап, дирижер қолымен жұмсық атакамен бір дыбысты примарды тонға дейін бір қалыпты дыбыс күшімен айту. Басында дыбыс 2 – 3 с созылады, кейіннен ұзарады.
Үздіксіз тыныс (цепное).
Үздіксіз тыныс бұл – ұжымдық дағды.
Үздіксіз тыныстың негізгі ережесі:
— Көрші отырған адаммен бір уақытта тыныс алмау.
— Музыкалық фраза ішінде таныс алмау керек, мүмкіндігінше ұзын ноталардың ішінде тыныс алу.
— Тыныс білдірмей және тез алу.
— Хорда жұмсақ дыбыстық атакамен, интонациялық тұрығыда нақты, яғни «подъездсіз» партитура нюансын сақтай отырып айту.
— Көршінің айтқан әнін тыңдап, жалпы хор дыбысталуына қосылу.
Әдебиеттер:
- Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 161 – 168.
- Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 99 – 103.
- Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 35 – 41.
- Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 141 – 171. 290 – 300.
- Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 59 – 60.
- Соколов В.Г. «Работа с хором». Стр. 27 – 30, 37 – 39.
- Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 91 – 97.
- Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 10 – 13.
Тема 8.
Дыбыстың қалыптасуы.
І. Ән айту кезіндегі дыбыстың қалыптасуы тыныс алумен артикуляцялық органдардың дауыстау астарымен өзара байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Дыбыс қалыптасуының миоэластикалық теориясы.
Миоэластикалық теорияны қолданғандар; (Гарма, Мюллер, Музехольд, Левидев) дауыстың байланыстағы жиілікте дыбыс жоғарылығы шығарылған ауа күшіне байланысты.
Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы.
Дыбыс қалыптасуының нейрохроноксикалық теориясы француз физиологы Раул Юссоның ұсынуымен қабылданған. Байланыстар жиілігі импульске сәйкес келе отырып, орталық жүйке жүйесі арқылы дауыстық бұлшық етке беріліп, дыбыс шығару күші дыбыс жоғарылығына әсер етпейді.
Жанашыл мамандықтандырылған әдебйет негізіне дыбыстың қалыптасуының механика- миоэластикалық теориясы қабылданады. Дауыстық астар жүйеліктер негізінде жұмыс істейді. Тыныс алу жүйесі сыртқы күшті қамтып, дауыстық астарға әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі дауыс астарында көмейдің аэродинамикалық мүмкіндігін тудырады.
ІІ. Әншілік дыбыстың физикалық ерекшелігі;
— Жоғарылық
— Тембр
— Күш
— Жалғасуы
Әнші дыбыстың жоғарылығы дауыстың астар жиілігі арқылы анықталады. Әр әнші дауысының дыбыстыұ диапазоны әр түрлі және ол мынаған байланысты;
— Дауыстың аппараттық табиғи анатома морфологиялық ерекшелігіне.
— Әншінің қандайда бір кезеңдерде дыбысты өзгерте алу икемділігіне, яғни дауыстың астарының жуандығына, ұзындығына қатысты.
— Әнші тынысының сапасына, яғни екпінді, қарқынды немесе өте әлсіз болуы мүмкін.
— Әнші дыбысының күші дауыстың астарындағы серпілістермен анықталуы – амплитуда жиілігі, амплитуда соғұрлым көп болса дыбыс соғұрлым күшті болады.
Жиілік амплитудасы мынаған байланысты:
— Дауыс бұлшық еті күшінің азаюы.
— Төменгі байланыс қысымындағы ауа көлемі (төменгі байланыс қысымы неғұрлым жоғары болса, дауыстық астар амплектудасының жиілігі соғұрлым көп, бірақ төменгі байланыс қысымы шектен тыс жоғарыласа, дауыстық астарда қысылыс пайда болады, жиілік амплектудасы кішірейіп дауыс күші азаяды.
— Резонаторлық аймақтық қалпы және орналасуы.
Әнші дауысының әрбір дауысы физиологиясы жағынан табиғи қиын. Олар негізгі және көп түрлі жай тоннан тұрады. Негізгі тонға ең төменгі жай тон жатады, ол дыбыс құрамына кіреді. Дыбыс жоғарылығын осы анықтайды. Ал басқа жай тондар обертон деп аталады. Дыбыс жоғаралығы спектіріндегі обертондардың әр түрлі қатынасы күшімен сапа жағынан спецификалық әшекеиге немесе дауыстың ерекше дыбыс талуына яғни тембрге әкеледі. Дауыстың жеке тембрі эндокринді жүйеге қатысты, мұнда дауыстың анотомиялық ерекшелігі кіреді және тыныспен аритикуляциялық органдарғада байланысты.
Резонаторлармен күштелген обертондардың жеке тобының форманты спектр деп аталады. Төменгі әшекейлік форманта – дауысқа жұмсақтық қоңыр әсер береді. Жоғарғы әншілік форманта – дауысқа ашықтық, ұшқырлық береді.
Дауыстардың қалыптасуы әрбір кезеңде 3 түрлі жағдай шамасына байланысты болады;
— Көмейдің құрылуы (толық немесе бір жақты)
— Дауыстық астарды бір – біріне әкелу.
— Ауа шамасына.
Үш шамада тыныс алу жүйесі жүмысымен әншінің артикуляцилық аппараты арқылы көркемдік талаптарды орындайды. Дауы қалыптасуының физиологиялық механизмін түсіну фонация кезеңін түсінуге жол нұсқайды.
Әдебиеттер:
- Краснощеков В.И. «Вопросы хороведения». Стр. 168 – 173.
- Самарин В.А. «Хороведение». Стр. 103 – 112.
- Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 60 – 61.
- Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 41– 54.
- Егоров А.А. «Теория и практика работы с хором». Стр. 97 – 99.
- Быков Н.О. «Основы работы с детским хором». Стр. 13 – 15.
Тема 9.
Жеке әншілік дауыстың тембрі.
Ән – бұл тек дауыстық аппараттың ғана емес сонымен бірге, бүкіл ағзаның функциясы. Балалар дауысының жеке тембрі былай анықталады.
— Көмейдің және бүкіл ағзаның анатомиялық және морфологиялық структурасының ерекшеліктерімен (көмей мен дауыс астарының мөлшері және құрылымы, дауыс қалыптастырушы бұлшықеттерінің күштілігі, мидың жылдам жұмыс істеуі, жалпы денсаулық, сұлулықтың сезгіштігі.
— Демді, жыныстық және жеке ерекшеліктерімен эндокринді жүйеге жәнеде әншінің эмоционалды жағдайынан.
— Айту кезіндегі көмей функциясы (айтылу дағдысы, дыбыстық қатардың айқын ерекшеліктері, жеткізу әдістері, жеке жеткізу мәнері).
— Ән айту кезіндегі көмей функциясы (дауыс қуысындағы дыбыс мінезі, тыныспен жұмыс және конфигурация, әнші дауысының тембрі дыбысталуымен басқару, яғни регистрді басқарумен.
Вокалдық әдістердің көзқарасы бойынша дауыстың регисторда дыбысталуы мынадай факторларға байланысты: тесситура, дыбыс күші, атака түрлері және дыбыс жүргізу әдісі, дауысты дыбыс типі мен оның артикуляциялық әдісі, әншінің эмоционалды көңіл күйіне, орындалған шығарманың көркемдік образымен байланысты.
Тесситура.
Вокалдық әдістің негізгі талаптарының бірі барлық жұмыстық дауыс диапазоны бойынша қалыпты тембрлік дыбысталу. Тембрлік дыбысталудың дамуын айтқанда негізгі мәселе регистолық ауысым, өйткені әртүрлі дыбыс ұзақтығында бірдей тембрді алуға болмайды және керек те емес, керісінше вокалдық орындауда тембрдің әдемілігінің әртүрлілігі қажет. Тембрлік дыбысталудың 2 кезеңі бар:
- Баспалдақты дыбыстың қатарда тұрғызылған жаттығулар.
- Секіртпе аралықтары ұлғайтыла отырып, интервалдарды төменнен және жоғарыдан айту.
Жеңіл немесе тығыз тембрлік ұйымдастыруды дайындау.
Жеңіл тембрлік дыбысталуға жету үшін төменгі дыбыстық қатарға тұрғызылған жаттығуларды қолдану керек. Сол кезде фальцетке жақын жеңіл дыбысталу пайда болады. Тембрлік дыбысталудың қалыптылығын сақтай отырып, төменгі дыбыстық қатарда жаттығуларды айтқан кезде, дыбыс неғұрлым төмен болса, ол соғұрлым жеңіл жоғарыдан айтылуын сақтаған дұрыс.
Тығыз, қою тембрлі дыбысталу үшін жоғарғы дыбыстық қатарға тұрғызылғын жаттығуларды қолданған дұрыс. Мұнымен регисторды күштеуге болмайды (бұлшықеттердің қысылуы мүмкін).
Төменнен және жоғарыдан алынған интервалдарды орындау техникасы.
Жоғарыға алынған интервалдарды айту үшін төменгі дыбысты жеңілдетіп алу керек. Төменнен алынған интервалдардың айтылу техникасы да осындай жағдайда алыну керек. Бір ескертетіні төменгі дыбыс қалпын дауыстық астардың шеткі жиілігін ретіменде сақтау керек. Төменгі дыбыстық қатарды және төменнен алынған интервалдарды айту жеңіл. Тембрлік дыбысталуды дамыту үшін баспалдықты дыбыстық қатардағы регисторлық күйді сақтаған дұрыс. Балаларға жаттығы жасатқанда олар вокалдық жұмыстар жасағанда осы тәсіл көмектеседі, яғни тесситура көмейді өз күйіне келтіруші негізгі факторлардың бірі. Бала дауысын өз қалпына келтіру үшін оларға фальцеттік дыбысталуда жоғарғы тесситурада айтқызу керек.
Дауыс күші.
Ауаны көбірек алса, кеуделік дыбысталуды алуға болады, ал аз алса фальцеттік дыбысталуды алуға болады. Регисторлық дыбысталудың белгілі қалпын ұстану үшін тыныс алудың көлемі мен қарқынының әсері көп. Дауыс күші байланыстырушы қысымға пропорционалды, егерде балаларға күштілігі әр түрлі дауыстармен бірдей дауысты дыбыстарды бір ұзақтықта айтқызса, f (қатты) айтқанда оларда дауыс дыбысы р (ақырын) айтқанға қарағанда обертонға бай болады. Фонацияның фальцеттік механизмін бүкіл дауыс диапазонымен төменгі тесситурада, ең жоғарғы дыбыстарынан бастап фальцетпен айту керек. Бірақ бүкіл диапазон бойы ең төменгі дыбыстан бастап таза кеуделік дыбыспен айту мүмкін емес, өйткені әрбір әнші жоғарғы дыбыстарды фальцетпен ғана айта алады. Дауыс күші регистордың механизмінің қалыптастырушысы. Көмейді қатты айту күйіне ендірсе кеуделік типтегі дыбысталу пайда болады.
