Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салық туралы қазақша реферат. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалайда, заттайда төленуі мүмкін. Әлеуметтік салыктың есебі 3140 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын сүбшотында жүреді.

Әлеуметтік салықты төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

ҚР-дағы заңды тұлға резиденттері, ҚР-да тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы, резидент еместер

Еңбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы

Шетел мамандарының — 11%. Қалған юасқа барлық еңбеккерлерден — 21%

Календарлық ай, әр тоқсан сайын есеп берімен бірге

Жеке нотариустар, адвокаттар

Еңбеккерлердің саны, салық төлеушінің өзін қоса есептегенде

Өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші; Әбір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіші

 

Жеке кәсіпкерлер

Айлық есептік көрсеткіштен – 20%

 

Салықтың арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтары) жеке кәсіпкерлер

Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:

—  мемлекет, үкімет және халықаралық  ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге;

— Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген стипендия және мемлекеттік сыйлыктарға;

—  конкурстық, спорттык, жарыста жүлделі орындары үшін берілетін акшалай сыйлыктарға;

—  кәсіпорындар өз кызметін тоқтаткан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

— пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;

—   жинак зейнетакы қорларына аударылған жарнасына;

тікелей әлеуметтік көмеқ, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;

—   армия кызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;

—   қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;

— мемлекеттік бюджеттін каржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;

—  заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;

—    босану мен екікабаттылық бойынша жәрдем ақыға;

—    белгіленген мемлекеттік стипендияға;

—    берілген арнайы киімдердің құнына;

—    сақтандыру сыйлығына;

—    қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік кұндарына;

—    тағы басқаларына.

Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, калған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.