Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы — Алматы қаласы өзінің физика-географиялық және табиғи-климаттық сипаттамасы уникалды болып, экологиялық ерекшелігін территориясында түрлендіріп келеді.
Алматы Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тау етегінде, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Алматы жер шарындағы осындай ғажап «биіктік» орын алған біраз қалаларының біріне жатады. Теңіз деңгейінен Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі 670 метр биіктікте белгі алып, ал ең аласа нүктесі 970 метрде орналасқан. Оның табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігі осындай ғажап қаланың тігінен орналасуына байланысты. Қатал солтүстік және ыссы оңтүстік табиғи зоналары Алматы қаласында қосылған сияқты. Сібір аққайыңы мен Тань-Шань шыршасы, жүзім сабағы мен шабдал көршілесіп тұр.
Барлық табиғи белдеулер-солтүстік шекарадан асатын шөлейт даладан оңтүстіктен асатын мұздыққа дейін қалалық картада белгіленген.
Қаланың климаты континенталды болып келеді және тау-алқап циркуляциясының ықпалымен сипатталады. Желдің барлық бағытында қала «аэродинамикалық көлеңке» атауында болып шығады, жыл бойы 95%-дан астам толық штилді күндер бақыланады, штилдің жазда қайталануы 45%, ал қыста 70%. Қыс мезгілінде қала үстінде температурасы қуатты және ұзаққа созылған инверсиялары пайда болады. Тұманның пайда болуы атмосфералық ауа қабатының вертикалды араласуын болғызбайды. Қоспаның тарқауына аласа қайнар көздердің лақтыруынан климаттық ерекшеліктер қолайсыз жағдайлар жасайды, зиянды заттектер атмосфералық жер қыртысының қабатында жиналады.
Күрделі ландшафттық-географиялық шарттар қала келбетінің жаңа жоспарын анықтайды. Қаланың белгілі бөлігін тұрғын массивы алып жатыр. Қаланың орта бөлігінде барлық мәдени тұрмысқа тағайындалған мекемелердің 70%-ы орналасқан. Райымбек көшесінен солтүстігіне қарай өнеркәсіп және кіші этажды құрылыстар басым келеді. Қала жоғары сейсмикалық және қауіпті сел зонасында орналасқан.
Алматы қаласының қоршаған ортаның экологиялық жағдайы ауаның ластану деңгейі бойынша табиғатты қорғау шараларының дамуына қарамастан республикамыздың қолайсыз қалаларының біріне жатады. Алматы қаласы дүние жүзіндегі ең лас 10 қалалардың ішіне кіреді. Алматы қаласының атмосфераға шығаратын зиянды заттектерінің мөлшері және олардың топырақ құрамындағы мөлшері Өскемен қаласынан кейін екінші орында. Егер бұрын жүздеген өндірістік өнеркәсіптер түтіндесе, қазір олардың орнын жүз мыңдаған автокөліктер алады. Автокөліктердің 60%-ы тиімсіз пайдаланады (бір жүргізушіні ғана тасиды), қалалық АЗС-тар жанармай маркасын көтеру үшін экологиялық зиян қорғасын қоспаларын пайдаланады. Жүйелі түрде көмір тотықтары мен формальдегидтердің рұқсат етілген концентрациялары жоғарылайды. Көп мөлшерде азот диоксиді, фенол, шаң, күкірт қоспалары және басқа улы заттектер кездеседі. Орта есеппен жылына қала атмосферасына газ және шаң түрінде 180 мың тонна зиянды заттектер шығарылады.
Атмосферада жылына бір тұрғын адамға 35 кг зиянды заттектер келеді. Ауада зиянды заттектердің концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан әлдеқайда асады. Ауада қорғасын, кадмий, хром, азот диоксиді, фенол, күшән және формальдегид көп кездеседі. Осы жылдың басында ауадағы шаң рұқсат етілген нормадан 1,4-1,8 есе, фенол — 1,4-1,8 есе, формальдегид — 1,8 есе, көмір оксиді — 1,1 есе асып кетті.