Атака түрі және дыбыс жүргізу әдісі.
Регистормен бірге дыбыс атакасы ұғымы да жүреді. Оның екі түрі бар: қатты және жұмсақ. Бұл ұғымдарды түсіне отырып төртке бөлуге болады:
— Өте қатты
— Қатты
— Жұмсақ
— Өте жұмсақ
Белгілі ғалымдар Егоров пен Яковлев мұғалім, зерттеушілер атаканы дыбыс пайда болған жолы деп қана қарастырмайды, арғы шығарма сипатын да анықтайды дейді.
Жұмсақ атака көптеген мамандардың дәлелдеуі бойынша дыбыс қалыптастырудың негізгі жолы деп алынды.
Қатты және өте жұмсақ атакалар енді ән айтып жүргендердің ән айтуы нашар болғанда дауыстық астарды қатал ету үшін қолданады. Оқушыдан фальцетке жақын дыбысталуды алу үшін оған жұмсақ атаканы қолдана отырып, ақырын айтуды талап ету керек. Кеуделік дыбысталу қатты атака арқылы қатты айтқанда пайда болады. Атакадан соң дыбыс қатты немесе жалғасымды болуы мүмкін. Жаңа атакамен қысқа – қысқа дыбыстық қатарларды алса дыбыс стаккато ретінде шығады. Стаккато тәрізді легатода өзінің жеңілдігі нығыз және жалғасымдылығы бар дыбыс. Әрбір дыбыстың пайда болуы жаңа атакадан басталады. Мысалы: жеңіл стаккато байқағыштықты талап етеді. Әрбір маркато, нығыз легато, барлық акценттер, яғни көмейдің регисторлық күйіне әсер етеді, тембрлік дыбысталуыда өзгереді.
Ән айту артикуляциясы және дауысты тип.
Артикуляциялық ағзаның жұмыс істеуі дыбыстық қалыптасу бағыты артикуляция деп аталады. Артикуляцияның жай кезден ән кезінде көп ерешеліктері бар. Күнделікті жұмыс істеуді сыртқы органдар тез қарқынды жұмыс істеуді (ерін, төменгі жақ), ал ән айту кезінде ішкі (тіл, жұтқыншақ, жұмсақ таңдай) органдар дауысты дыбыстың созылуына байланысты ақырын жұмыс істейді. Дауыстылармен жұмыс басқалай, жай дауыстыларға қарағанда ән айту кезіндегі дауысыздар үлділігі артады. Дауыстыларды дұрыс айтуға 500 – 540 Гц күш кетеді, төменгі ән айту форманты бойынша үнділіктің күшеюінің жиілігі 2000 – 3000 Гц барады, бұлар жоғары ән айту форманты болып табылады.
Әншілік артикуляцияда басты талап дауыстылардың тембрде дыбысталуы қажет «о», «у», тәрізді дауыстыларды айтқанда көмей төмен түседі, «и», «э» айтқанда жоғары көтеріледі, ал «а» орташа қалыпта болады. Кейбір вокал мектебінің мамандары көмейдің төменнен орналасуы жақсылыққа дейді. Бірақ бұл барлық әншілерге келе бермейді.
Көмейдің қалыпты жағдайын тапса, жоғалтпай ұстау міндетті. Әнші дауысын неғұрлым кеңірек алса тембр, дауыс жиілігіде соғұрлым кеңейеді. Әр вокалдық мектеп әр түрлі айтады. Бірі дауыстыларды күліп тұрғандай айту міндетті десе, бірі «о» әріпін айтқандай ауызды ашу керек дейді. Жоғарғы дауысты іншңлерде еріннің күліп тұрғандай ашылып айтуы оңай. Қорытындысында дыбыс тембрі жағынан жеңіл фальцетке жақын болып естіледі. Ал «о» тәрізді ашылған ауыз дауыстық астарды тереңнен қозғап, қою тембрлі, кеуделік дыбысталуға әкеледі. Әртүрлі дауыстылар әнші тембрінің сапасына, ауыз бірқалыпты ашылғанда да әсер етеді. Егер дауыстыларды белгілі бір қатармен айтса (и, э, а, о, у) іштегідыбыс шығарушы труба ұзырады. Бұл дауыс астарында вибрацияға әсер етеді.
Артикуляциялық бірқалыптылығымен дыбыстың күші мен ұзақтығында, дауысты и, э дыбыстары айтылғанда кеуделік дыбысталуға жақын келеді. Еріннің жартылай күліп тұрғандай тұруы өз позицияңды табуға көмектеседі. Барлық дыбыс резонаторда естілуі тиіс.
Эмоционалдық күй.
Баланың эмоционалдық күйінен шығарманың орындалу көркемдігі де білінеді. Эмоционалдық күй дұрыс болмаса артикуляциялық аппаратта дыбыс жүргізілуі де, дауыс күшіде жаңадан алынып отырады.
Жабық ауызбен ән айту – бұл солистер практикасында сирек қолданылатын тембрлік дыбысталудың бір түрі. Бұл орыс музыка мәдениетінде ХХ ғасырдың басында А.Гречаниновтың, А. Костальскийдің, П. Чеснаков шығармаларында хор музыкасында пайда болды. Бұл көркемдік жағынан емес, балалар дауысын дамытуда да орны көп. Дауыссыз «м» дыбысы естілу арқылы да жабық ауызда ән айту көп тараған. Бұл дауыстардың резонаторда естілуіне көмектеседі. Жабық ауызбен ән айтқанда ерінді алдыға жылжытып, тиісті шамалы ашу керек. Бұл дыбыстардың мұрын және көмей аймағынан естілуін сезінуге әкеледі. Жабық дауыстыға позицияны ашық ауызбен айтқандада қолдану керек. Балалар тембрімен жұмыс істегенде фальцеттік типпен жұмыс істеген дұрыс.
Әдебиеттер:
- Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 62 – 87.
- Дмитриев Л.Б. «Основы вокальной методики». Стр. 350 – 355.
- Соколов В.Г. «Работы с хором». Стр 105 – 107.
- Живов В.А. «Хоровое исполнительства». «Теория». «Методика». «Практика». Стр. 170 – 178.
- Живов В.А. «Исполнительский анализ хорового произведение». Стр. 37 – 44.
Тема 10.
Балалар дауысын күйге келтірудің әдістері.
Қандайда регистрлік режимде болсада көмей дұрыс дыбыс қалыптастыруға жету керек, яғни қарқынды ән айту, формировкасыз артық қысымсыз, жақын вокалдық позицияда, үнді, ортыша домалақтанған, қалыпты әншілік вибратамен:
- Фальцеттік режимде әншілердің қалыптастырушылық шарты.
- Тесситура – жоғары және орташа, жақын және жоғары (g 1 – d 2).
- Динамика – рр — дан mр – ға дейін.
- Дауыстылар типі «у», «о», «а».
- Артикуляция – ерін жартылай күлгендей, ауызды орташа ашу, көмейді сақтау, «у» дыбысынан бастау.
- Дыбыс жүргізу тәсілі – жеңіл стаккато, легатоға көшетін.
- Негізгі эмоционалдық мазмұны – нәзік, көңілді.
Жаттығу №1.
Мақсаты: Дыбыстық атака кезінде дауыстық астардың шеткі жиіліктерін қарқындандыру, дыбыс қалыптастырудың негізгі ережесі осында (интонация жағынан таза, ысылды азайту керек). Жаттығу g 1 – н бастап, а 1 дейін р динамикасында жеңіл стаккатода «у» дауысты дыбыс арқылы айтылады.
Жаттығу №2.
Мақсаты: Дауыстық жоғарғы астарындағы қарқынды жиілігін көшіру, яғни жеке дауыстың байланысындағы нақты пайда болған ән айтудағы стаккатоның легатоға айналуы. Бұл жаттығу жарты тондар арқылы бірнеше рет жоғары және төмен қайталанады. Диапазоны g 1 – d 2. басында «у», кейіннен «о» және «а» аяққа ұзақ дыбыста дауыс күшін ауыстырмау керек.
Жаттығы №3.
Мақсаты: Әр дауыстыда көмей күйін сақтау, ұзақтықтар ауысқанда дауыстыларды сақтау. Екі дыбыста (g 1 және а 1) тембрімен динамикасы жағынан біркелкі болу керек. Жоғарғы дыбысты төменгі позициясында айту керек. Дыбыстық атака жоғарыдан алғандай болу керек, әнші берілген ұзақтыққа нақты түседі. Егер дауыс қысылып вокалдық позиция тұрақсызданса трельді төменгі дыбыстан емес, жоғарыдан бастауға болады. Жаттығуды орындағанда дауыс күшін жарты тоннан жоғары етпеу керек.
Жаттығы №4.
Мақсаты: Стаккатодағы дыбысты көмей ұзақ дыбысқа алмастыру. 1 – ші дыбысты керекті ұзақтыққа түсе отырып нақты түсу керек; ашты, позициясы жақын, ашық, содан серпіліп, төменгі дыбысқа жеңіл секіру. Төменгі дыбыстың ұзақтығы жағынан нақты айту. Тынысқа көніл бөлу.
Жаттығы №5.
Мақсаты: Фальцеттік дыбысталуды жоғары және төменгі дыбыс аралықты диапазонда тарату. Негізгі талап: көмей күйін ауыстыра білу төменгі дыбыстық қатарды орындау.
ІІ. Балалар дауыс қалыптастырудың кеуделік режим шарты.
- Тесситура – төменгі және орташа, төменгіге жақын (g м — g 1)
- Динамика – mf – f
- Дауысты типі – «а», «и», «э»
- Артикуляция тәсілі: кең тігінен ауызды ашу, ерін домалақталған, жұмсақ таңдай көтеріңкі
- Дыбыс атакасы – жұмсақ, бірақ қарқынды.
- Дыбыс жүргізу тәсілі: нон легато, маркато, нығыз легатоға көшу.
- Негізгі эмоционалды мазмұны: қатал, шерулі, жан дүниемен және т.б.
