Ақша массасы және ақша агригаттары курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе…………….3

1 Ақша айналымының құралдары……………5

1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы…………..5

1.2 Ақша агрегаттары және ақша базасы………..10

2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы………………15

3.Ақша массасы өтiмдiлiгiнiң тапшылық және артықшылық  тәуекелiн анықтау………..16

3.1 Артықшылық тәуекелi …………………..16

3.2 Тапшылық тәуекелi………………….17

Қорытынды        …………………..18

Қолданылған әдебиеттер……………..19

Қосымша…………………….20

Кіріспе

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).

Ақша массасы көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге ,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы , бағаның тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі – бұл мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық  ұсынымы мен ақша массасының өсу қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.

Ақша айналымын ұйымдастыру ақша массасының бірлігі бір құрлымын ұсынады. Шаруашылық айналыстарға қызмет көрсететін қолма-қол ақша және қолма -қолсыз ақша қаражатын білдіретін ақша массасының элементтері арасындағы айырмашылықтар олардың дәрежесімен және сипатымен байланысты.

Менің курстық жұмысымның мақсаты ақша айналымының құралдарын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.

Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне  қазіргі таңдағы ақша айналымының құралдары яғни, ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.4

курстық жұмыс / 25 бет