Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері туралы қазақша реферат
Болжамның типологиясы әлеуметтік болжаудың мақсатына, міндетіне, нысанына, әдіс-тәсіліне, мәселесіне, сипатына, бекітілген кезеңіне, әлеуметтік жұмысты болжау әдістерін ұйымдастыру әдісіне құрылуы мүмкін. Бұл процесс, біздің ойымызша, екі болжамнан: нысандардың жай-күйін, әлеуметтік болжам негізі: болжаудан және себеп-салдарлық байланыстарды болжаудан құралады. Болжау сипаты және басты мақсатына тәуелді қосалқы міндеттер сатысын айқындау маңызды. Оны қай бағыт бойынша құру керек: мемлекеттік институттар құрылымына сәйкес көлбеу бағытпен бе, салалар бойынша тікелей тәуелді ме дегн сауалдардан тұратын бағдарламалық-мақсаттық қырынан қарастыру болып табылады. Басқаруды нақтылау сипаты критерийі бойынша болжамдардың мынадай қосалқы типтері бөліп көрсетіледі: ізденісті және нормативтік болжамдар.
Әлеуеттік ізденістік болжам – болашақтағы әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйін анықтау. Мұндай болжам “ бар тенденциялардың сақталу жағдайында әлеуметтік жұмыстың ыққтимал ісі қандай болады?” – дегн сауалына жауап береді.Әлеуметтік жұмыстағы нормативтік болжам – мақсат тұрғысында қабылданатын құбылыс ретіндегі әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйіне жетудің мерзімі мен жолдарын анықтау. Мұндай болжам: “іштей және сырттай орнықты әлеуметтік қызмет субъектісін қалыптастыру қандай жолдармен жүзеге асырылуы қажет?” – деген сауалға жауап береді.
Алдын алу кезеңі – болжам есептелген уақыт аралығы бойынша өндірістік (ағымдағы), қысқа – орта – ұзақ мерзімдік және алыс болашақтағы мерзімдік (өзге ұзақ мерзімдік) болжамдар ажыратылады.
Болжамдардың уақыттық градациясы түр-типтеріне, мақсат, міндеттеріне қатысты шама болып табылады және сол болжамның сипаты мен мақсатына тәуелді болады.
Әлеуметтік жұмыс объектісін болжау құралы. Әлеуметтік жұмыс объектісін болжамдау негізінде болашақ туралы ақпараттың өзара әсер етуші үш көзі жатыр:
- Әлеуметтік жұмыс объектісінің болашақтағы болжанатын жай-күйінің даму болашағына тәжірибе негізінде баға беру.
- Өткендегі және қазіргі даму заңдылығы жеткілікті дәрежеде белгілі тенденциялардың болашақтағы шартты жалғасы (экстрополяциясы).
- Әлеуметтік жұмыс объектісінің болашақтағы жай күйінің моделі.
Осыған сәйкес әлеуметтік жұмыс объектісін болжауды әзірлеу тәсілінің үш түрі болады:
- Анкеталау (сұхбаттасу, сауалдама жүргізу) – болжамдық сипаттағы субъективтік баға берулерді реттеу, негіздеу мақсатында сараптаушылардың халыққа сұрақ беруі.
- Экстрополирлеу және интерполирлеу (әлеуметтік жұмыс субъектісі жай күйінің белгілі бір екі тұсы арасындағы аралық мәнді анықтау) – болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісі көрсеткіштерінің динамикалық қатарын өткендегі болжамдарды негіздеу кезеңінің өн бойында құру және болашақтағы болжамдардың алдын алу (болжамдық әзірлеудің ретроспекциясы мен проспекциясы).
- Модельдеу – болжанатын әлеуметтік жұмыс объектісін ықтимал немесе қалаулы өзгерістерін есепке ала отырып ауқымдар мен өзгерістер бағыты туралы қолда бар тура немесе жанама мәліметтер бойынша болжамның алдын алу кезеңіне арнап ізденістік немесе нормативтік моделдерді құру.
Модельдер түрі: теңдеулер жүйесі, сценарийлер, имитациялар, графалар, матрицалар, көрсеткіштер топтамасы.
Бейресми әдістер. Ауызша таралатын ақпарат. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесін өңдеуде, әрине, басшылыққа алынады. Талдау барысында ауызша әдістер жиынтығы, ауызша ақпарат айрықша жиі сыртқы ортада қолданылады. Мұнда радио және телебағдарлама тұтынушылар, жеткізушілер, бәсекелестер сауда кеңестерінде, кәсиби мекемелерде (бұларға “Ротари”, болмаса “Киванис” клубтарын жатқызуға болады) заңгер, бухгалтер, қаржылық тексеруші,кеңесшілерден алынған ақпараттардың жеткізілуі бақыланады.