Кеуделік режимнің бірінші жаттығулары фальцеттік режимдегідей артикуляция басқа, тесситура төмен. Жуықтап алғанда а1,с1,е1 дан, ақырындап кеңінен g м — g 1 ға жеткізу. Дауыс күші әндету кезінде ашылады.
Жаттығы №7.
Мақсаты: Кеуделік дыбысталуды төменгі тесситураға көшіру, дауыстық жоғарғы тонды диапазонын вокалды – жаттықтырушы жаттығудың негізі жоғарғы дыбыстардың қатардан басталуы. Кеуделік дыбысталумен жоғары қарай үш дыбыстан айтқанда төменгі дыбыстарды күштеуге болмайды, өйткені жоғарғы дыбыстарда қысылыс пайда болады.
ІІІ. Әнші дауысын араласқа қою. Фальцетпен кеуденің араласуы:
- Дауыстың ортаңғы диапазоны (f – a 1)
- Динамика mf .
Әдебиеттер:
1. Стулова Г.П. Хоровой класс: «Теория и практика вокальной работы в детском хоре». Стр. 84 – 99.
2. Емельянов В. В. «Фонепедический метод развития голоса». Стр. 126 – 137.
Тема 11.
Дикция және орфоэпия.
І. Ән, хор – бұл музыка мен поэзияны байланыстыратын өнер. Ақындық мәтінді тыңдаушыға жеткізу хор дикциясына байланысты, дауыстылар мен дауыссыздарды жеткізу және орфоэпия фонетикалық және грамматикалық норманы бақылау. Хормен жұмыс жасағанда сөздерді дұрыс айтқызу міндетті. Дикция сапасы вокалға да байланысты. Дыбысты жақсы жеткізу әншілік дыбысталудың сапалы болуына қарқынды тыныс жоғарғы позициядағы дыбыс көмектеседі.
Жеткізе білудің үш түрі бар: күнделікті өмірде, сахналық және әншілік. Жай жеткізуді глиссандодан, әр тон тұрақсыздықтарынан, рефлекторлық модуляциядан ажыратамыз. Ән айтқанда әншілік тонға көп көңіл бөлінеді., сонымен бірге ритм, тыныста музыка талабына көнуі тиіс. Әншілік дикция спецификасы дауыстыларды әр регисторға сай жеткізе білу (Мысалы: «о» «а» ға жақын). Сөздерді тез айтқанда соңғы дауыссызды сөз ішінде келесі дауыстыға келу керек.
ІІ. Әншілік дикция сипаты музыка сипатына байланысты. (Шығарманың мазмұны, оның образы).
- Тез шығармаларды орындағанда дыбыс күшін жеңіл алған дұрыс, сөз жеңіл айтылады, жақын және ілезде, артикуляциялық аппараттың аз мөлшердегі қозғалысы арқылы. Мысалы: Глинка «Попутная», «Дым сталбале кипит, дишится пароход». Свиридов «Хоровод», «Веселимся кружимся» — сегіздіктер.
- Драмалық шығармаларда салтанатты әнұрандарды айтқанда артикуляция «көлемді» болады. Калинников «Кондор», «Грамады гор», «Иззубренные скалы». Моцарт, Верди, Берлиоз реквиемдері. Прокофьев «Вставайте люди руские», «Александр Невский» кантатасындағы хор т.б.
- Қалыпты әндетілген шығармаларда мәтіні жұмсақ жеткізіледі. Чайковский «Соловушка». Танеев «Серенада», Мориста өз сипатына қарай «Смело товарищи в ногу» Радик.
- Ырғақтық ансамбльмен сөздерді дұрыс жеткізуінің принципінің бұзылуы жаман хорлық дикцияға әкеледі.
ІІІ. 1. Сөздердің аяқсыз естілуі, әсіресе дауыссыздарға аяқталған сөздер.
- Интонациялық жағынан төмен дауыссыздар сырғып айтуға әкеледі, дыбыс басында қиысады.
- Дикция сапасына тесситура мен дыбыс күшінің қатысы да бар. Жоғыры тесситурада сөз айтылуы қиын.
- Дыбысталудың орташа күші мәтінді жеткізудің ең қолайлысы.
- Оркестр мен хор айтқанда аралықтарын сақтау.
- Партиялар арасында динамикалық ансамбль.
- Дауыстық дыбысталу күшін білген соң музыкалық талаптар мен бірге, мәнін жеткізілуінеде көңіл бөлу.
Орфоэпия (жеткізу қалпы).
- Орыс тілінде негізгі 5 дауысты: «а», «о», «у», «э», «и», 4 аралық «я», «ё», «е», «ю» және «ы», фонетикада «и» деп қаралады. Әуендетілген дауыстылар әрқашан фонетикалық жағынан анық және нақты естілуі тиіс. Дауыстылардың өзгеруі жылдам темпте ғана болады. Дауыстылардың өзгеруі мен әннің айтылуы екі түрлі соққысыз «а» және «э» динамикасы жағынан әлсізденеді. «о» дыбысы «а» — ға жуықталады. (аблака, Масква). «я» дыбысы «яе» тәрізді айтылады. (гряеда, памяеть) сөз аяғында таза естілуі тиіс. Жұмсақ «е» дыбысы «и» тәрізді, күнделікті сөзде, әнде қысқа ұзақтықтарда қолдануға болады (Мысалы: тез – «е» және «и» «Висилимся кружимся», «Хоровод» Свиридов. Динамикалық әлсіздік – «Реде — ет аблакоф», «Ляетучая гряеда» «Элегия» В.Калинников).
- Дауыссыздар бірнешеге бөлінеді: «м», «н», «л», «р» әндетуге келетін дыбыстар. Басқаларға бқндай сапа тән емес. Орыс алфабитінің бірінші алты дауыссызы дауыстық байланыстар арқылы болады.
Дауыссыздардың фонетикалық қатары:
Үнді: б бь, в вь, г гь, д дь, ж жь, з зь, м мь, н нь, л ль.
Қатаң: п пь, ф фь, к кь, т ть, ш шь, с сь, ц, х, ч – сыңары жоқ.
Жартылай дауысты дыбыс «и» дауыссыздарға жатып, дауыссыздар ережесіне бағынады. Дауыссыздардың әндегі өзгерісі сахналық қолданысқа сәйкес.
а) Үнді дауыссыздар (жалқы немесе сыңарлы) сөз аяғында өздеріне сай қатаң дауыссыздар тәрізді айтылады. Қатаң дауыссыздар алдында үнділер естілмейді «но крут уже застыл», «сасет мой выступает в отвежжие каля» («Осень» Калинников). «Што кутцы ей флерет, флерет» Танеев «Из края в край».
б) Тіске жақфндар жұмсақ дауыстылар алдында жұмсарады: казьнь, госьть, ветьвей, дьвенадцать.
в) «н» және «ин» жұмсақ дауыссыздар алдында жұмсақ айтылады: «страньник». «н» және «л» — дың алдында қатты және жартылай жұмсақ айтылады «сопливый».
г) «ж» және «ш» жұмсақ дауыссыздар алдында жұмсақ айтылады «прежде», «внешние», «прежний – внешний».
д) Екі еселенген «ж» әнде жұмсарады. «Ну жужжи скорей».
е) Қосақталған «чн» және «чт» жеткізілгенде «шн» және «шт» болады «конешно», «скушно». «што», «штобы». Бөлек «ч» және «н» осы қалпында қалады «путь мой скучен».
ё) Сөз соңындағы «ся» және «сь» қатты жеткізіледі «весе(и)лимся, кружимся» хароводами телимся».
ж) Тіркестелген «стн» және «здн», «т» және «д» толық жеткізілмейді «грусно, позно».
3. «сш» және «зш» тіркестері сөз ортасында ұзақ «ш» тәрізді айтылады «бешшумно».
4. «сч» және «зч» ұзақ «щ» тәрізді щшастье – счастье, шущес – исчез, извошщик – извозчик.
5. Әндегі сөздердің жеткізілуі күнделікті өмірден бөлек, әдеби жеткізу көркемдіктен бөлек, көркемді қолдануға сәйкес емес, (жұмсақ «е» — «щеколад миньон жрала», «смерть катьки» Салманов ораториясынан.
6. Екі дауыстылардың қосылуы ерекше фонетикалық талап етеді. Жұмсақ жеткізіледі «Зайграйте мои гусельки» екі дауысты цезурамен бөлінеді.
7. Егер бір сөз басталып келесі сөз дәл осылай басталса немесе жуық болса (д – ж, б – п, в – ф т.б.) ақырын екпінде оларды бөліп айту керек. Мысалы: «Гимн демократический молодежи» А.Новиков, «Каждый кто молод, дайте нам руки» жылдам екпінде қысқа ұзақтықтарда оларды ерекшелеп біріктіріп айту керек. ( Мысалы: «Повторяем клятвы слава») м дыбысы тез ерекшеленіп бөлініп көрсетіледі.
Мәтінді ойлап оқу.
Сөзді оқымас бұрын екпіндерін ойлап қою керек.
І. Орыс сөйлеу ережесіне тән.
1. Жай бір сөйлемде басты бір екпін болады. Екпін көбінде зат есімдерге қойылады. Алынған екі есімнің ішінде есімдісі ілік септігіндей болады: «чуть – чуть белеет темный гор» (Восход солнца – Ф.Тютчев, Танеев), «Так легко дыханье ночи» — (А.Фет «Серенада» Танеев.
2. Етістіктерде негізгі ой етістікте болғанда қойылады және зат есім орны есімдікпен ауысқанда пайда болады: «Но труд уже застыл» (Осень А. Пушкин, Калинников)
3. Морфологиялық функциясына қарамастан екпін қарама қарсы санаулы сөздерге қойылады: «И солнца заблещет прекрасная – зеленое синее, красное » (Сл. Я.Райниса «Былое» Э.Дарзинь ).
4. Тура мағыналы сөздерде авторға байланысты екпін тура мағыналы сөзге түседі:
«Прилетает ворон прячет у колодца,
ты не жди напрасно сына, не вернется »
(« Мать послала к сыну думы»).
- Әнде ақындық мәтінмен екпін сәйкес келіп жатқан заңдылықтары өз орнымен жүреді.
ІІ. Ақындық мәтінмен жұмысы бар орындаушыға өлеңнің ритмдік ұйымдасуын білген дұрыс. Мәтіннің көркемдігі мен мазмұнын ғана жеткізбей ақындық шағарманы қалпында жеткізу керек . Өлеңнің үш түрлі типін айтуға болады: Силабический, тонический, силоботанический.
