Ақтөбе қаласының атмосферасын кәсіпорындар ластауда туралы қазақша реферат
Ақтөбе қаласы ең лас қалалар қатарына жатады. Сырт көзге әп-әсем де сәнді қала күндіз-түні түтінге түншығып, шаң тозаңға көміліп түрады. Бүл өтпелі кезеңде жабылып қалған кәсіпорындардың енді-енді бауырын көтеріп келе жатқандағы жағдай. Облыс орталығының 5 бірлік орнына 10,5 бірлікті қүрайды екен. Сонда біздің жүтып отырған ауамыздың екі есе лас болғаны ғой. Соның белгілі бір мөлшері жерге түсетіні сөзсіз. Облыс орталығының ауа басеейніне «Казхром» трансүлттық компаниясына қарасты. «Феррохром» АҚ жылына 3 мың тонна, ал «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ 2,9 тонна, «Ақтөбе жылу электр орталығы» ЖАҚ-ы 1,1 тонна зиянды заттар шығарады екен. Осының басым бөлігі түтін, шаң — тозаң , басқа да улы заттар. Осы аумақтағы ауада азот тотығын рүқсат етілген жинақталуы 1,25 есе, формальдегид 4,7 есе артып кеткен.
Жыл сайын 120 мың тонна өнеркәсіптік және түрмыстық қалдықтар ешкандай өңделмей немесе жинақталып қалуда. Ал осы қалдықтардан ауаға бөлінетін зиянды заттарды есепке алып жатқан ешкім жоқ. Қарапайым көзбен ақ боран болып елестейтін Ферроқорытпа акционернік қоғамының шлак жинақтағышындағы жағдайды көрген адам таң қалары сөзсіз.
Бүған қоса қалалық полигондағы 2,5 милион тонна қатты түрмыстық
қалдықтар ауаны бүлдіруде. Оны өңдеп, кәдеге жарату әлі өз дәрежесінде
жүргізілмей келеді. Қалдықсыз технология бойынша жүмыс істейтін
өркениет елдерде оны әлдеқашан залалсыздандырып, кәдеге жаратар
еді.Біздің қазір астымыздвғы байлыққа пысқырып қарамайтын
енжарлығымыздың бір көрінісі бүл — » Тиыннан сом қүрайтын» елдер «Бір оқпен екі қоянды атып еді» еді. Ауада таза қалдықта кәдеге асады.
Жалпы, қаланың атмосфералық ауасынан тарайтын шаң — тозаң, түтін мен ыстың, басқа да зиянды заттардың 86 пайызы автокөліктердің үлесіне тиеді. Тасымал жүмыстарына икемділігі, жүкті, жолаушыны, есігінің алдында дейін жеткізу мүмкіндігіне қарай оған бәкелес көлік жоқ. Алайда автокөлік көбейген сайын оның қоршаған ортаға адам денсаулығына зияндылығы да арта түспек. Облыста 69,3 мыңнан астам автокөлік болса, соның 47,5 Ақтөбе қаласында тіркелген. Өткен жылы облыс бойынша автокөліктен ауаға тараған зиянды заттар 76,6 мың тоннаны қүраған. Халықтың әл — ауқатын анықтаудың бір көрсеткіші осы автокөліктің болуы екенін ескерсек, бүған қуануға да болады. Алайда мәселенің екінші жағы да бар. Қаладағы 47,5 мың автокөлікке күн сайын келіп кететін мыңдаған автокөлікті қосыңыз. Күрк — күрк жөтеліп, көкірегі сырылдаған көне автокөліктің көк түтін қақарып бара жатқанын қазір жиі көретін болдық. Ал шындығыны келгенде, осы автокөліктер қаланың үстін түмшалаған көк түтінге бірден — бір себепші емес деп кім айта алады? Сондықтан автокөлік өндіріс басшыларының автокөліктерден шығатын зиянды заттарды кеміту үшін жауапкершіліктерін арттыру қажет. Сондай — ақ қала маршруттарында электр көліктерінің санын көбейтіп, автокөліктерді мейлінше газға көшіру де күн тәртібіндегі мәселеге.
Ақтөбе облысы бойынша ластаушы заттардың шығарындыларының негізгі көлемі мүнайгаз кешендегі өндірістердің ілеспе газды жаққаннан қалған қалдықтар қүрайды ( қалдықтардың жалпы көлемі 70%).
2006 жылы Ақтөбе облысында жүмыс жасайтын мүнай өнлірістері мен түрбаларда 1434 млн.м3 газ жағылған. Ілеспе газды көбінесе екі өдіріс орны жағады: «СНПС — Ақтөбемүнайгаз» АҚ — 942 млн.м3 , «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-439млн.м3.
Облыстың қалаларында автотранспорттар табиғатқа маңызыды әсерін тигізуде, бүл өз қоршаған ортаны пайданылған автомобиль газымен ластау түрінде көрінеді. Автомобиль транспортыны қатысты әкологиялық мәселелер жекелеген және қоғамды автотранспорттар паркінің түрақты өсу жағдайына біршама маңызды түрде қойылуда.