Мұндай ауызша таралатын ақпарат сыртқы қоршаған ортадағы мекемелерге қызығушылық танытатын негізгі факторларға қатты әсер етеді. Ол ашық түрде болғандықтан, оны алу оңай және одан толық ақпарат алу мүмкіндігі бар. Бірақ кейде мәліметтер ішінде дәлдігі жетіспейтін әрі ескірген, ырықсыз көмескіленген мәліметтер де кездеседі. Егер мұндай жағдай орын алғанда, яғни басшылық мекеме мақстын қалыптауда санасыз ақпаратты пайдаланса, мәселелер саны едәуір көлемді болуы мүмкін. Әрине, зиянды. Мәселен, 1980 жылы Москвада өтетін олимпиялық ойындар қарсаңында мекеме мыңдаған атаулы өкім шығарды. Ең жас саналған ауызша таралған мәліметтер ақпараттар АҚШ-тың ойынға қатысатыны туралы ақпар берген. Алайда соңғы минуттарда президент Картер СССР-да болатын сапарынан бас тартып жоспарын өзгерткен. Содан компания милиондаған шығын жұмсалған өнімдерді тұтынушысына жол тартпай, щығынға қалған.
Жазбаша ақпарат. Жазбаша ақпараттар көзі ақпараттық бюлетендер, кәсіби журналдар, жылдық есептер болып есептеледі және бір жазбаша ақпарат көзі, яки бәсекелес есепте 10К. Бұл ерекше жылдық есеп құнды қағаздар, барлық ашық акционерлік компаниялар комиссиясының қатысуынан құралады. Кітапханалар мен барлық колледж, университеттерде 10К есебі қолданылады. Тағы да қайталаймыз: бұл ақпараттың да ардап шегетін фактолары ауызша тарайтын ақпаратқа тән белгілер. Нақтырақ айтқанда, бұл ақпарат жаңа, өнімді әрі терең болмауы мүмкін.
Жапондық “Хитачи” және “Митцубиси” әлемдегі электрондық өкілі, компьютер және оның жабықтарын даярлаушы фирма. Оның 18 рет құпия түрде жүргізген сұмдық әрекеттері негізінде “Ай Би Эм” фирмасының құпияларын ұрлағаны үшін өкілдері тұтқындалған.
Тұтқындалғандар “Ай Би Эм” фирмасының жаңа заман талабына сай компьютерлік технологиясын, техникалық жабдықтармен жасырын түрде ФБР (агенті) тыңшысына жеткізу үстінде айыпталған.
Тыңшылық (шпионаж) – бұл корпорациялық бірлестіктердегі алғашқы жаңалық емес. Бұл кейде бәсекелестердің мәліметтерін жинауда табысты тәсіл болып саналады. Және бұл мекеме мақсат – жоспарын қайта қалыптауда пайдаға асады. Біз бұл жерде құнды мәліметтер, сондай-ақ сіздің интеллектуалдық қабілетіңізге қатысты құжаттарды қорғау жөнінде естеріңізге саламыз. Мақсаттылық осы.[3]
Болжаудағы сандық әдістер. Сандық әдістерді болжамдау барысында қлдануға болады. Ол тек іс-әрекет өткен уақытта анықталған тенденция (негізгі ой) менінде болып, болашақта да жалғасын апса және статистикалық мсенімді тенденция негізінде көрінген әрі тәуелділік жағдайында. Сондай-ақ жетекші сандық модельдерді қалай қолдану керектігін міндетті түрде білуі керек, өйткені тиімді шешімдерден шыққан нәтиженің пайдасы қалып құрауға кеткен шығындардың орнын басу керек.
Уақытша қатар сараптамасы. Анализдің бұл түрі негізінен болжамға негізделген. Өткен іс-әрекет тәжірибесі болашақ істің бағасына ықпалы бар. Бұл сараптау образдардың көрінуі және өткен тенденциялардың болашаққа жалғасуын білдіреді. Оны таблица болмаса графикалар көмегімен координаттық жүйе нүктесімен жүре отырып көруге болады. Яғни бұл өткен мен келешектің үндестігі , жалғасы.
Аталмыш сараптама өнім, қызмет, қажеттіліктер бағасы, болжамдар құрылымының өтімділігі, маусымдық комбинация ( тербеліс) мінездемелуінің болмаса кадр қажеттілігіне сұраныс туындағанда жиі қолданылады. Мысал үшін, “Бюргер Кинг” атты ресторан директоры колбрлік гамбургерге сұраныс тапсыру үшін, ол өзіні шешімін керек. Өткен жылы гамбургер Қайырымдылық күніне орай ноябрь айында 10% төмендеді деп сараптама шешімі дәлелдеуі мүмкін. Болмаса жалпы соңғы төрт жылда оның ресторанында сатылым көрсеткіші 19% -дық жылдамдықты жылына қосып отыруы.