1. Бірінші түрі буын саны бірдей: (10, 11, 12 қиын өлең )
2.Қатардағы екпін санына байланысты: ( Аңыздар, Маяковскидің «Патетикалық араториясы »).
Өлеңнің негізгі өлшемі:
1) Ямбы – екпін 2 – 4 – 6 — 8 буында
2) Хорей – екпін 1- 3 – 5 — 7 буында
3) Дактиль – екпін 1 – 4 – 7 – 10 буында
4) Амфибрахий – екпін 2 – 5 – 8 – 11 буында
5) Аканеет – екпін 3 – 6 – 9 – 12 буында
Ямбы және Хорей – екі күрделі өлшемдер. Дактиль, Амфибрахий, Аканеет – үшеуі күрделі өлшемдер.
Дирижер репетицияға дейін мәтінмен жұмыс істеуге міндетті
— Музыкалық фраза шегін анықтау
— Тыныстық белгілермен ой цезурасын қою.
— Кульминациясын анықтап белгілеу: (Басты және жанама )
— Мәтін ойын музака кульминациясының қатынасын барлау.
Осылайша мәтінді ой жағынан талдау вокалдық шығармамен оның эмоциясына әсер етеді.
- Үшіншісінде буын сандарымен екпін сәйкес келеді, екпін қайталанады
- Екпін әрқашанда қатты үлестермен келісе бермейді.
Мыс: Орыс халық әні: «Земелюшка чернозем».
- Қатты үлестер 1, 2, 3 үлестерде әр қилы келеді, сирек кезігеді.
Мыс: Латын халық әні: «Вей, вей ветерок».
ІІІ. Партитураның интонациялық қиындықтарының варианттары.
- Әнде шынайы (Натуральные лады) ладтардың қолдануы қиын (Тональностьті белгісіз)
- Қиын гармониялы шығармадағы хроматизмдер структурасы. Хор итервалдық аралыққа сүйенеді (Равель, Манер, Стравинский опералық шығармалары ).
- Конфуциялды байланыстар екі үш орган пунктелген
- Интонациялық қиындықтар.
а) Ақырын темпте әуендету, мелодиялық, гармониялық стройдың қалыптасу кезеңі.
б) Модуляция мен отклоненияда строй интонацияға сүйенеді.
в) Хор стройы.
г) Опералық хордың басында түсуі.
5. Әншілер мен дирижердың слухтарының мәдениеті, әншілік вокалдық дайындығы.
Хор стройының жетіспеушілігі.
- Жаман строй себебі дұрыс тыныс алмау дыбыс қалыптасу төмен, әншілік пазиция жаман, дикция вокалдық қиындықтар, тесситура, метроритм.
- Строй таюы. Қысқа дыбыстарда
- Шығарманы әндету ережесі.
Тема 12.
Ансамбльмен жұмыс.
Ансамбль – хор дыбыстарының бір элементі орындалуда бірлікті талап етеді. Хорда жеке және жалпы ансамбль болады. Жеке ансамбль унисон партияларды. Жалпы ансамбль – бүкіл хор ансамблі, барлық партиялардың үйлесуі. Ансамбльдің екі түрі де интонация тазалығын, ырғақтылықты, динамика, тембр, дикция, орфоэпияны талап етеді.
Хормен орындауда ритмдік ансамбль, динамикалық ансамбль, вокалдық, унисондық, гармониялық, полифониялық, хор ансамблі, хор солисті ансамблі, оркестр мен хор ансамблі болады. Ұжыммен дұрыс айтуға хор стройы кіреді, ал мәтінді жеткізуге хор дикциясы кіреді.
Ритмдік ансамблге темппен, метрмен және ритммен байланыстылар жатады. Бірге айту, нақты ритммен, бір уақытта сөзді жеткізу, темп өзгерісіне бірге түсу, бірге тоқтау – хор әншілерінің сапалылығына жатады.
Орындаушылық ритм музыкалық интонациялық элементімен байланысты. Мұнда фраза, интонациялық строймен жұмыс істеу, ұзақтық уақытын ұстау керек. Әрбір шығармада өзінің метроритмдік құрылымы бар. Ескі формаларда немесе ескі гимндерде бұл жоқ. Оларда сөз басы ұйымдастырушы гармониялық логикалық акценттермен: Мысалы: ХІХ – ХХғ. музыкасында (Дж. Верди «Libera me», «Domine, de morte acterra, in die illa tremende»). Ртим дирижер тактировкасымен қатты үйлесиірілген.
Ансамбльдік орындауға тез екпінде ауыспалы өлшеммен ән айтқан қолойсыз. Такті ішіндегі үлестердің бірқалыпсыз группировкасы (Хор «Ой беда идет, люди сказали о невидимом граде Китеже» опера Римский – Корсаков 9/8 3+3+3, 2+3+2+2, 2+2+2+3) аралас хорға өте қиын. Сонымен бірге ансамблдің бұзылуына ритм мен метр арасындағы қарама – қарсылық әсер етеді (Мыс: «Боже дайто») 2 үлеспен дирижерлеуі 5 үлестік метрде. (5/4) – «С крепки дуб тебе повырасти» хоры. «Сказание о царе солтане» операсынан Римский – Корсаков. Ансамбльмен орындағанда синкопалардың кездесуі өте қиын, пунктирлі ритм («Грозовые тучи кюй» және т.б.).
Тез екпін ансамбльінде ритм, сөз және строй бұзылады. Өте ақырын екпінде ритм пульсті жоғалтады. Ақын екпінде дробление қолданады. ( Хор «Болят мои скоры котеньки» из оп. «Евгений Онегин» Чайковский 4/4 – 8/8 ге.
Екпін өзгергенде:
- Бірінші құрылымды екпін өзгерсе немесе ұзару қысқаруға болмайды.
- Жаңа екпін жаңа құрылым басталғаннан білінуі тиіс.
- Жаңа екпінде соған сай ауфтакт болуы тиіс. Жылдам екпіннен ақырын екпінге ауысқанда ауфтакт бірінші құрылымның соңғы үлесі арқылы беріледі.ү метр өзгерісіндегі екпін өзгерісі ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Rubato өнері метрмен, ритмнен ауытқу музыкалық және поэтикалық мәтінмен байланысты.
Динамикалық ансамбль.
- Грек тілі сөзі dinamus – сила – күш. Динамикалық ансамбь партия ішіндегі дауыс күштерінің біркелкілігі – хор партияларының жалпы ансамбльде дыбысталуы.
1.1 Ән хор әрқашан өзінің тембрін сақтауы тиіс. Дыбыстардың жұмсақ дыбысталуы. Хор динамикалық ұлғаюы fortissimo – ға дейін жетуі, алдағы кульминация дайындығына, әдемі және мәнерлі pianissimo дайындауда қолданылады.
1.2 Хорда дауыс мүшелеріне қарай бөлінуі тиіс – бұл ең бірінші қозғалмайтын нюанстарда қойылады. Динамикалық өлеңнің қиын формасы қозғалыстағы нюанстары көрінеді (крещендо, деминуэндо), дыбыс қаттылығы бір қалыпты болуы керек. Ансамбль шығару үшін әнші дауысы тынысқа қойылуы тиіс.
1.3 Динамикалық ансамбль санасы фактураға байлынысты. Динамикалық ансамбль дауыс диапазондарының шеткі дыбысында ашылуы қиын. Жасануы және жасанды емес ансамбльдер болады, ансмабльдік және ансамбль сай емес аккордтар болады. Бір тесситурада. Ансмабльмен емес аккордтармен жасанды ансамбльдауыстары әр түрлі тесситурада болғанда пайда болады, бірақ кейде ерлер дауысын микстық және фальцеттік қолданысын ескере отырып, әйелдер дауысының төменгі және орта дауыстарымен ерлердің дауысының жоғарғы регисторын сәйкестендіруге болады. Дыбыс күші кішірек (р, рр, mf).
1.4 Жасанды ансамбльге керек:
а) Хор партияларының ұйымдаспаушылығынан.
б) Жеке дауыстың ерекшелігіне дейі.
в) Жеке дауыстың ұлғаюынан жалпы ансамбльден бөлінеді.
г) Берілген тесситурада нюанс вокалдық мүмкіндігіне қарай жатуы.
1.5 Әрбір астарға өз динамикасының қалпы сай келуі.
а) Унисонды ансамбль дауыс араласуы ұзақтықтарға қарай (толық немесе октавалық унисонда). Метроритм, тембр, екпін, динамика, вокалдық әдіс және динамикаға байланысты.
б) Гармониялық ансамбль дауысының бірқалаптылығы.
в) Гомофонды – гармониялық ансамбль әуен басшалақ етуі.
г) Полифониялық ансамбль басты дауыстардың басшылық етуі.
д) Аралас — әртүрлі ансамбль хор, солист және инструмент пен сүйемелдеу қатанастары әр түрлі болуы мүмкін. (Октавист ровнавесие – ораториялық финалдар, хорда негізгі тематикалық материал; хор қосымша әуенге тәрізді – Рахманинов кантатасының орта бөлігіндегі хор вокализі. Хор — фон, негізгі тематикалық материал, хордың оркестрге қайта ауысуы). Ансамбльді орнықтыру дирижер міндеті. Ансамбльге жету үшін әншілердің қарқынды жұмысы да қажет, дирижер жестіне ілесуі тиіс.
Тема 13.
Строймен жұмыс.
- Хор стройы — әндегі интонация тазалығы. Әнде орындаушылар зонный стройды қолданады. Темперированный стройда ауытқу негізінде ладтық заңдылықтар дыбысының ладтық қарым – қатынастары музыкалық ұйымдасудағы интонациясы жатыр.
1.1 Хор стройы хор техникасымен басты элементтерінің бірі: ол әрқашанда тынымсыз жұмысты талап етеді. Стройдың тұрақтылығын сақтау a’capella айтқанда қиын. Мұнда хор әншілері өздерінің саусақтарына ғана сүйенеді. А’capella айтқанда хор тональносттан ауытқып, стройдан айырылады.
1.2 Мажорлық және минорлық ладтың басқыштарын айыруда хор практикасы белгілі ережеге ие болады. Бірінші рет осы ережелерді Чесноков өзінің «Хор и управление им» деген кітабында қолданды. Көптеген музыканттардың тексерулері бойынша Чесноков қорытындысы бекітілген. Бірақ мұның бәрі ладтың функциядағы дыбыстың қатар басқыштарында.
До – мажор. При движении вверх и вниз.
