Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен Англияда басылып шығарылған әлеуметтану оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға келтірейік.
С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис : “Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. “Әлеуметтану – бұл адам тәртібі және осы тәртіпке әсер ететін, адамның әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.
Ст. Мур, Б. Хендри: “Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер жөніндегі ғылым ”.
Дж. Херд : “Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол ”.
М. Тейлор, Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: “Әлеуметтану-бұл әлеуметтік топты және олардың адам тәртібіне әсері жөнінде оқыту”.
Н.Смелсер: “Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік» түсініктемесімен байланысты. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын кеңінен ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым негізін түсінуге өз айрықша үлесін қосады.