Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, ресурстарының түрлері және құралдары 4
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және мақсаты 4
1.2 Ақша-несие саясатының ресурстары 6
1.3 Ақша-несие саясатының құралдары 6
2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстарын талдау 13
2.1 Ұлттық банктің ақша айналу жүйесін басқару 13
2.2 Ақша-несие саясатын жүргізудегі Ұлттық банктің ролі 13
2.3 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттарын талдау 14
3 Ақша-несие саясатының механизмі мен құрылымдарын жетілдіру 17
3.1 Салыстырмалы қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша саясаты 17
3.2 Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салықтық-бюджеттік, валюта саясаттарымен байланысы 18
3.3 Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, ақша-несие саясатын желтілдіру 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.
Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:
1 Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
2 Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.
3 Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі: мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық, қаржы секторының ақуалы: банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы, нарықтық институттардың дамулығы: тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы.
4 Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктерін тереңірек зерттеу, нарықтық макроэкономикалық принциптері бойынша құрылымын анықтау, оның тиімді және тиімсіз жақтарын қарастыру ұсынылған жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.