1.3 Лад интонациясының заңдылықтарынан интервалдар интонациясын сақтау, фазалар – тұрақты, кішілер – біпжақты қысқарту мен, үлкендер – біржақты кеңеюмен; өскендер (ув) – екі жақты кеңеюмен, кішірейгендер (ум) – екі жақты қысқарумен. Жаңашыл қазіргі музыкада ладтың негіз қиындағанда әншілер интервалдарға сүйенеді. Жай интервалдар ч4, ч5, ч8. диссонанстың интервалдық интонациясын сақтау қиын.
1.4 Хроматикалық интервалдар интонация жағынан кең айтылады, ал диатоникалықтар қысқа (көлденең).
- Мелодиялық және гармониялық строй деген болады.
2.1 Мелодиялық немесе көлденең строй – бұл ваколдық унисондағы әуен интонациясының тазалығы.
2.2 Гармониялық немесе тік строй – бұл қатарымен акорттардың естілуі. Қортындысында бүкіл хор дыбысталуы болады.Хор практикасында көлденең және тік строй тығыз байланысты. Мелодиялық строймен жұмыс жасағанда бірінші орында әуен дамуының мелодиялық динамикасы жатады. Әуен ладтық байланыстар негізінде құралады. Вертикальді тік строймен жұмыс істегенде акустикалық момент ескеріледі, обертондар қиын дыбыстың тондағы дыбыстық жанасуы.
Гармониялық интервалдар (верт.строй) – тұрақтыққа бөлінеді – (октава, кварта, квинта – таза), нақты күйді талап етеді. Және вириациялық (қалғаны мыс: улкен терция мажорлық 5/3, динамикалық 5/3, септаккорд). Хорда строй лад заңдылықтарын сақтай отырып, өз қорытындысын табу керек.
а) Әнде табиғи ладтармен айту қиын, мажор минорлық жүйеде болғандықтан.
б) Қиын ладты – гармониялық ұйымдасу шығармада қиын строймен болады.
Мысалы: А.Бородин «Спящая княжна» хорға ұсынған. В.Калинников.
в) Шығармада хроматизмді орындау қиын. (Равель, Малер, Стравинский шығармалары).
г) Интонациялық қиындықтар орган пунктімен қиындықтарда туады, бір уақытта 3 дауысқа тірек болуы көп функциялы гармониялық дыбысқа әкеледі. (Г.Свиридов «Вечером синем» фон – D dur, с тоном «ми», сопрано тема fis moll). Көп функциялы, көп тональді шығармаларды орындағанда хор партияларын жеке үйреткен дұрыс.
д) А’capella айтқанда строй сапасы модуляция мен отклоненияға қаралады.
3. Кейбір қиын опералық хорларды айтқанда тон камертон немесе фисгармониядан беріледі.
3.1 Үзіліссіз оркестр және хор айтатын а’capella хор эпизодтары өте жауыпты. Бұл жерде хор сапасы интонациялық ойға, интервалдардың анық және нақтылығына сүйенеді (Хор «Болят мои скоры ноженьки» из оперы «Евгений Онегин» Чайковский).
4. Жақсы хор стройын шығаруға әншілер мен хор жетекшілерінің слухтың сапасы қажет. Строй әншілер мен дирижердың слухтық мәдениетіне байланысты. әншілердің вокалдық дайындығы, ансамбльден, тыныс т.б.
Хор стройының жетіспеушіліктері.
4.1. Строй тұрақсыздығы дұрыс тыныс алмағаннан немесе дыбыстық қалыптасудан төменге әншілік позициясын, дыбысты дұрыс айтпағаннан дауыс дұрыс шықпағаннан. Стройға вокалдағы әр түрлі қиындықтар әсер етеді (төмен немесе жоғары тесситурада, метроритм, динамикалық ансамбль жақтығы).
4.2. Хордың таюының себебі. Тоннан таю фраза соңында немесе көмей құрылымға көшкенде болады, дыбыстарды қайталағанда тон интонацияның ащылығы жоғалады. Қысқа интонацияға тұрмайтын дыбыстар болады. Аспаптық шығарманы жаттау көмектеседі. Шығарманы жаттағанда, үйренгенде салмақты дыбыстарын бірінші кезеңнен интонацияны сақтау. Тұрақты стройды қалыптастыруға әндету процесі көмектеседі.
Әдебиеттер:
- Краснощеков «Вопросы хороведения».
- Пигоров «Руководство хорами».
- Хор мәдениеті М 1967г.
Строймен жұмыс.
Жоспар жауабы.
І. Строй анықтамасы (әндегі тазалық) зонный строй түсінігі. Ладтың заңдылықтарымен зонадағы отклонениялар байланысты.
1.1 Хор стройы – хор техникасының басты элементі а’capella орындағандағы строй – слухтың сезінуінің және ладты тональностің мелодиядағы және гармониядағы дыбыс ұзақтығы.
ІV. Горизонталь (көлденең).
1.2. Мажорлық және минорлық ладтағы интонация ережесі.
1.3. Интервалдар ережесі: м,б,ув, ум, таза.
1.4. Ладтың сезім – дыбыстық тоникаға қатынасы, басқыштардың өзара байланысы.
1.5. Жаңашыл музыка, ладтың негізінің қиындауы.
1.6. Хроматикалық және диатоникалық жарты тонды қабылдау.
1.7. Дұрыс вокалдық қалыпты қолданбау.
ІІ. Мелодиялық және гармониялық строй түсінігі.
2.1. Мелодиялық строй — әуендегі интонация тазалығы, көлденең строй.
2.2. Гармониялық вертикаль строй – аккордтардың дыбысталу қозғалысы.
2.3. Мелодиялық және гармониялық строймен жұмыс.
V. Вертикаль.
2.4. Гармониялық вертикалды, строй акустикалық кезең. Көлденең строй тікке байланысты.
2.5. тұрақтылар (ч8, ч5, ч4) тұрақты және варияциялық тұрақтылықты талап ететіндер. Гармониялық интервалдар.
2.6. VII7, VI7,V7,IV7,III7,II7,I7 – барлық септаккордтар және Д9 дейін полифункционалды.
Тема 14.
Хорды әндеттіру және вокалдық жаттығуларды таңдау принциптері.
Әдетте хор сабағы екі функцияны орындайтын әндетуден басталады: 1. Әншілерді жұмысқа дайындау мақсатында дауыстық аппараты жылыту және күйге келтіру.
2. Хор шығармаларын орындағанда шығарманың мәнерлі естілуә үшін әншілердің вокалды хорлық дағдысын дамыту. Жұмысқа дайындық алдындаәншілердің эмоционалды күйі, дауыстық аппараты дыбыс ұзақтығының, динамикасының, тембрі жағынан жұмысқа дайын болған. Әуелі жаттыққан әншінің өзіне әндетуді жоғары ноталардан, қатты айтуға болмайды, өйткені дауыс қырылады. Әншілерге берілетін жұмыс уақыты олырдың дағдысына вокалдық жаттығумен, шыдамдылығына сай болған. Дауыстың әдемі және мәнерлі дыбысталуын жұмыс кезәндегі дыбыс қалыптастырушы комплекстер арқасында алуға болады. Жұмыс барысында тыныс аппаратында, көмей аймағында және артикуляция органдарында мүкістік болмауы тиіс. Бұлшық еттердің қысылыңқы тұруы дыбыс сапасына әсер етеді. Дыбыс сапасын басқарып, меңгере отырып, дауыс қылыптастырушы комплекстердің жетістігіне жетуге болады. Дыбыстың сапалы шығуы жақсы вокалдық слухы бар дирижердың жұмыс істеуіне де байланысты. Дауыстық аппараттың дұрыс жұмыс істеу нәтижесінде дауыстың қарқынды дыбысталуы білінеді. Әнші дауысының дыбысталуының негізгі сипаты дыбыс ұзақтықты диапазон, динамикалық диапазон тембр қозғалмалылығы. Хормейстер алдында бірнеше талаптар қатар тұрады. Әрбір талап өзінше жолмен шешіледі.
Дыбыс жоғарылықты диапазонның дамуы.
Дыбыс жоғарылықты диапазонмен жұмыс істеу әдетте примарлық тонды табудан басталады. Мұндай дыбыстар барлық дауыста бар, ереже бойынша фа 1 – ля 1әйелдер және балалар дауысына, ал ерлерге октава төмен. Жұмыстың ең басты талабы жалпы әншілердің бір тонға келуі, яғни примарлық тонда унисонға келуі. Цептік тынысты қолдана отырып, аз ғана дауыс күшімен әншілер бір дыбысты ұзағынан созады, бір – бірін бірнеше дауыс күшімен бір унисонға келеді. Алынған дыбысталуды ақырындап жоғары төмен көрші дыбыстар арқылы көтеріп, түсіріп отыру керек. Егер хор дыбысталуында қысылыс пайда болса онда дыбысталу координациясының бұзылғандығы. Мұндайда примарлық аймаққа оралу керек және формировканы шешіп, хор әншілерінің назарын дұрыс ән айту қойылымына аударып, дауыс жоғарылаған сайын жоғары дыбысты жеңілдету.
Әндетудің келесі кезеңі мынадай құрылымнан тұрады: жұмсақ бірақ нақты, яғни «подьездсіз» сырғымай, дыбыс атакасы жеңіл, бірақ ыңғайына қарай дауыстық астардың шет жағынан қарқынды дыбысталуы және дыбыс пайда болғанда жұмсақ жүргізу, бұл үшін жаттығуларды р – дан немесе mp – н бастауы керек, мұндай кезде дыбыс жеңіл стаккатодан басталады. (Упр. 2,3). Жаттығулардың құрылымы жоғарғы және төменгі қалыптағы баспалдақты дыбыстық қатарға байланысты. Бұл жаттығу әнші дауысын фальцеттік немесе кеуделік қойылымға қарай айтылады. Жаттығу бірнеше рет до 1 — ре 1 – ля 1 диапазонында хроматикалық секвенция бойынша жоғары төмен орындалады. Жаттығу сайын өз типіне қарай кеңейту керек 6, 7, 8, 9.
Ары қарай баспалдақты дабыстық қатар жаттығуларға айналады. Олар үш дыбыстыққа (5/3) құрылады. Олардың өз мақсаты бар, келесі жаттығулар дауыстық регисторда дыбысталуына орналған. Көмейдің ерте қалыптасқан күйін бүкіл жұмыс кезінде сақтау керек. Оларды қайталап орындағанда міндетті түрде дыбыс сипатын стаккатодан легатоға ауыстыру керек. Таза дауыстылдарды стаккатода айтқанда хормейстердің назарына атака кезінде жанама жыбыс естілмеуін, ал легатоға айтқанда бір дыбыстан екінші дыбысқа таза отуді талап ету керек. 12 – ші жаттығу келесі типке жатады, бірақ бұл диапазонға қиын тиеді, интонациялық құрылымға фонациялық тыныс алу жалғасымдылығына өз және 12 – ші жаттығуларды айтқанда жаттығу басында төменгі дыбыстарды күштеп керек емес.
