Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы

Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы туралы қазақша реферат

Әлеуметтік жұмыс біздің еліміз үшін салыстырмалы түрде ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеттің жаңа аймағы болып табылады және де оның көптеген аспектілері теориялық жағдайда әлі де болса “даулы” мәселе күйінде қалуда. Сондықтан да әлеуметтік жұмытың әдістерін анықтау, оның классификациясы және мазмұнды сипаты үнемі ғалымдар мен практиктердің талқылау пәні болып табылуы кездейсоқ емес.

Жалпы ғылыми мағынада әдіс – философиялық және ғылыми білім жүйесінің негізделуі мен құрылу тәсілі, сонымен қатар болмыс, шындықты меңгерудің теориялық және тәжірибелік операциялары мен амалдардың жиынтығы. Өзінің генетикалық тамырымен әдіс адамның практикалық қызметінен туындайды, оның тәсілдері шындықтың зыңдарына тиесілі болуы керек. Таным барысында ойлау әдісінің дамуы мен дифференциясы әдіс туралы ілімге — әдіснамаға алып келді. Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекетті құру мен ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі, сонымен қатар, осы жүйе жайлы ілім.

Әдіснамалық ғылымның негізінде практикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың және білім алудың тәсілі ретінде көрінетін әдіс туралы ілім жатыр. Әдіснамалық талдау объект туралы білім алу қалайша мүмкін, объект туралы қорытындылардың негізділігі мен білімнің дұрыстығын қандай әдістер қамтамасыз етеді, объектінің табиғатына білім алудың қанай поцедуралары адекватты деген сұрақтарға принципиалды жауаптар беруге негізделген.[1]

Әрине, әлеуметтік жұмыс әр аспектіде әртүрлі сапада көрінеді және әртүрлі әдістер мен көзқарастар, бағыт — бағдарларды қолдануды талап етеді. Егер әлеуметтік жұмыстың ғылыми пән ретіндегі басты мақсаты — әлеуметтік шындықты тану болса, онда ол практикалық іс-әрекет ретінде осы ақиқаттың түрленуімен байланысты.

Ғылымдағы әдіснамалық талдау ғылымның объектісі мен пәнін белгілеуді, түсінік категорияларының аппаратын және жалпы заңдылықтарды, зерттеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтауды көрсетеді. Ғылымның объектісі мен пәні зерттелінетін құбылыстардың шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдардың жүйесіндегі орнын анықтайды. Қандай да бір ғылымның объектісі деп зерттеуіне беріліп отырған ғылым бағытталған ақиқаттың ( табиғи және әлеуметтік ) бір жағы ұғындырылады. Сонымен қатар ешқандай ғылым саласы өзінің объектісін түрлі себептерге байланысты толығымен сипаттай алмайды. Осыған орай, көптеген нақты ғылымдар өзінің қарастыратын сферасын шектеуге мәжбүр. Кез — келген ғылым объектіге ол қалыптасқан дәстүрге қатысты бағыт — бағдарында шектеулі. Сондықтан ғылымның объектісінен пәнді ажыратады. Ғылымда зерттеу объектісі қай қырынан көрсетілген, соған орай, сол ғылымның пәні объектісінен ажыратылады. Ортақ қабылданған пікір бойынша, әрбір ғылымның пәні — ол, таңдамалы түрде алынған объективті қүбылыстың бір салада зерттелінуі.

Ғылымнын пәнін анықтау -сол ғылымның білім аймағында жеткен дәрежесіне және әлеуметтік практикасының дамуымен байланысты. Егер обьект ғылымға тәуелсіз пайда болса, ал пән сол ғылыммен бірге қалыптасып, сол ғылымның категориялар жүйесінде тіркелінеді.

Осыған сәйкес, ғылымның объектісі мен пәнінің таңдалуы элеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмүнына әсерін тигізеді. Әлеуметтік жұмыстың теориясы үшін оның нақты айқындалуына ықпалын тигізетін бағыттардың әртүрлілігі тән болып табылады.

В «Словаре-справочнике по социальной работе» ( 2000г ) отмечается:…Объектом исследования социальной работы является процесс связей, взаимодействий способов и средств регуляции поведения социальных групп и личностей в обществе. Предметом социальной работы как самостоятельной науки являются закономерности, обусловливающие характер и направленность развития социальных процессов в обществе.

«Основы социальной работы» ( 1999г ) /3/ деген еңбекте көрсетілгендей: «Әлеуметтік жұмыстың объектісі — басқа адамның көмегіне мұқтаж адамдар, қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер, ауыр сырқаттар, балалар, ауыр өмірлік жағдайға түскен адамдар, теріс жолға түскен жасөспірімдер және т.б. .».

Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні, бір жағынан, практикалық әлеуметтік жүмыстың бағыттарымен негізделген, екінші жағынан, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының мазмұны мен шекарасына әсерін тигізеді. Объект пен пән тұрғысынан алынған түрлі құрылымдарға қарамастан бұлар бір — біріне ұқсас. Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыс көмекке аса мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек шегінен шығып, адам туралы теориялық білімді игеріп, сол адамның әлеуметтік жағдайын түзеуге тырысады.

Әлеуметтік жұмыста объектіні тану үшін қолданылатын объективті ғылыми білімнің қалыптастыру әдісі басқа ғылымдарда қолданылатын тәріздес.

Ғылымда білім алу жолдарына қатаң қатынас бар. Олардың жеткілікті қатал регламенттері бар. Алынған білім объективті ғылыми талаптарын қанағаттандыру үшін, ғылымда әдістен тыс білім болмайды : егер қүбылысты зерттейтін ғылымда әдіс болмаса, ол туралы ғылыми білімнің де болмағаны.

Әлеуметтік жұмыстың технологиясы деп —  әлеуметтік қызметкердің өзінің іс-әрекетіндегі қойылған мақсатына жеткізетін әдістері мен амалдардың жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік технологиялары қарапайым ( арнайы мамандығы жоқ адамдар да жүргізетін), күрделі ( мамандықты қажет ететін) және комплексті ( бірнеше мамандықтарды қажет ететін) болып бөлінеді.

Әлеуметтік жұмыстың жалпы технологмясымен бірге ( диагноз, экспертиза, болжау, көпшілікпен байланыс) әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілерін көрсетуге болады.

Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге бөлінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту (  реабилитация) технологиялары.

Диагностика кезінде әлеуметтік экспертиза қойылады. Әлеуметтік жұмыста осы эксперт психиатр, заңгер, психолог, тәжірибелі әлеуметтік жұмыскер болуы мүмкін. Әлеуметтік экспертиза төрт функцияданан тұрады: диагностикалық ( клиенттің жағдайын анықтау), ақпараттық бақылау (  клиент туралы ақпарат анықталады), прогноздық ( клиенттінің болатын жағдайы анықталады), жобалылық ( шешім қабылддауға ұсыныстар шығару).

Әлеуметтік жұмыс жүргізген кезде бірнеше жаңалықтар ( инновациялар) енгізіледі, мысалы сенім телефоны.

Әлеуметтік жұмыстың принциптері деп, — оның бастапқы негізін, әрекетінің  ережесін айқындайтын идеяларын айтады. Гумандық принципі адамды аса бағалы деп түсінуді талап етеді. Латын тілінен алғанда « гумандық» — « адамгершілікті білдіреді». Қоғамдағы болып жатқан процестерге қарағанда, бірінші орынға адамның назарын қояды. Мысалы, егер адамдар жақсы өмір сүре бастаса, онда елдегі реформа дұрыс жүргізіледі деген сөз. Ал егер, керісінше, адамдар нашар өмір сүрсе, онда реформа қате жүргізілді деген сөз.

Әлеуметтік жұмыста гуманизм адамгершілікті, адамдарға деген адамгершілік көзқарасты, мейірімділікті білдіреді.

Альтруистік қатынас өзімшілдікке ( эгоизмге) қарама-қарсы. «Альтруизм» латын сөзінен шыққан, « басқа» деген мағынаны білдіреді. Ол буддизм мен христиан заманында моральдық принцип ретінде белгілі болды. Терминнің өзін ХIX ғасырда О. Конт « басқа адам үшін өмір сүру » деге көзқарас деп білдірген. Альтруизм әлеуметтік жұмыста адамға адал, риясыздық, жанкештілік көмек дегенді білдіреді.

« Конфиденциалдық» деген қағида сізге адамның айткан құпия сырларын, ауруларын тарихын кімге болса, соған айтпай, құпияда сақтауын білдіреді.

« Демократизм» мен « толеранттық» қағидалары кез-келген адаммен дұрыс қатынаста болуға, оның жасаған қылықтарына шыдамдылықпен, түсінушілікпен қарауды білдіреді.

Демократиялық әлеуметтік қызметкер өзінің клиентінің ойлау құқығын құрметтейді.

Адам құқығы мен заңды сақтау — әлеуметтік жұмыстың қағидалары, ол мемлекеттің саясатын білдіретін заңдарды қатан сақтауды талап етеді.