Алтын күз. (күзге арналған балабақшадағы ертеңгілік)

Музыка ойнап, әсембезендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Жүргізуші: Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз. 
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі 
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. 
Жібек: Тоңазыпатырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

Балнұр: Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

Аяжан Е: Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 

Аяжан К: Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 
Ән « Күзгі жапырақтар». 
Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар! 
Жүргізуші: — Ал, балалар, балалар, 
Енді бері қараңдар. 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші. 
Әуелі жұмбақ жасырам, 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін, 

Қонағымды дәл ортаға шақырам. 
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын, 
Қамбаға астық толатын. 
Қызыл қырман ойнайтын, 
Қаймезгілде ойлайсың? 
Дұрыс, күзмезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? 
(Балалардың жауабы). 
Өтежақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық! 
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! 
Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, 
Ойын ойнар түр-түрлі! 
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! 
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар. 
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. (Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»). 
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! 
Тағы қандай өнер бар? 
Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін 
Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі! 
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды). 
Пияз: Асханадан шықпаймын, 
Атым — пияз, бұқпаймын. 
Көзден жасты шығарам, 
Тұмаудан бірақ сақтаймын! 

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып, 
Бақшаларда қызарып. 
Тұрғанол мен- қызанақ, 
Күнге қарап ұялып! 

Қос картоп: Картоп-біздіңатымыз, 
Жерастында жатырмыз. 
Бір тамырдан тараған, 
Ағайынбыз бәріміз! 

Сәбіз: Өсіретін бойыңды, 
Дамытатын ойыңды. 
Қоянға да азықпыз, 
Сәбіздерміз жазықсыз! 
Алтын күз: Бәрекелді, керемет! 
Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе? 
Алтын күз: Білмейді екем… 
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»). 
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге қолшатырмен би билеп бермекші. 
(Қолшатырмен би). 
Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар! 
Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар. 
Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар?! Ендеше «Алтын күз-2012» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! 
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді). 
Алтын күз: Керемет! Қандайәдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сауболып тұрыңдар! Келесі кездескенше! 
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күзшығып кетеді). 
Жүргізуші: Алтын күздіңсыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сауболыңыздар!» дейотырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 

Қарасайауданы, Береке ауылы
«Еркемай» балабақшасының естиярлар тобында өткізілген «Алтын күз» ертеңгілігі.

Дайындаған:  тәрбиеші  Г. С. Махашова