Динамикалық диапазонның дамуы.
Динамикалық диапазонмен жұмыс істеу бір жаттығудан басталады. Жаттығу mp – дан немесе mf – дан басталады, бұл дыбыс күшін дауыс диапазонының қой бөлігінде болсада сақтау керек. Одан кейінгі талап нюанстарға қойылады р және f. Басында қай нюанста болсада осы дапуыс күші сақталады, кейіннен жылжымалы нюанстар қолданылады: крещендо және дименуэндо. Жылжымайтын нюанстарға келгеде 12, 13, 14 – ші жаттығулар, яғни бір дегенде f – ға басталып, ал қайталанғанда р –ға қайталанылатында. Әншілер назарына р — ға айтқанда дауыстың аппарат бұлшықеттері f – ға айтқандай сақталуы керек. Жылжымалы нюанстар крещендо және деминуэндо орындаушылық тәжірибесінде ең қиын болып саналады. Икемсіз әншілер көпшілігі дыбыс күшінің өсуін немесе азайып бір нюанстан келесіге ауыстырып өтуі. Мысалы: крещендо орынына р – дан f – ғаөтуі. Жақсы крещендо болу үшін бастамасында жақсы р – но болуы керек, ал деминуэндо керісінше.
Тембрлік жұмыс.
Әрбір әншінің дауыс тембрі оның дауыстық регисторының типі арқылы жақын әншілік позициясы арқылы және әншілік вибратоның сапасына қарай анықталады. Дауыстық тембрде дыбысталуына — дыбыс күші және жоғарылығы, атака түріне, дауысты типіне, артикуляция қажет. Хордың көркемдік орындаушылық деңгейін арттыру үшін барлық дауыс регистрына сай тесситурада орындалуы тиіс. Тембрлік жұмыс істеу дауыс күйін примарлық тондардан бастауы керек. Хорда тембрмен жұмыс істеудің бір талабы – дауыс дыбысталуының регисторлық переходтардың көмегімен өз ретіне келтіру. Бұл үшін түрлі жаттығулар қолданылады; біріншіден төменнен және жоғарыдан дыбыстық қатарлар, содан соң төменнен жоғарылауын секіртпелер арқылы арпеджиолар кеңейту. Дыбыс жоғарылығымен динамикалық диапазонға арналған жаттығулар тембрге де қолданылады.
Дауыс жылдамдылығымен жылжымалығымен жұмыс істеу.
Дауыс жылдамдығы жылжымалылығы хорда ән айтқанда, жаттығуларды білінеді. Басын вокалмен жұмыс істегенде қалыпты, темп тез орындалады. Жаттығулар ақырын, кейіннен тез орындалады. Темп жылдамдағанда дыбыстан дыбысқа өткенде фальш естіледі, яғни тортаменто. Вокализ жаттығуларын көп айту керек, яғни бір дауыстыны бірнеше жаттығуларда қайталау керек, бүкіл музыкалық фразада немесе біркелкілілікке жету керек. Басқа тонға өткенде буын қайталапын немесе басқаға ауысатын жаттығу қолдануы тиіс. Содан соң жаттығудың өзі орындалады. Келесі жаттығуда музыкалық фраза өсуі тиіс, бұл фонациялық тыныс алуға әкеледі. Темп жылдамдағанда ережені сақтау керек. Темп жылдамдаған сайын дауыстық регисторда дыбысталу жеңіл болуы керек. Дауыстың қозғалмалылығына әсер етеді. Барлық вокалдық жұмыс талаптары хорда орындалуы тиіс. Жаттығулар белгілі қалыппен жүреді. Мысалы: 2 – ші жаттығу бір дыбыста стаккато:
— Белгілі дыбыс атакасын қолдану.
— Дауыстық астардың шеткі дыбысталуын қарқындандыру.
— Интонацияны анықтау.
— Соңғы дыбыста фермата болғанда – унисон.
— Тонды бір жоғарылықта бірдей дауыс күшімен әртүрлі. нюанстармен ұстау – тыныс үшін.
— Стаккатода дыбыс қалыптастыру.
— Орындалатын немесе басқа дауыстыны дұрыс айтылу артикуляциясы.
— Ән айту дағдысы дирижер қолымен.
— Қарқынмен дыбыс алып ән айту.
Бір жаттығуды дамытып әр түрлі динамикадағы орындауда қолдануға болады, әртүрлі темпте дыбыс жоғарылығында пайда болады. Хормен жұмыс жасағанда дирижер ішкі слухпен хордың қалай дыбысталуын естуі тиіс. Ол бұл деңгейге жету үшін бүгінгі репетицияда нені хордан талап етуін білуі тиіс. Вокалдық жұмыста балалар хорымен көркемдік талаптардан басқа балалар дауысының дамуына көңіл бөлуі.
Хорды әндеттіру.
Тонның І талабы.
1. Әндеттіру функциясы.
а) Әншілер дауысын жұмысқа дайындау үшін дауыс аппаратын жылыту және күйіне келтіру.
б) Хордың мәнерлі айтып дыбысталуы өз алдына әдемі болуды вокалдық хор дағдысына ие болғандығы.
Әнші дауысының дыбысталуының негізгі сипаты: дыбыс жоғарылығы диапазоны, тембр, подвижной, хормейстер талабы осы сапаға жету, дамыту.
2. Дыбыс жоғарылығы диапазонмен жұмыс істегендегі жұмыс режимі, жаттығулар, әдістемелік қойылымдар. Унисон қалыптастыру, жұмсақ атакаға жету( р – стаккатода) төмен және жоғарғы дыбыс қатары – фальцеттік және кеуделік күйге келуі, арпеджио. Мақсаты – регисторды дамыту. Диапазонды примарлық аймақтың төмен, жоғары, хроматикалық секвенцияларға дейін жеткізу. Жаттығуларды стаккатодан легатоға өтуі.
3. Динамикалық диапазонның дамыту жұмысы режимі.
Бұл бірінші жаттығудан басталады.
Әдістемелік қойылымдар: ең бірінші жылжымайтын нюанстар mp мен mf қалыптастырылады, кейін р, f. Келесі кезең жылжымайтын нюанстарды қарама – қарсы қою — f — р қайталанбалы жаттығуларға жатады. Енді жылжымалы нюанстар – крещендо және деминуэндо; хорда ритм арқылы немесе әлсіз дыбыс күшінде; р – mf, mf — f , он алтылықтар арқылы, сегіздіктер немесе төрттіктер арқылы т.б.
4. Тембрлік жұмыс істеу.
Дауыстың тембрде дыбысталуына әсер ететін факторлар: дыбыс күші және жоғарылығы; атака түрі, дыбыстың типі, артикуляция әдісі және орындалатын көркемдік шығармаға қарай әншінің эмоционалдық күші.
Әдістемелік қойылым: Тембрлік жұмыс істеу дауыс күйін жеңіл дыбысталудан примарлық тоннан басталады. Дауысты жылытқаннан әдеттендіргенше хор тембрі баса түседі. Хор тембрімен жұмыс істегендегі қойылатын бір талап – барлық диапазонда дауысты қалыптастыру, қойылған регисторлық переходтар арқылы. Дыбыс жоғарылығы мен динамикалық диапазонға қойылатын жаттығулар тембрде де қолданылады.
Жаттығулар қатары: баспалдақты жоғары және төмен дыбыстық қатар, төмен және жоғары секіртпелер, ақырындап кеңейтіп, арпеджиоға жеткізу.
5. Дауыс жылжымалылығымен жұмыс режимі. Жаттығудың шығарманың темпіне қарай хордағы дауыс жылжымалылығы анықталады. Вокалдық жұмыс бастағанда ақырын темп қолданылады, содан соң осы жаттығулар ақырынырақ, кейін жылдамырақ орындалады. Темп өскен сайын дыбыстан дыбысқа өту, әсіресе жаттығу, вокализацияда әртүрлі дыбыс буындары арқылы болады. Буындарға опора, буындарда әндету, таза вокализация.
Ереже: темп жылдамдаған сайын, дауыстық байланыстардың аз жұмыс істеуі арқылы дауыстың регисторда жұмыс істеуі жеңіл болу тиіс, яғни фальцетке жақын дыбысталу қолданылады.
Қорытынды.
Комплекстік процесс дегеніміз дыбыс жоғарылықты динамикалық диапазонды дамыту, тембрмен және дауыс жылжымылылығымен жұмыс істеу. Жаттығулардың саны емес, сапасы жақсы қатал жаттығулар қатары болуы керек. Әрбір жаттығу күн сайын дағдыға айналуы керек. Бір жаттығуды әр түрлі жағдайда айтып дауыстың дамуына септігін тигізуге болады. Хордағы жұмыс сапасымен жұмыс – оңайдан қиынға қарай жылжу.
ІІ. Тон беру, жауап жоспары.
І. Дирижер міндетінің бірі хор ұжымына тон беру, әсіресе а’capella орындағанда. Хорға тон беру – хорды орындалатын шығармаға сай жолға салу. Хор дирижеры бұл талапты үлкен икеммен, салмақтылықпен, нақтылықпен, сенімділікпен көрсету немесе сонда интонация нақтылықпен бұл орындаушылырға беріледі.
ІІ. А’capella тәрізді барлық хор ұжымында тон беру қабылданған. Онда камертон қолданылады. Камертон кішкентай темір вилка тәрізді, төменгі жағы қозғалмайтын соңғы жағын жеңіл ғана соққаннан, яғни саусақпен вилка жиілігі басталады, содан соң камертон қалыпты дыбыс жоғарылығын береді. Камертон секундына 435 қозғалыс жиілігі береді – бұл қалыпты камертон, яғни І октава «ля». 1936 жылы СССР – да 440 герцтік камертон қабылданған. Ол Париж камертонынан 1,10 тонға жоғары. Камертон түрлері: Камертон – вилка трубычка – топарь, камертон – до ІІ октавасы. Хроматикалық камертон, үшдыбыс – тезвучие камертон беріледі. Күйге келтіруді көбіне фортепиано арқылы.
ІІІ. Дирижер интервалдарды жақсы айырса ал «ля», «до» камертондарды арқылы қай тональноста (үндестікте) болсада тон бере алады. Дирижер хорға тонды қаншалықты жоғары берсе, ал осы әдісті ұстануға дағдыланады.