өткен мен болашақтың үндестігі болжамның дәлдігін ұсынады. Егер де бәрімізге белгілі өзгерістер, маңызды ауытқулар болса, маусымдық қатар сараптамаларының маңызы болмайды. Мысалы “Бюргер Кинг” ресторанының директоры “Макдональдс” фирмасы октябрьдің соңғы күндері ресторанының жанынан ресторанын ашса, ол ноябрьге гамбургерге ойланбастан сұраныс бере алар ма еді. Бәсекелесі жоқ болса да аймақтық телефон компаниясы болашақта “Иелбу пейдж” анықтама телефонындағы рекламасына қаншалықты ұсыныс болып, стабильділік деңгейінің қай шамада болатынын болжау үшін осы анализді қолданады. Сондай-ақ осы әдісті “Ралф Лорек” фирмасы да жұмыс істемеске: Ерлер көйлегінің жаңа түрлерін болжамдап, талғамы жыл сайын өзгеріп отыратын тұтынушылар талабынан шықпасқа. Өйткені қашанда сәнді киімдердің бәсекелестері дәлірек айтқанда, жоғары.
Себепті қалыптау. Себепті қалыптау – бүгінгі таңдағы атифметикалық әрі ұжымдық жоғын көздейтін болжамдаудың негізгі сандық әдісі. Ол көбіне ситуациялық жағдайларда қолданылады. Жеке кірістердің деңгейі, демографиялық ауытқулар, кепілдік актілеріндегі басым процент көрсеткіштері, мәселен жаңа жалғызбасты үйлерге сұраныс белгілері.
Себепті қалыптау – бұл ситуациялық жағдайларда нендей процестердің жүріп жатқандығын болжамдау, яғни статистикалық мәліметтерге тәуелді зерттеу жлымен қарастырылып отырған факторлар мен басқа да ауытқуларды бақылау.
Статистика тілінде бұл коррелляция (өзара байланыстылық) деп аталады. Корелляция тығыз болған сайын болжам жарамдылығы арта түседі, яки жоғарылайды. Толық корялляция (1000) ситуация жағдайында болса, өткен тәуелділік қашан да шын болады. Егерде түрлі-түсті теледидарға деген сұраныс 10%-ға түсіп, ұлттық азық түлік жалпы 4%-ға төмендесе , мұндай жағдайда “Форнинг Гласс” фирмасының Каузалдық моделін өзінің телевизиялық түсініктеріне пайдаланып отырғанын сеніммен айтуға болады.
Каузальдық (себепті) қалыптаудағы ең күрделі тип – экономикалық модель. Әсіресе бұл экономикадағы (динамика) қозғалыс шкаласын болжауда аса қиындық тудырады. Бұл болжаммен Пенсильвак университетінің орталық Уортовская моделі айналысады. Мықты компьютерлер арқылы шешілген бұл модель өзінен мыңдаған теңестірулер ұсынады. Модельдер бағасының бағалығы сонша, тіпті ірі компаниялардың өздері өздерінің жеке даярлаған модельдерін пайдаланбай, осы зерттеу шешімдеріне жүгінеді. Сондықтан оның құндылығы да осында. Алайда осындай қиын, күрделілігіне қарамастан , каузалдық модельдер тек дұрыс шешімдер бере бермейді. Ол анық түрде федералдық әкімшіліктің өзіінің әртүрлі әрекеттерінің экономиканы зерттеп – тануға қабілетсіздігін куәләндырады.
Болжаудың сапалық әдістері.
Ақпараттардың жеткіліксіздігі, жетекші мүмкін қиын әдісті түсінбейді, мүмкін сандық әдіс шектен тыс қымбатқа түссе, басшылықтың болжаудың сапалық түріне жүгінуі ақиқат. Бұл уақытта болашақты болжау эксперттер көмегімен жүзеге асырылады. Сапалық болжам жасаудың көп таралған төрт түрлі әдісі бар: 1) қазылар пікірі, 2) өткермешінің жиынтық пікірлері, 3) тұтынушыны күту әдісі, 4) эксперт бағаларының әдісі.
Қазылар пікірі (Мнение жюри). Бұл әдіс болжамы ремвантты сферадағы эксперттердің ынталы пікірлерінен тұрады. Мәселен, жаңа модельді компьютердің рентабельділігін (пайдалылығын) арттыру мақсатында “Контрол Лейта” фирмасы өз менеджерлерін ең басты-басты ақпараттармен қамтамасыз етіп, маркетингтер мен қаржыгерлердің өнімінің қалай өтімді болуы жөнінде пікір, көзқарастарын сұрап отырады. Бұл процесте басты менеджер болып, фирмада нәтижені сол жүзеге асыруға ықпал етеді. Бейресми әдістің бұл түрі “ми әрекеті” (мозговой штурм) деп аталады. Қатысушы бұл уақытта ең алдымен үлкен идеяларды қалай сіңіріп меңгеру керектігін ойлайды және соған тырысады. Процесс аяқталғаннан кейін ғана идеялардың қалай жүзеге асқандығы бағалауда көрінеді. Бұл көп уақыт алуы мүмкін, алайда пайдалы нәтиже береді, әсіресе мекеменің жаңа идеялар мен альтернативті баламаларына зәру кезінде. Бұл осы мерзімде аса қажетті маңызды да.
