МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………3
І «АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ «ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ БИЛЛЬ» ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ»
1.1 ХVІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс………..5
1.2 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы……6
1.3 АҚШ Конституциясындағы «Құқық туралы Билль»……7
1.4 АҚШ-тың бірінші Конституциясының халықаралық құқықтық жағдайы…10
1.5 «Конституцияның негізін салушылар»……..13
ІІ АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 1787 жылы 17 қазан күні Конвент Конституция жобасы…….15
2.2 Атқару билігі……..17
2.3 Cот жүйесі……..20
ҚОРЫТЫНДЫ …………23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……..26
КІРІСПЕ
Курстық өзектілігі. Америка Құрама Штаттары XVIII ғ. аяғында құрылған, жас мемлекет болып табылады. Бұл мемлекетті Батыс өркениетінің дамуы нәтижесі ретінде қарастырған орынды. Орта ғасырларда тижілдің латын тілінен Еуропа халықтарының тілдеріне аударылуы қоғам санасына үлкен әсерін тигізді, Інжілде жазылған құдай алдындағы теңдік идеясынан адамдардың өзара теңдігі, бостандығы туралы ой пайда болады. Осыдан кейін жеке меншік, еркін сауда, демек демократиялық қоғамға тән негізгі атрибуттар қалыптаса бастайды. Жаңа кезеңнің басында Нидерландыда, Англия мен Францияда орын алған буржуазиялық революциялар, соғыстар Солтүстік Америка жерінде көптеген басы бос феодалдық қатынастардан тыс қалған ерікті қоныс аударушылардың көбеюіне себепкер болды. Қоныс аударғандардың ұрпақтары тәуелсіздік үшін соғыс (1775-1783) барысында метрополияны, сонымен бірге феодалдық тәртіптерді жеңіп, алғашқы рет демократиялық принциптерге негізделген конституцияны қабылдады.
Жаңадан құрылған мемлекеттің басшылары әр түрлі ұлттарды біріктіру мақсатымен оларға көптеген бостандықтарды беруге міндеттенді. Осы бостандықтарды АҚШ Конституциясы кепілдендірді. Конституцияда «Тәуелсіздік декларациясының» басты жағдайлары қамтылды.
АҚШ басшылары ұсынған либералдық — демократиялық идеология феодалдық тәртіптен азып-тозған бұрынғы еуропалықтарға жайлы тиді. Үкімет олардың экономикалық, шаруашылық қызметіндегі шектеулерді алу мен мемлекетті басқаруға қатысу құқықтарын беру арқылы американдықтардың ресми билікке қарсы шықпауын қамтамасыз етіп, әр түрлі ұлттарды біріктіретін нәтижеге қол жеткізді. Бірақ бұл құқықтар мен бостандықтардан жергілікті шықтары мен қара нәсілділері тыс қалды, афро-американдықтарға христиан дінін қабылдағандарына қарамастан, «құдай алдындағы теңдік» қағидасы таралған жоқ. АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Кондализа Райстың (Соndalize Rісе); «Негізін қалаушы Аталардың, «Біз, халық» дегендегісі маған қатысты айтылған жоқ» — деп, мәлімдеуі осы жағдайларға байланысты болды. Осылайша, Вашингтонның қазіргі кезде демократиялық құндылықтарды уағыздауындағы екі жақты стандарттар АҚШ-тың мемлекет ретіндегі алғашқы қадамдарынан-ақ байқалды.
АҚШ-тың өз халқына қатысты ұстанған идеологиялық қондырғыларындағы екі жақты стандарттар XX ғ. 60-жылдарына дейін сақталды. Вашингтонның жергілікті халықтар мен қара нәсілділердің құқықтарын ақ нәсілділердің құқықтарымен толық теңестіргеніне қарамастан, «ақ» еместерді екі ғасырға жуық уақытқа созылған қанаушылықтың жаңғырықтары қазіргі кезге дейін АҚШ-тың Оңтүстік штаттарында естіліп жатқаны белгілі.
АКШ-тың құрылғаннан кейінгі экономикалық дамуына тарихта бұрын-соңды болмаған либералдық құндылықтар өз ықпалын жасады. Сонымен қатар, метрополиядан қалған жаңа техника мен шикізатқа бай жергілікті табиғи ресурстар жаңадан құрылған мемлекеттің қалыптасып дамуына жағымды әсерін тигізді. Солтүстікте индустрия мен капиталистік қатынастар дамыса, Оңтүстікте плантаторлық шаруашылық пен құлдық сақталды. Біріншісінің экономикалық тұрғыдан тиімділігі мен қуаты азамат соғысы барысында Онтүстікті жеңуде шешуші факторға айналды.
АҚШ-тың экспансионистік амбициясы мен географиялық орналасуымен белгіленген геостратегиясы мемлекеттің құрылуынан кейін бірден көріне бастады. Капиталистік дәуірдің шырқай бастаған шағында үнділерден жерлерді тартып алу, территорияларды сатып алу немесе басқа державалардың иеліктерін аннексияләу жиі орын алды. АҚШ-тың Америкадағы ең ірі экспансионистік қадамдары ретінде Техас пен Калифорнияны өз құрамына көшіруін мысалға келтіруге болады. АҚШ пайда болысымен-ақ, өзіне қарағанда әлсіз мемлекеттердің ортасында дамыды. Осындай жағдайда азғантай тұрақты қарулы күштер АҚШ-тың территориялық тұтастығын сақтауға жеткілікті еді. Ал Канада мен Мексиканың экономикалық және саяси әлсіздігі АҚШ басшылығын қызықтырып отырды. АҚШ-тың алғашқы территориялық кеңеюі оңтүстік бағытта жүрді. XIX ғ. басында АҚШ Испан иеліктеріне, ал кейінірек тәуелсіздік алған Мексикаға тиесілі Техасқа ең алдымен демографиялық және сонымен қатар экономикалық енуін бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 72-АҚШ Конституциясындағы «Билль құқығы туралы» және оны қолдану тәжірибесін анықтау.
Міндеттері:
— АҚШ Констиуцияларының дамуын, тарихи маңызын зерттеу;
— АҚШ Конституциясындағы «Билль құқығы туралы» және оны қолдану тәжірибесін қарастыру.