Тема № 15
Оқу және концерттік репертуарларды таңдау.
Репертуар таңдау.
Ұжымға репертуар есеппен алынуы керек.
— ұжымның мүмкіндігіне
— профисионалды әншілекрдің деңгейіне
— шығарманың көркемдік құрдылығына
Бірден көлемді қиын шығарманы алуға болмайды, өйткені шығарма шешілмейтін жұмысқа айналады. Яғни физикалық жағынан шығарма деген көңіл талмаушылық. Қиын шығармалардың бар қиындығын есепке ала отырып, қиын шығырмаларды байқап репертуарға алу керек. Жеңіл шығармалардың саны шектеулі болуы керек, яғни жеңіл шығармалар профессионалды ұжымның өсуіне әсер етпейді. Ең басты репертуар қызықты болуы керек.
Стилистикалық және жанрлық бағыттағы шығармалар үлкен әсер береді.
І Шет жақ (зарубежная) музыкасы.
— ерте кез мастерлерінің шығармалары (Бах кезеңіне дейін)
— композитор полифонисттердің шығармалары
— Вена классиктерінің шығармалары
— композитор романттиктердің шығармалары
— жаңа композиторлық мектептегі ұстанушылардың шығармалары
ІІ Орыс музыкасы.
— Глинка заманына дейінгі композитор шығармалары (рухани)
— Классикалық шығармалар
— Жаңашыл музыкалар
ІІІ Халық әндерін өңдеу.
ІV Ән жанырындағы шығамалар.
Репертуардың жартысы хор а capella болуы керек. Хор ұжымының дамуында бір бағытта қалып қалу дұрыс емес (мысалы және жартылай эстрадалық ән жанрында т.б.)
б) Концерттік бағдарламаның формировкасы.
Концертке шығудың екі формасы.
1.Жеке концерт
2.Жалпы жиынмен концерт.
Жеке концерттік бағдарлама формирвкасы.
— Хронологты-тематикалық белгісіне.
— Стилистикалық немесе жанрлық блокпен.
Жеке концертте ерте кездегі жанрлы стилистикалық формадағы шығарманы бірге қоюға болмайды.(Мысалы рухани шығармалар мен әзіл балалар өлеңі),сонымен бірге басында тез кеиін жай темптағы шығармаларды беру.
Жеке концертте І бөлім хор a cappella, ал ІІ бөлім сүйемелдеумен шығармалар болған дұрыс.
Аралас тип бағдарламаға сәтсіз. Егерде сондай қажет жағдайда хронологты тематикалық қатарға сүйенген дұрыс.
Қатты динамика қысылыңқы тесситурадағы шығарманың кейін қалыпты жай шығармаларды қолданған жөн. Бұл хорға берілген күшті төмендетеді. Концерт алдындағы әндетуге қарамастан дейді Г.А. Струве хор заң акустикасына үйреніпшыңғыра басталды. Толық дауысталумен І бөлім соңында ғана шағады. Үлкен көлемді шығармаларды дауыстардың үлкен жылу кезінде қою керек. Толық концерт әр бөлім 45 минуттан, антрактпен 15 минут болуы керек. Дирижер жалғасылымдығын есептейді дыбысталу және шығу кезеңі өзін қалыптастырары және кіші бағдарламалны айтуды қолданады. Әр бөлімде 10 – 12 шығарма 2 – 3 минуттан. Репертуар хронологиялық, тематиқалық және қарама-қарсы принципінде. Сүйемелдеусіз шығармалар басында айтылады.
Ән репертуарында:
1.Ән, кіріспе патриоттық.
2.Ән классикалық.
3.Хордың демократиялық деңгейдегі орындалуы.
4.Тыңдаушылардың ойын айтумен немесе ашық музыкалық материалмен.
5.Ұжымды дәріптейтін соңғы шығарма ашық, лириқалық шығармалар.
Әдебиеттер:
1. Осеннева М.С, Самарин В.А. «Хоровой класс и практическая работа с хором». Стр. 88 – 89.
2. Живов В.А. «Хоровое исполнительства». «Теория». «Методика». «Практика». Стр.27 –33.
- Живов В.А. «Исполнительский анализ хорового произведение». Стр. 78 – 83.
Тема № 16
Хор репертуары мен хор концерттеріне шығу әдістері.
Музыкалық шығарманы үйрену біраз ұзақ кезең соңында шығармаларды көпшілікпен бірге қорытындылап отырады.
Шығармаларды үйрену 3 кезеңнен тұрады.
— эскиздік бастау
— дайындық технологиялық
— көркемдік қорытынды
Үйрену процесінің формула моделі:
қиын – оңай
оңай – қиын
үйреншікті – керемет
І Фаза шығармаларын талқылау
ІІ Фаза уақыты жағынан жалғасымды.
Яғни мұнда автор жағынан (темп, агогика, ритм, дыбыс жүргізу тәсілі, әр түрлі штрихтар, динамикалар) тыңдаушыға жеткізу қалпын сақтау, әрі қарай т.б.
ІІІ Фаза – осы этаптан композитор жазған құпиялар мен шығарма жан жақтылығы ашылады. Хор дыбыстары техникаға дейін.
І Фаза (шығарманы талдау).
Шығарманың І-ші таныстықта шығарма дұрыс жолмен жаттауға әкеледі. Дирижер таныс шығарманы белгілі бір формада алып таныстыруға болады. Мысалы, хорға шығарма туралы айту, орындаушылық қиындығы, дыбыстылу ерекшелігі, шығарманы фортепианода ойнап көрсету(ойында әуенді, штрихты, белгілерін), аудиозапись болса тыңдату, бір көргеннен айтқызу өте қолайлы.
Сольфеджирование – шығармалармен жұмыс жасаудың басты формасы болып табылады. Сольфеджиомен айтқанда шығарманың ладты гармониялық, метроритмдік қиындықтыр тудырмаса, сол кезде бір көргеннен нотамен оқып, бірден сөзімен айтуға болады.
Ұжымды жаңа шығармамен таныстырғанда дирижердың оқытушылық деңгейі үшін рөл атқарады. Икемді хормейстерлер хор әншілерінің интонациясы таза болмасада ритмді дұрыс ұстанбасада жұмыс ережесін үзбей жұмыс істейді, яғни оқытушы дирижерғаең бастысы әншілерге еркіндік беру, тапсырманы орындағанда оларға сенімділік беру, түспеген, айтпаған кемшіліктерін өздеріне білдіру. Дирижерлық орындаушыларға сенімділігі хормейстермен орындаушы әншілер арасындағы кемшілік өте зор рөл атқарады. Хор әншілері нота мәтінімен танысқан соң дирижер талаптарды көтеріп, нақты айтпағандардың бірден айтуы керек.
Кейбір дирижерлар репетиция уақытының көп бөлігін жаңа шығармаға арнайды, ал кейбірі шығарманы нотамен айтуға сәл уақыт бөліп келесіге қалдырады.Келесіде ол әншілерге таныс материал ретінде көрінеді. Шығарма жүрмей жатқанда әншілер көңіліне қондыру үшін бас жағын іздестірген жөн. Шығарманы 1-ші рет талдау бүкіл хормен немесе группаларменде қаралады және репетициялар барлық талаптарды тез орындауға әкеледі. Хор партиясында жеке ансамбль, строймен жұмыс істеу – үйренудегі ең қолайлысы.
Екінші фаза (шығарманы үйрену).
Жаңа шығарманы үйренгенде вокалды – ансамбль принципінің негіздері ұсталады. Сольфеджиодан әнді сөзімен айтуға көшкенде түрлі буындар қолданылады. Мысалы: ла, ля, ле, ма, ми, ди, т.б.
Дыбысты әдеби мәтінге сәйкес келуі керек. Распевкада фортепиано көмегіде зор. ән айтқанда да фортепианоның көмегі зор, бірақ хорды сүйемелдеусіз үйреткен дұрыс.
Ақындық мәтінді айтып үйрену:
Жеткізілуі нақты, дауыстылар нота жалғасымдылығына сәйкес, дауыстылар ең соңғы кезде айтылады.
— Ритмдік бір көргеннен оқу.
— Ритмсіз оқу.
— Тез екпінде оқу.
Ансамбль, строймен жұмыс:
— Жалпы дыбысталуды түзеу.
— әнші регистрін жатқызу.
— Қойылған орындарда біркелкі тыныс.
— Динамика қалыптылығы.
— Фразировкаға ерекше мән беру.
Әрі қарайғы мақсат музыкалық фактура (мелодика, ритм, екпін, динамика) және вокалды ерекшеліктермен жұмыс (дыбыс қалыптастыру, дыбыс жүргізу, штрих, тембр, жеткізу мәнерлігі).
Үшінші фаза (шығарманы әндете айту).
Хор шығармалық үйренудегі қорытынды оның көркемдігі т.б. көркемдік ойды жеткізу үшін әншілерге актрисалық, актерлық қажеттіліктер керек. Концертте орындау бүкіл дайындықтың кульминациясы т.б. Мысалы: М. Т. Климов хор әншілерінің мүмкіндігін ескере отырып, транспонирование қолданған. Әндету қанаты бітіп, басты репетиция мен прогон кезі.
Прогондар – концертке жақын кезде тоқтаусыз қойылады. Икемді дирижерлар соңғы прогонда шығарма жайлы қосымша мағлұмат береді. Прогонда тұрып, сатыда айтқан жөн. (мұнда вокалдық аппарат басқа режимде жұмыс істейді, вокалдық тыныс сезіледі.)
Басты прогон – киіммен аз ғана тыңдаушыларға. Басты прогонда ұйымдастырукезеңі, шығарманың трактовкасы, екпіні, динамикасы, сахнаға шығу, кету, хор мен солисттердің тұрысы, концертмейстер мен акустика залы ескеріледі. Осы жайлы А.А. Егоров былай дейді. Аз көңіл бөлінетін тағы бір деталь бар, бұл – хор ұжымының эстрадағы анықтамасы. Концерттік дыбысталу өз талабына сай болмай жатады. Сондықтан дирижер хор ұжымын эстраданың әр жеріне қойып, орындаушылықтарын көңіл қойып тыңдап, залға ең жақсы хор дыбысталуын белгілі хор бағдарламасымен айтқызу тиіс. Соңғы прогоннан соң ұжымға дайындалуға мүмкіндік беру керек. Концерт алдындағы дайындық дауыс жылытуға ғана қысқа – қысқа. Қиын эпизодтарды айту. Шығарма көлемді болса бастапқы құрылымы ғана айтылады. Белгілі қиындықтағы шығармалар ғана толығымен айтылады. Белгілі қиындықтағы шығармалар ғана толығымен айтылады. 1-ші номермен прогонды аяқтаған дұрыс.