2006 жыдың 1 -ші қаңтарына дейін жағдай бойынша облыста 82,0 мың
автотранспорт бірлігі тірклген, Ақтөбе каласы бойынша — 60,0 мың бірлік.
Ақтөбе қаласы бойынша автотранспорттан шыққан зиянды қалдық барлық зиянды қалдықтардың 84% қүрайды (жылжымалы және түрақты көздерден шығатын жалпы қалдықтап).
Қалдықтардың динамикасы көрсеткендей, атмосфераға ластаушы заттардың түсімі жыл сайын өсуде. Облыстың өндірістермен қабылданған шараларға қарамастан, өндірістің өсуіне байланысты қалдықтардың түсімін түрақтандыру мүмкін емес. 2006 жылы облыстың табиғатты пайдаланушылармен ауа қорғанысы шараларына 9,73 млрд. теңге қаржы жүмсалды.
2006 жылы жүргізілген қадағалау мәліметтері бойынша Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластануы жоғары деңгейде сақталуда.Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі формальдегидтің (1 ШРК) және диоксид азот (1,3 ШРК) қүрамының жрғарлығымен анықталады. Оксид углеродтың, диоксид серы, және оксид азоттың өлшенген заттардың орташа концентрациясы шектеулі рүқсат етілген нориа деңгейіне болды. Бір жолғы диоксид азоттың барлық қүрамының 1,4 ШРК-ға жетті.
Облыс орталығы атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша Қазақстан қалаларының ең ластанған жетілігіне кіреді. Атмосфералық ауаның сапасын бақылау облыс орталығында сақталған «Қазгидромет» РМК Ақтөбе гидрометеорология және мониторинг орталығында атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізу бекеттерінде жүргізіледі. Қалада атмосферадық ауаның жағдайын үздіксіз бақылайтын үш бекет жүмыс жасайды,бірақта осы уақытқа дейін 8 бекет анықталады.
Түрғындардың денсаулығыа өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарының эсер етуін азайту мақсатында » Казгидромед» РМК АФ қатысуымен, атмосфераға кәсіпорындарының ластаушы заттарының түсуін азйту үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайды болжау бойынша жүмыстар жүгізілуде. ҚМЖ күндері атмосфераға зиянды қалдықтардың түсуін азайту шарага 19 өндіріс жүмдырылды
Автотранспорттардан шығатын газды қадағалауға бойынша бақылаушы органдармен жұмыста қолдану үшін газталдағыш және түтін өлшегіш қүралдары сатып алынды.
2007 жылы қаланың қоршаған ортасының жағдайын кешенді зерттеу бойынша жүмыстар үйымдастырылды. Жүмыс шеңберінде қаланың табиғи ортасының сапасы бойынша және сонымен қатар ауа бойынша нақты жағдай анықталды.
Ақтөбе облысы Қазақстан қуаң аудандарына жатады. Облыстың ішкі материкалық жағдайы және күрт континентті, климаты жер үсті суларының тапшылығы себебімен негізделеді. Облыстың жер үсті суларының ресурстары орташа сулы жылы 3,25 км 3 қүрайды, оның ішінде жергілікті ағын су тапшылығы -2,83 км 3 және су тапшы жылдары жылына — 0,65 км3 , соның ішінде жергілікті ағын су тапшылығы — 0,41 км3 .Өзендердің және уақытша су ағысы бірыңғай қысқы ылғалдың есебінен қалыптасады және облыс өзендерінің сулық тәртібінің негізгі фазасы, жылдық ағудың көп бөлігіне жататынкөктемгі су тасу боолып табылады. Гидрографиялық жүйені Елек, Ор, Үлкен Қобда,Ойыл,Сағыз,Ырғыз, Ембі,Торғай сиқты негзігі өзендерді қүрайды.
Облыс аумагында ірі гибротехникалық қүрылыстарға су деңгейінің көп жылдар бойы маусымдық толтырылған жасанды су айдынына Қарғалы, Ақтөбе және Сазды су қоймалары жатабы.
Судың сапалығына антропогендік қызметтер көп ықпалын тигізеді, судың ластануының негізгі көзі өнеркәсіп кәсіпорындары, коммуналды-түрмыстық обьектілері, елді мекендер болып табылады. Су айдындарында жақын әр түрлі объектілердің қарқынды қүрылысы, канализация тазарту қүрылыстарының жиынтығының және көп елді мекендердегі суды бүру жүйелерінің жоқтығы маңызды мәселе болып табылады. Бірақ, ластанудың негізгі көзі өндірістік және ағын сулар болып табылады.
Гидрохимиялық бақылаудың нәтижесі жер үсті суларының ластануының жоғарғы дәрежеде екенін куәландырады. Жоғарғы деңгейдегі ластанған су объектісіне жер асты суларымен сынамен шығатын негізгі ластаушы заттар массасы түсетін Елек өзені жатады.
«Ақбүлақ» АҚ — н қалалық тазалау кешендері қаладан 7 км солтүстік -батыс бағытта орналасқан, пайдалануға 1982 жылы берілген. Күрделі жөндеу жүргізілмей көп жылдар бойы пайдаланған тазалау кешендерінің инженерлік қүрылыстары және сыйымдылықты треттеу торабы істен шықты.