Жоспар
Кіріспе 2
1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан 3
1.1 Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика 3
1.2 Қазақстанның экономикалық-географиялық және табиғи нышандары 8
1.3 Қазақстан Республикасының кеңес кезеңіндегі экономикалық дамуына қысқаша шолу 10
2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасы 14
2.1 Қазақстанның әлем елдерімен сыртқы саудасы 15
2.2 Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі бойынша экономикалық талдау 17
2.3 Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы 24
Қорытынды 29
Әдебиеттер тізімі 32
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы тұрақты сипатта болып отыр. Мамандардың айтуы бойынша еліміз өтпелі кезеңнен өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ үкіметі Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныды. Қазақстан экономикасы ТМД елдері бойынша алдыңғы қатарда. Бірақ бұл орайда біздің елде шешілмеген бірқатар мәселелер бар екенін айта кеткен жөн.
Қазақстанда қалыптасқан экспортқа бағытталушы шикізат моделі — ішкі сұранысты жанар-май энергетикалық ресурстардың қызметі қамтамасыз етуіне әкелді. Бұл бағыт экономиканы әлемдік нарық коньюнктурасына тәуелді етіп қана қоймай, елімізді экономикалық прогрестен алшақтатты. Экономиканың өңдеуші салалары артта қалып, өндірісте диспропорциялар қалыптасты. Сол себепті республикада импортығыстыру саясатын қолданудың объективті қажеттілігі туындады.
Тақырыптың өзектілігі мынада болып отыр. Ғаламдану және интеграция жағдайында Қазақстан әлемдік аренада өз орнын табуы үшін экономиканы басқа сарынға бұруы қажет. Яғни негізгі салалар арасында байланысты қалпына келтіріп, тиімді экономикалық модель бойынша даму бағытын таңдау. Ал бұл өз кезегінде импортығыстыру арқылы экспортқа бағытталған экономикалық модельмен даму жолы.
Менің бұл жұмысты жазудағы мақсатым — еліміздің маңызды экономикалық салаларындағы импортығыстыру саясатының іске асырылу байыптап, Қазақстанның әлемдік экономикадағы алатын орнын анықтай отырып, оның дамуының келешегіне көз жіберу.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында көптеген қызықты мәліметтер алып, мәселенің маңыздылығы мен мәнін тереңінен түсіндім.
Курстық жұмыс / 32 бет