АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ курстық жұмыс

ЖОСПАР

1-АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

  • Ақшаның формалары мен түрлері

2 -АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ

  • Ақша  айналыс және төлем құралы
  • Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде

3 -ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚША ҚЫЗМЕТІ

  • Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

КІРІСПЕ

Ақшалар   —   тауарлары   өндіріс   пен   айырбастың  ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы    сатыларында    қарадүрсін   «өндіріс»нәтижелерімен    айырбас    болғандықтан    ақшаға қажеттілік те болған жоқ.

Алайда,   қоғамдық   еңбек   бөлінісінің   дамуына қарай жағдай түбірімен   өзгерді.   Егіншілік   пен   мал   өсірумен айналасудың   дайын   өнімдерін   жинау   мен   ақшалықтан  бөлшеленуі, және бұдан соң кәсіптің егін өсіруден бөлінуі өнімдердің айырбас үшін өндіріле бастауына, яғни тауар түрін табуына жеткізді. Уақыт өткен сайын тауар көбейіп айырбас та  тұрақты жүре бастады.  Енді әрбір тауар өз құнын   өзге   көптеген   тауарларды   көрсетуге,   яғни оның көптеген тауарларға айырбастала алатын теңдігін бойына сіңіре бастады. Бірақ мұндай жағдай тұрақты айырбас жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін еместі. Тауар өндіруші өз өндіргеніне керекті тауарды айырбастап алу үшін айырбастап алу үшін бірнеше мәрте атқаруға мәжбүр болады. Бұл шаруашылық айналымын баяулатып, күрделендіре түсті.

Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың — айырбастың ең бірінші әрі   үлкен   қиыншылығы   болды.   Бұл   сан   қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше  тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,

Ең алдымен мұндай жалпыға ортақ эквивалент міндеті сол халық пен сол тарихи кезеңнің ең бір маңызды тауары атқарды. Оларды құнды аң терлері (мехтар), түз немесе теңіз ұлуары және тіпті тірі адамдар (құлдар) ретінде көріне алатын. Бірақ мұндай өзгеше эквиваленттер ереже емес, ерекше жағдайлардың болатын көптеген елдерде эквивалент міндетін көбіне мал атқарды. Айтар болсақ, Ежелгі Ресейде князь қазынасы «малхана», ал қазынасын ұстаушы «малшы» деп   аталды.   Әрине,   мұндай    қарадүрсін    әрі ыңғайсыз эквиваленттер бірте-бірте қолайлылау түрлеріне орын беріп отырды.

Қолайлы эквивалент    эквивалент    айырбас    тәжірибесіне    сәйкес мейлінше айқын қасиеттерге ие болуға тиіс. Біріншіден –бертектілігі сапасының теңделілігі, екіншіден — беріктілігі мен сақталғыштығы,  үшіншіден — кез-келген бөлікке бөлінгіштігі, төртіншіден- тұтастығы, бесіншіден – тұрақты болуы.

        Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты- ақшаның пайда болуы және оның мәні ақша қызметтері жән олардың қазіргі жағдайдағы дамуы, Ақша  айналыс  құралы ретінде дамуының ерекшелігін ашу болып отыр.

курстық жұмыс / 29 бет