Актиномицеттердің құрылымы туралы қазақша реферат
Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері — 0,5—2 мм, ал ірі колониялар 1 см-ге дейін жетеді /3,4/. Колониялардың сыртқы көрінісі де алуан түрлі: тегіс, бұдыр, қатпарлы, түйіршікті. Актиномицеттердің ауалы мицелийі колонияның беткі қабатында қалыптасады.
Актиномицеттердің клеткалары негізгі бірнеше бөліктерден құралған. Клетка қабықшамен — 0,01-0,03 мкм көлемі бар қабырғасы болады /3/. Мицелий қабықшаларының бетінде шырышты капсула орналасқан, көбіне ол өте жұқа және тығыз емес жүйе болып келеді.