Әдебиеттер:
1. Осеннева М. Самарин В. А. Хоровлй класс и практическая работа с хором. 90 – 102 бет.
2. Соколов В.Г. Работа с хором. 174 – 186 бет.
3. Самарин В.А. Хороведение. 150 – 186.
4. Пригров Н.Н. Руководства хором. 132 – 144, 151 – 165.
5. Егоров А.А. Теория и практика работы с хором 225 – 231 бет.
6. Краснащеков В.И. Вопросы хороведение. 281 – 299 бет.
7. Чеснаков П.Г. Хор и управление им. 158 – 173, 236 – 237 бет.
8. Живов В.А. Хоровое исполнительство.
9. Быков Н. Основы работы с детским хором. 30 – 44 бет.
10. Живов В. А. Исполнительский анализ хорового произведения 6 – 17 бет.
Балаларды ән айтуға оқытудың дидактикалық негізі.
Оқудың негізгі принциптері.
Вокалдық оқу жалпы оқу бөлімінің негізгі принципі болып табылады. Дидактикалық жалпы принциптері барлық арнайы әдістеменің негізі, соның ішінде вокалға да.
Тәрбиелеу және жан – жақты даму принципі. Әнге оқыту балалар дауысын дамытуға ғана емес, сонымен бірге тәрбие мен жалпы дамуға да қатысты. Мысалы кейде кейбір балалардың әнге деген талабы жоғары, дауысы жақсы болса, кейбірі керісінше болады. Осындайда даусы жабық бала мен даусы ашық балалардың арасында келіспеушілік туады. Мұғалім талабы осындай жағдайды туғызбау. Ұстаз оқушысы шығарманы орындағанда оның негізіне кіріп, бет әлпеті арқылы шығарма сипатын жеткізуді үйретеді.
Оқушының түсіну және шығармашылыққа деген құштарлық принципі. Мұнда әншілік мамандыққа деген түсінушілік, оқу негізіндегі қиындықтарды жеңе білу, білімді түсіне қабылдау, дағдыға дұрыс ену кіреді. Оқушының өз дауысының дыбысталуна мән беру. Тағыда дауыс тембрі дауыста вибрато бар ма, интонация таза ма.
Перспективті принципі. Мұғалім талабы оқушының дамуын қарастырып жұмыс кезінде шығармалардан үзінділер алып, балаларға үйрету керек. Мотив немесе аяқталған фразаны буынға айтқызу ма, ля, ди т.б.
Жүйелік принципі.Мұнда әнші репертуары мен вокалдық жаттығулардың қиындауы, вокалдық дағдының бір қалыптылығы кіреді. Сабақ негізінде үзілісте оқушы өзінің жұмыс басындағы дәрежені жоғалтып алады. Балаларға жазда лагерге демалуға қоя берген дұрыс.
Ұжыммен білім алудағы оқушының жеке білімі принципі. Хорда балаларды жеке бақылау әдісі:
- Балаларды бақыдау.
- Хор сабағында жеке тыңдау.
- Сабақтан тыс кезде спектакл музыкалық ертегілер қойып жеке, дуэт, ансамбльмен айтқызу.
- Орындаушыларын магнитафонға записке жазу.
- Дәрігерге қарату.
Күшпен еңбек принципі.
Дауысты күштеуге болмайды аздан жүйклі түрде айту керек. Жаңа бастаған оқушылар 15-20 минут айту керек. Демалыстан соң дауысты ақырындап қалыптастырған дұрыс.
Оқуға қолайлы принцип.
Эмоция рөлі ерекше. Музыка балаларға ұнамды болса бұл бір жағынан жақсы, бір жағынан керісінше. Оқытушының негізгі талабы – оқушыны қызықтырып назарын аудару.
Оқушы дауысының көркемдік бірлікте даму принципі.
Балалар дауысының техникалық даму талабы көркемдігіне бағытталу керек. Мұнда оқытушы және оқушының есту қабілеті үлкен рөл атқарады.
Музыкалық құбылысты есту қабілеті арқылы қабылдап теориялық жағынан түсіну.
Бірінші мотив, фраза немесе ән толығымен жатталады. Анализ, оқушының мәнерлі айту.
Вокалда дауыстық регистрда дыбысталуы.
Бұл дауыс бастауы дауыс астарына байланысты. әнші өз лауысын ұстана алса бұл бала дауысының дамуына көп септігін тигізеді. Дауыс аппараты 3 бөлімнен тұрады:
— тыныс жүйесі
— артикулияциалық аппарат
— көмей
Оқу мазмұны.
Мұнда:1. спецификалық білім және дағды жүйесінің негізі
2. оқушының шығармашылыққа икемділігі
3. әлемге бір – біріне деген икемділіктері кіреді.
Білім және дағды жүйесі.
Нота білу мен теориялық білімнен басқа ән айтудың әр түрлі ережесін сақтау керек.
— толық емес тактыдан басталған дыбысты жеңіл және тыныш айту керек.
— Музыкалық фразада басты бір шың ғана болуы керек.
— Ән қарқындылығын соңғы ұзақтыққа дейін сақтау керек.
— Ұзақ нотаны айтқанда іште пульсация болу керек.
— Әнді айтқанда келесі нотаны жеңіл айту керек.
— Темп жылдамдаған сайын дыбыс жеңіл болу керек.
— Екі дауыстыны бірге айту да, қосуға болмайды.
— Әуен немесе жоғары дыбыс көтерілгенде дыбысты төменгі дыбысқа жақын айту керек.
— Сөз ортасында тыныс алуға болмайды. Хорда цептік тыныс.
— Цептік тыныс қолданарды жұмсақ атакамен дыбысталу керек.
— Зат есіммен етістік үстінен тыныс алуға болмайды.
— Тыныс шығару шығарма екпініне қатысты болу керек.
Дағды — өз еркімен орындалып отыратын құбылыс. Запарожец, Люблинской, Пятровский пайымдауы бойынша дағды үшке бөлінеді.
1. Анаметтік – құбылыс элементін меңгеру.
2. Синтетикалық – жалпы структура құбылысы.
3. Автоматизаци – пысықтау структурасы.
Дауыстық аппарттың дұрыс жұмыс істеу координациясы үшін, мускулдық энергия үнемді түрде жұмсалып, әнші дұрыс айтқанда өзіне де көрерменге де жақсы естіледі. Дұрыс ән айтудың себебі, дауыс шаршағанда, тамақпен айтқанда, осыдан көрермендерде дұрыс қабылдамайды.
Әнші дауысының негізгілері:
- Дыбыс диапазоны.
- Дауыс диапазонының әр бөлігіндегі динамикалық диапазон.
- Тембр сапасы: обертон байлығы, әнші вибратасының сапасы, вокалдық позиция, ұшқырлық және үнділігі, регистордан регисторға жүйемен көшу, дауыстыларды қалыптастыру, дауыстың қысылуы.
- Дикция сапасы: талдау, ойлау, жеткізудегі ептілік.
Негізгі вокалдық дағдыларға:
- Дыбыс қалыптастыру.
- Әнші тынысы.
- Артикуляция.
- Слухтық дағды.
- Орындаудағы мәнерлі эмоционалдық дағды.
Дыбыс қалыптастыру – жалпы процесс, тыныс және артикуляциялық органдардың көмеймен байланысында туындайды.
Артикуляциялық дағды:
- Фонетикалық анықтама және ептілікпен, таза жеткізу.
- Әр түрлі фонемада көмейді бір қалыпты ұстау.
- Жақын және вокалдық позицияны табу, бет аймағында дыбыстың дұрыс дыбысталуын білу үшін.
- Дауыстыларды мүмкіндігінше сезу, ал дауыссыздарды қандай ритм, темпте болсын жеңіл айту.
Тыныс дағдысы:
- Әншілік қойылым, тыныс органдарына мүмкіндік.
- Іш бұлшықетімен жамбас, бел аймағындағы бұлшық еттермен көлемді тыныс шығару.
- Тыныс ұстап жіберу.
- Ақырын және үнемді фонациялық тыныс алу.
- Тынысты бүкіл музыкалық фразаға бөлу.
- Дыбысты біртіндеп күшейтіп, әлсіздендіру үшін тынысты қолдану.
Негізгі слухтық дағдыға:
- Слухтық назар және өзін — өзі қадағалау.
- Әнші дауысының дыбысталуының сапасы, эмоциялық мәнерлілік.
- Әншілік дыбыс және оның қалыптасуын елестете білу.
Дауыстық диапазон – примарлық аймақтың бірнеше дыбыс, екі октавадан мүмкіндігінше әрі де жоғары алуға болады. Динамикалық диапазон – рр – дан f – ға дейін. Р – ны дұрыс алғанда f пайда болады.
Тембр – обертондық құрамда ең кедейден ең байға қарай, дауыстың әр регисторында болады. Дауыс тембрінің кемшілігі артық қысылыңқылық.
Дикция – дауыс арқылы бөлек дауыстыларды, буындарды, содан соң бұкіл фразаны айту.
Дауыс жылжымалылығы – орташадан ең жоғарыға дейін. Концентрациялық әдіс: негізін салушы – композитор, вокал оқытушысы – М.И.Глинка. бұл әдіс жаңа вокал музыкасында қолданылады.
- Жаймен айту.
- Дауыстыларды вокализациямен айтқанда таза фонема болу керек.
- Дауыста еркіндік.
- Әнді айтқанда ауыз қалыпты ашылады.
- Ешқандай күштеу жасамау.
- Өте ақырын, өте қатты айтуға болмайды.
- Нотаны бір қалыпты дыбыс күшімен созу.
- Бір қалыпты дауыс тембрімен дыбыстарын жоғары төмен айту.
- Portomento яғни ешқандай «подьездсіз».
- Вокалдық жаттығулар қатарын бақылау.
Фонетикалық әдіс. Дауыстар арқылы жаттау.
- Сөзді әнде бір қалыпты артикуляциямен айту, күлген тәрізді.
- Дауыссызды жеткізу. «л», «р», «м», «н», «з», дауысталуын естірмеу тиіс.
- Дауыссыздың бет, маскада дыбысталуы.
- Үнді: м, б, в, д, з, н, л, р, ж, г.
- Қатаң: п, ф, т, с, ц, ш, к, х.