Америго Веспуччи туралы қазақша реферат
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де көруге аттанды.
Америго Веспучии 1501 жылы Португалия королының кемесімен «Жаңа жерге» екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «Жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да 20 градус оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген Испания саяхатшылары зерттеген «Жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк», — деген дұрыс қортындыға келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Европа , Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашқан жерді оның басқа материктерімен ұқсастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді. Ол кезде Американы «тоты құстар» жері деп атайтын. Сөйтіп, жаңа құрлықтың аты Америго Веспуччи атымен аталып кетті. Бұл жерді Колумб ащқанымен, ол өмірінң соңына дейін оны білмеді, сондықтан материк Америго атымен аталды.
Бальбаро ну Васко Нуньес корольдан қашып «Жаңа жерді» зерттеуге аттанған экспедициямен келіп, Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп тұрады. Үндістердің одан әрі қарай су бар дегеніне сеніп, Испандардың көмегімен Панама мойнағына өтті. Көптеген таулардан өтіп, 1513 жылы 25 қыркүйекте тұңғыш рет Тынық мұхитын ашты.
Осыдан кейін Американы жаңа материк деп мойындады. Енді отаршылдар Америка байлығын именденуге жанталасып, халқын қырғынға ұшыратып, жартысын құлдыққа апарып сатты. Бұдан кейін европалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа да жерлерін өздеріне қаратып, Бейбіт халықтарын тонап, мәдениетін, салт-сана, әдет –ғұрпын аяққа басты. Колумб пен Васконың саяхаты географиялық болса, ендігі европалықтардың саяхаты басқыншылыққа негізделді.
1501 жылы Португалия королінің келісімімен «жаңа жерге» екінші рет барды. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кобрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да, 20° оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып Колумб ашқан, одан кейін көптеген испания саяхатшылары зерттеген «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк» деген дұрыс қорытындыға келеді.
1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Еуропа, Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашкан жерді оның басқа материктерімен ұксастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді.
Ол кезде Американы « Тоты құстар жері » дейтін. Сөйтіп жаңа құрлықтың жартысы Америго Веспуччи есімімен аталып кетті. Ол материкті негізінде түңғыш ашқан атақты Христофор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспуччи болды. Осыдан кейін еуропалыктар Американың жаңа материк екеніне сенді. Енді отаршылар Америка байлығын иемденуге жанталасып, жергілікті халықты қырғынға ұшыратты, бірсыпырасын Еуропаға апарып құлдыққа сатты. Аралдардың кейбір байырғы халықтарын еуропалықтар осы ретпен құртып жіберді. Бүдан кейін еуропалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа жерлерін өздеріне қаратып, бейбіт халықтарын тонап, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтіп Колумб, Васко да Гама, тағы басқалардың белгісіз жерлерді ашуы география ғылымы үшін үлкен жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейінгі саяхаты басып-жаншуды, отарлау саясатын көздеді.
Колумб батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді — Американы ашып жүргенде, Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.