Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы

Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы туралы қазақша реферат

Сақтандыру – сақтандырушымен сақтанушылар төлейтін сыйлықақылар мен заңмен тыйым салынбаған басқа қайнар көздерінен құрылатын ақшалық қорлардаң сақтандыру төлемдерін төлеумен белгілі сақтандыру жағдайы туған кезде жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүліктік қорғалуы бойынша қатынасы («Сақтандыру туралы» ҚР Заңы).

Аннуитеттік сақтандыру – скақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Қоғамда уақыт өткен сайын сақтандыру жүйесi де дамып келеді. Сондықтан мен мына аталған заңға қысқаша тоқталып eткім келiп отыр. Ол: «Еңбек мiндеттерiн орындау барысында жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң сақтандыру мiндетi» туралы заң жобасы.

«Еңбек мiндеттерiн орындау барысында жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң сақтандыру мiндетi» туралы заң жобасын сараптап келетiн болсақ, ол императивтiк әдісте болып келедi. Осы заңға сәйкес шартта тараптардың реквизиттері, сақтандыру нысанын көрсету; сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасының мөлшерi, сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi, сақтандыру жарналарының мөлшерi және төлеу тәртiбi; тараптардың құқықтары мен міндеттері, міндетті сақтандыру шартының жасалған күні  мен қолдану мерзiмi қамтылуы тиiс. Шарт тараптардың келiсiмi бойынша заңға сәйкес жасалады. Осы заңның 18 бабы бойынша қызметкердi еңбек ету қабiлетiнен айырылуын куәландырудың тәртiбi көрсетiлген. Мұнда қызметкер еңбек қабiлетiнен айрылу өндiрiспен байланысты болған кезде ол заңға сәйкес белгiленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы aктімен ресiмделедi. Сонымен бiрге жазатайым оқиға немесе кәсiби ауру салдарынан еңбек (кәсiби немесе жалпы) қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу үшiн қызметкердiң куәландырудың, сондай-ак: қосымша көмек пен күтімге мұқтаждығын белгiлеудiң тәртiбiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкілетті орган азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.

Аннуиттеттік сақтандыру – сақтандырылушы адамның түрлі жағдайға байланысты еңбек ету қабілетін жоғарлатуы, асыраушының қайтыс болуы, жұмыссыз қалуы сияқты жағдайларда, зейнетақы немесе рента түрінде төленетін сақтандыру түрі.

2005 жылға дейін адам өмірін сақтандыруды түгелдей дерлік мемлекет жүзеге асырды. Ал қазір сақтандыру жүйесі жаңа әлемдік стандарт бойынша бағдар ұстамақ. Аннуитет сол стандарттардың бірі. Оған сәйкес, жұмыс беруші аннуитеттік компаниямен аннуитет шартын қызметкердің немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның пайдасына жасасады. Яғни, егер сақтандырушы қайтыс болып немесе денсаулығына зиян келгенде, оған немесе оның отбасына зейнетақы немесе рента төленеді.

Бұл заң қолданысқа 2005 жылы қаңтардан бастап енгiзiледi. Тұжырымдай келе әрбiр жұмыc берушi өз қызметшін қызмет мiндеттерiн орындау барысында жұмыскердiң денсаулығы мен өміріне келтiрiлген залалды жұмыc берушiнiң сақтандыру мiндеттi.