Ақшаның формалары мен түрлері

  • Ақшаның формалары мен түрлері туралы қазақша реферат

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын­ша алуан түрлі болып келеді. іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз — ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыздеп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша- номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін акша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәй­кес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

Толыққұндыемес ақша сатып алушылык құны ақша қаты-настарынын тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандаи сатыларды етті:

1)   Металдық;

2)   Қағаздық;

3)   Несиелік;

4)   Электрондық ақша.

Металл ақшалар- бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдык құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақ­шалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-IV ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген ме­талл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.

Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыккұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдык құн құрамындағы металл қүнынан асып кетеді.

Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындык «еmssіо»сөзіненаударғанда «шығару» деген мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы — бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін оте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру — өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақ-шалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмас-тыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге қетқен еңбектің шынайы құныпан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар- нағыз ақшалардын өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар қөшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарла­рымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тен құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиыннан ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес қелмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияга әқеледі.

Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі қупюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын — доллар, Ресей — рубль, Қазақстан — теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олар­дың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды үрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен катар несиелік қағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып алу жэне төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны жэне оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана аткарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз — ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

Несиелік ақшаларайналымдагы толыққұнды ақшаларды алмастыратын жэне несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көр­сетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі элементі болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақша­лар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиеліқ ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі — несиелік және пластикалық қарточка.

Вексель бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі карыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта) — вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетті тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша бегтегі вексельде және аллонжда «аваль ретінде есептеу» деген жазумен ресімделеді.

Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі акпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде баска кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.

Демек, вексель несие және акшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алады.

Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды. Банкнота- бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарыла­ды, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.

Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес  шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.

Банкноттық айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әре­кет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті. Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.

Чекбұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халыкаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітпшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.

Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компъютерлерді кен қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микро-сызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады. Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық қарточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудалық қарточқалар өте қең таралған.

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шотгарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындагы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Ин­тернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.