Өтемшінің жиынтық пікірі. Тәжірибелі сауда агенттері негізінде болашақ сұраныстың шамасын жақсы біледі. Оолар тұтынушылармен жақын таныс болғандықтан, өткен әрекеттердің барлығына есептеп, сапалық модельді құрауда ненің тиімділігін жоспарлайды. Одан басқа жақсы сауда агенті анықталған мерзімді кесіндіде нарықты “сезініп”, іс сапалық мөдельдердің маңыздылығында екнін көрсетеді.
Тұтынушыларды күту моделі. Өзінің аты көрсетіп тұрғандай тұтынушыларды күту болжамы болып табылады. Өйткені мекеменің клиенттермен жүргізген сұрақ-жауап (опрос) барысында ешнәрсе айқын болмай, шешім тек нәтиже арқылы көрінеді. Олардан болашаққа деген қажеттіліктерін бағалау сұралады, әрине, жаңа талап бойынша. Осы жолмен жиналған барлық мәліметтерді жинақтап, модератор өз тәжірибесі бойынша жөндеулер де енгізіп, жиынтық қажеттілік есебін шығарады.
Эксперттік бағалар әдісі. Бұл – коллективті пікірдің формальды варианты. Әдіс алғаш рет “Рэнд Корпорейшн” фирмасының әскепилерге қызығушылық тудырған оқиғаны ьолжауында қолданылды. Эксперттік баға әдісі эксперттердің келісімге келу тәртібіне негізделеді. Әртүрлі, алайда өзара байланыс әрекетіндегі облыстардан жиналған эксперттер қарастырғалы отырған мәселе төңірегінде сұрақтар толтырады. Әр эксперт содан соң өзге эксперттерден жиынтық жауаптарын алады. Жиынтық жауаптар жинастырылып, шешуші болжам жасалады. Сонымен қатар олар өз пікірін ол туралы білдіреді.
Сараптауға (анализ) арналған ситуация.
“Метро Стадиума” сынды басшы операцияларымен Кэти Макрэ мерекеге қатысу ықтималдылығына тоқталып, шешім қабылдаған. Кэти, мәселен, киоскілер ашып, қақпашылар мен дүкеншілерін жұмысқа шақыратынын ай тып жауап берген.
Ол жиі салтанатты кеш өткізуші спорт командаларының, ойын-сауық топтарының жетекшілерімен телефон арқылы хабарласып, олардан бағасын беруді өтінген. Жыл өткен соң субьективті түрде болжамнан көңілі қатты қалады. Оның негізгі басты себебі – адамдардан баға алу үшін өте көп мөлшерде уақыт жұмсалған. Ол ылғи да бағаны көтеріп отырған нәтижесінде стадионда шектен тыс жұмысшы көбейіп, шығынға қалған.
Содан кейін Кэти болжаудың тиімді тәсілдерін үйренуге көшкен. Оның тоқталған шешімі бойынша, ол әдіс екі түрлі төмендегідей белгі-мінездермен болуы керек:
1) әдіс тез әрі жағдайға тәуелсіз қарапайым болжамдармен шешім шығарарлықтай;
2) салтанатты кешке тәулік уақыты қалғанда ақпараттарды толығымен пайдалана алу мүмкіндігі бар. Кэти ескі оқулығын қарап отырып, өз мақсатына каузалдық (себепті) модель сай келетінін байқап, таң қалған. Ол математикалық кесінділерге тәуелді түрде:
A=C
А- қатысу болжамы, барлық х- құбылмалы; қатысуға тәуелді, ьарлық с- констант (тұрақты шама), өткен жағдайларды анықтайтын статистикалық мәлімет әдістері. Егер де каузалдылық өзгерістерді (барлық х) қабылдаса нақты жағдайда модель болжам есебі үшін (А) пайдаланады.
Кэти мынаны түсінді : әр түрлі кешке сай келуі үшін әр түрлі типті модельді пайдалану керек. Ол өз жұмысын бейсболдық матчтан бастауды жөн санайды. Алғашқы этапта каузалдылық құбылыстардың барлығын моделіне енгізу үшін теңестірген. Бұл зерттеу негізінде ойынға 24 сағат қалғандағы билеттер саны айқын болатын болған.