Аннуитеттік сақтандыру курстық жұмыс

Мазмұны

Кiрiспе…….3

1 тарау. Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде…..4
1.1. Аннуитеттік сақтандыру түсінігі және даму тарихы……..4
1.2. Аннуитеттік сақтандыру шартының жалпы сипаттамасы…..5
1.3. Аннуитеттік сақтандыру шартының субъектісі және объектісі……9
1.4. Аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша төлем өтеу мөлшері және тәртібі……12
1.5. Аннуитеттік сақтандыру жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде……..15
2 тарау. Практикалық бөлім….18

Қорытынды……20

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi………22

КІРІСПЕ

Сақтандыру адам пайда болған кезден бастап дамып келеді. Сақтандырудың қалыптасуы әр түрлі сатырлардан өтіп қазіргі жағдайларына жетті десек болады. Қазіргі жағдайда сақтандыру – бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.

Сақтандыру шарты қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да белгілі бір уақиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты универсалды қорғау құралы болып табылады. Ал сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет. Республикада жаңа сақтандыру нарығы қалыптасуда, мұнда бірінші орында ерікті сақтандыру, әлеуметтік сақтандырудың түрі бойынша мемлекеттік міндетті сақтандыру түрлері еңгізілді.

Осы курстық жұмыстың мақсаты аннутеттік сақтандыру пәнін, жалпы сипаттамасын зерттеу. Осыдан шығатын міндеттер:

а) аннуитеттік сақтандыру шарттың сипаттамасы;

ә) шарттан туындайтын міндеттемелер мазмұны;

б) шарттың өзекті мәселелері мен оны болашақта тәжірибеде қолдану.

Мен өзімнің курстық жұмысымда сақтандыру мәнін, жалпы сақтандырудың мазмұнын ашуға, оның тек қазіргі заманда ғана емес, келешекте же өз маңыздылығын жоғалтпайтының көрсетуге тырыстым. Сақтандыру шартының адамның әр минутында оның психологиялық, материалды, әлеуметтік жағдайының қалыпты болуына әсер етуге қатысты болатындығы көрсеткім келді.

Аннуитеттік сақтандыруды жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімдірек ұсыныстары, оның өзеліктігін төмендетуіне әкеп соқтыратын секілді, алайда көп дау тудыратын мәселелердің бірі болып –  аннуитеттік сақтандыру шартын құқықтық табиғаты және азаматтық-құқықтық мәмілелер жүйесіндегі алатын орны туралы мәселелер табылады. Қазіргі кезде бұл мәселелерге ғылыми публикациялар арналған.

Аннуитеттік сақтандыру қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі мен жаңалылығы, әлеуметтік маңыздылығы қолданыстағы заңнаманың бірқатар жетілдіруді қажет етуі курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты аннуитеттік сақтандыру теориялық және құқықтық аспектілерін ашу, қазіргі экономикалық жағдайда оның негізгі рөлі, өзге әлеуметтік сақтандыру құралдары алдында артықшылығы, сонымен бірге халықаралық тәжірибедегі ұйымдастырудағы тиімді жолдарын қарастыру.

 Курстық жұмыс / 23 бет