Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……………3

І бөлім. АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.2 Ақшаның пайда болу тарихы…………..5

1.2  Ақшаның түрлері…………..9

1.3 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы  дамуы……….15

ІІ бөлім. АҚША АЙНАЛЫСЫ  ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ

2.1  Ақша айналысының сипаттамасы……….19

2.2   Ақшаның металдық тнориясы және метал ақша айналысы………22

2.3  Ақшаның номиналистік теориясы  және қағаз ақша айналысы…….23

ІІІ бөлім АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУЫ

3.1   Ақша жүйесі ұғымы және оның түрлері……..26

3.2  Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы……….28

Қорытынды………33

Қолданылған әдебиеттер………35  

Қосымшалар……..36 

КІРІСПЕ

“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы қурстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

  1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
  2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
  3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі — мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы,  оның түрлері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы  туралы айта кетемін.

Екінші бөлімде –  ақша айналысы  туралы,толығырық айтқанда  ақша айналысының сипаттама,ақшаның металдық  және  номиналистік  теориясы, қағаз және  метал ақша айналысына  тоқталамын.

Үшінші бөлімінде- ақша жүйесі және Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасына  тоқталамын.

Курстық жұмыстың мақсаты :

-ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

—              ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және  ақша  реформасының  теориялық  аспектілерін  қазіргі  экономика  тұрғысынан  ашып  қарастыру.

—              Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасының  ерекшеліктерін  толық  қарастыру.

Курстық  жұмыстың  құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден,мазмұннан,үш бөлімнен,қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер  тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 37 бет