Әлеуметтік қызметкердің рухани адамгершілік қасиеттері туралы қазақша реферат
Қызмет көрсетілетін адамдардың болу шарттары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, соның ішінде өртке қарсы талаптарға сай келуі тиіс. Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз кіруді, қолайлы болуын, үй-жайдың ішінде жүріп-тұруды, оңалту шараларын өткізу, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс. Аумақтық орталық ғимаратының ішкі жағындағы үй-жайлар мөлшері, орналасуы мен үйлесімі бойынша сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну үшін жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұсыну кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасыны Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын кәмелетке толған еңбеке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психиалық ауру болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) жақын туған-туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мүгедектер, Ұлты Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін невроздарды, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлерді, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды, карантинді инфекцияларды, жұқпалы тері мен шаш ауруларын, венереологиялық ауруларды, ЖҚТБ-ны қоспағанда, ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың болуы үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып
табылады