Актиномицеттердің жалпы сипаттамасы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Актиномицеттерге жалпы сипаттамасы, классификациясы және қасиеттері
2.1.1. Актиномицеттерге жалпы сипаттама
2.1.2. Актиномицеттердің құрылымы
2.1.3. Актиномицеттердің классификациясы. Streptomyces туысы.
2.1.4. Актиномицеттердің антагонисттік қасиеттерін (оның ішінде стрептомицеттердің) қасиеттері
2.2. Топырақтан бөлініп алынған Streptomyces туысы актиномицеттерінің антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістері және қажетті материалдар
2.3. Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. КІРІСПЕ

Топырақ микроорганизмдері биологиялық белсенділігі және құрамы бойынша алуан түрлі болып келеді. Бұл бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар. Микроорганизмдер салмағы  тек үстіңгі беткей горизонтының өзінде ғана бір гектарға бірнеше тоннаны құрайды. Микроорганизмдер саны 1 г топыраққа жүздеген мыңдар мен миллионға дейін жетеді. Жалпы, микроорганизмдер мөлшері жағынан  планетамыздың құрлық бөлігінің 0,01–0,1% -ын алып жатыр /1/.

Топырақ фаунасының әрбір мекендеушісі өзінің тіршілігін жалғастыру мақсатында алуан түрлі функциялар атқарады. Ал бұл функциялар өз кезегінде организмдердің ерекше қасиеттеріне негізделеді. Осының ішінде бұл курстық жұмыста топырақ микрофлорасында айрықша орынға және спецификалық қасиетке ие актиномицеттер қарастырылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Актиномицеттер өздерінің антибиотикалық заттарды синтездеуіне байланысты үлкен қызығушылық тудыруда.Сонымен қоса, актиномицеттер жоғарғы және төменгі сатыдағы организмдердің өсуін және дамуын стимулдейтін биологиялық активті заттар түзуге қабілетті. Актиномицетті шығу тегі бар заттар мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында зиянкестермен күресуде орны ерекше. Барлық актиномицеттер делік B тобына жататын витаминдерді синтездейді. Сондықтан да актиномицеттердің ерекше қасиеттерін анықтау, зерттеу қазірігі таңда өзекті мәселе.

 Курстық жұмыс / 22 бет