Ақша-несие саясатының теориялық негіздері

Жоспар

I Бөлім. Ақша-несие саясатының теориялық негіздеріне жалпы түсінік.

1.1. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері………….5

1.2. Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары…………7

1.3. Ақша-несие саясатының құралдары……………..12

II Бөлім. Ұлттық банк – ақша-несие саясатын жүзеге асыратын орган.

2.1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы…..21

2.2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары………24

2.3. Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу……..26

III Бөлім. Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері.

3.1. Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері………..31

Қорытынды……..35

Қолданылған әдебиеттер………….37

Кіріспе

Ақша-несиелік реттеудің әр түрлі концепциялары бар. Олардың маңыздыларына кейнстік жне монетаристік теориялар жатады. Ақшаның сандық теориясының өкілдері экономиканың циклмен даму себебін тауарлар саны және ақша саны арасындағы қатынастармен белгіленген тауарлық бағаның ауытқуымен (тербелуімен) дәлелдесе, ДЖ. Кейнс циклға ақшаның әсерін проценттің нормасы арқылы дәлелдейді.

Кейнс ұсынған “несиелік реттеу” өндіріс процесінің несиеден тәуелді екенін байқатады. Сұраныстың өндіріске қарағанда шешуші роліне сүйене отырып, Кейнс бәсекелестікке әсер ететін факторларды: жұмыспен қамту, қуаттарды пайдалану, өндірістік құралдардың тұтыну заттарына сұранысы, тәртіптің психолгиясы анықтайды. Қарыз капиталының проценті жоғары болғанда, кәсіпкерлерде “өтімділікті ұнату”, яғни капиталды ақшалай түрде сақтауды ұнатушылық пайда болады. Сондықтан, кәсіпкерлердің инвестиция жасауға стимулын көтеретін қарыз процентінің төмен болғаны қажет.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайыз мөлшерлемесінің төмендігін қолданып тиімді сұранысты ынталандыру жолы қысқара бастады, өйткені орталық банктер көбінесе рестракциондық несие саясатын жүргізуге мәжбүр болады, яғни инфляциямен күресу үшін пайыз мөлшерлемесін жоғарлату қажеттігі.

Реттеудің осы кестесі (үлгісі), бәсекелік нарықтардың монополиялануы төмен болған жағдайда, батыс елдердің көбінде ХХ ғ. 50-60-шы жылдарына дейін шамамен тиімді болып келді. Ал тепе-теңдік баға механизмін жойған және инфляцияның өте жылдам өсуімен оның жаңа сапасын (шығындар инфляциясын) тудырған, сонымен қатар 70-ші жылдары жұмыссыздықтың жоғары дәрежесін тудырған, нарықтардың монополиялану процестерінің күрт күшеюі, кейнстік концепция арқылы түсіндірілуі мүмкін еместігін дәлелдеді. Бұл ақша-несиелік реттеудің жаңа монетарлық концепциясының ұсыныстарын қолдануға жол ашты.

Монетаристер және олардың жетекшісі М. Фридмен капитализмнің экономикасы іштей  тұрақты болады және ол өзін—өзі реттеуге, өзін-өзі жөнге келтіруге қабілетті деп тұжырымдайды. Осы жағдайда, өзін-өзі реттейтін механизмдерінің қызметтерінің жүзеге асырылуының қажетті шарты – бағаның ақшалай айналымының тұрақты болуы. Монетаристер теориясы бойынша, ақша ұсынысының көлемі – ақшаның массасы, ақша-несиелік саясаттың басты бағыты болып табылады. Ақша массасының жатық өсуі экономиканың тұрақты дамуын қамтиды.

Бүгінгі күні ақша-несиелік реттеудің монетарлық концепциясы нарықтық экономикалы елдерде кең тараған. Бұл оның шаруашылықтың осы жүйесіне сәйкес келетіндігін және экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті екенін айқындайды.

Ұлттық банк Қазақстанда заң түрінде ақша-несилік реттеудің органы болып табылады. Реттеудің объектісі – айналымдағы ақша массасының көлемі және құрылымы. Заң жүзінде Ұлттық банктің ақша-несилік ставкаға әсер ететін экономикалық құралдары белгіленген: несиелер бойынша міндетті резервтердің және есепке алу ставкаларының нормасын белгілеу, банктер үшін экономикалық нормативтерді белгілеу, құнды қағаздармен операциялар жүргізу. Ақша-несиелік реттеудің осы шаралары әлемдік тәжірибеге мәлім және олар көп елдерде қолданылып отыр.

курстық жұмыс / 36 бет