«Әкем мен шешемнен үлгі-өнеге алып өсемін»

        Төлеби ауданы, Қайнар ауылында Қайнар орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен өткзілген тәрбие сағаты.

Онда алға қойған мақсатым: жекелеген ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың өнегесі мен ықпалы арқылы оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден, ата-ана, ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, үшіншіден, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыру болды.  Ал көрнекілігіне отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздерді пайдаландым.

Жүргізуші:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба, Б тұрады үшінші

Ал, осының сыры неде?түсінші:

«А»деген ол – аналар ғой ардақты

«Ә»деген ол — әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол- балалар ғой әдемі

 Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында

 Тұрады олар алфавиттің басында.

 (Ж.Әбдірашев)

    Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке –асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жақын, ең жылы ұя — ата-ананың алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. Бүгінгі телехабарымыздың кезекті саны ата-ана мен бала арасындағы сыйластыққа арналады. Сіздерді студияға келіп отырған отбасы мүшелерімен таныстырайын (хабарға 5 отбасы сол сыныпта оқитын балаларымен қатысты).

—- Адам баласының ажары да, бақыты да отбасыдан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты, оның тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.

Халқымызда балаға, бала тәрбиесіне арналған небір асыл сөздері бар. Қазір солардың кейбірін студияға келіп отырған оқушылар еске түсірсе деймін.

  1. Балалы үй  — базар, баласыз үй  — қу мазар.
  2. Бала – бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу үлкен ғылым.
  3. Ер бала – ата-анаға таяу, қыз бала – үйге жаққан бояу.
  4. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,

Адам баласы үшін отқа түседі.

  1. Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын бала болса.
  2. Жаман да болса ұрпақ қалсын.

Өз орныңда отың жансын.

  1. Дүниеде бал тәтті,

Бала балдан да тәтті.

8.Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер.

9.Қарайғанға қарап тал өсер,

Ата-анаға қарап бала өсер.

  1. Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

—         Иә, «сөз асылы — мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та – бала. Ал, осы бала бағбаны кімдер? Әрине ата-ана. Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата-аналардың, оқушылардың ұлттық салт-дәстүрден нені білетінін көріп, бағалап отыруларыңызды сұраймын. Алғашқы тур «Сан сұраққа саяхат» деп аталады.

           Ата-аналарға:

1.Малдың 12 мүшесін атаңыз.

  1. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)
  2. Ұлттық ойындарды атаңыз.
  3. Нанға байланысты ырым-тиымдарды білесіз бе?
  4. Еттен табақ тартқанда оның қандай түрлеріне сүйеніп тартады? Қойдың қадірлі мүшесін, жылқының қадірлі мүшесін атай аласыз ба?

Оқушыларға:

  1. Жеті ата деген не? Жеті атаңды ата.
  2. Төрт түліктің түрлерін, пірлерін ата.
  3.  Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата
  4.  Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласың ба?(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы – малдың патшасы.Алып анадан туады, тұлпар биеден туады.)
  5. «Қара кемпір», «Қара шал» «Бозторғай»  әндерінің авторы кім? (әнші-сазгер А.Қоразбаев).

Келесі турда ата-аналар, оқушылар өз өнерлерін ортаға салады.

Одан кейінгі тур «Сыңарын тап» деп аталады.

Ата-аналарға:

Әдепті бала ата-анасын мақтар… (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

  1. Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
  2. Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
  3. Үйінде ұлы-қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
  4. Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).

 Балаларға:

  1. Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
  2. Күлме досыңа…(келер басыңа).
  3.  Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
  4.  Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
  5.  Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).

Соңғы тур ата-аналанмен өткізіледі.

1.Тәрбие ісінде отбасының ролі қандай деп ойлайсыз? (Отбасы ролі өте-мөте күшті. Өйткені отбасы кішігірім мемлекет болып саналады. Егер отбасыда жағдай жақсы болмаса, ешбір қоғамдық ұйым, мектеп, ұстаздар оның орнын баса алмайды.Тек қана жайлы, дұрыс ортадан тәрбиесі дұрыс бала шығады).

2. Ең алдымен қандай тәрбиеге көңіл бөлер едіңіз?(Еңбек тәрбиесіне. Оны балаға жастайынан берген жөн. Себебі «жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», балаға тез қонады. Баланы еңбексүйгіш етіп тәрбиелесек, болашағы үшін уайымдамаса да болады деп ойлаймын).

3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолынан жасаған (кішкентай болса да мейлі) бір затын сыйлағанын жөн көресіз бе? Неліктен? (Әрине, өз қолынан жасағанды. Өйткені мұндай талпыныс оны кішкентай кезінен-ақ іс-әрекетке, қимылға, еңбек етуге тәрбиелейді).

4.   Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?(Бұл дұрыс емес дер едім. «Бала тәрбиесі — бесіктен» дейді дана халқымыз. Баланы жасынан іске үйретпеу, еңбекке баулымау – ол ата-ананың балаға жасаған жақсылығы емес, керісінше оның болашағына жасалған үлкен қылмыс, қиянат деп білемін.)

  1. Кешкі ас ішіліп болған соң, ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды, Өйткені теледидардан бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?(Қашанда бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма. Ертеңгі күннің жұмысы атар таңмен келеді. Жүр, мен саған көмектесіп жіберемін дер едім. Бұл әрекет баланың бойын еріншектіктен сақтандырады.

Қорытындысы шығарылып, сыйлықтар үлестіріледі.

Жүргізуші.

Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қоқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.

Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік дей келе, хабарымызды аяқтаймыз.

Отбасылары бірігіп,  «Сәби болғым келеді» әнін орындады.

Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері навзардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеттерінің       бірі» деген сөзді Платонның өзі  де бекер айтпаған болар. Әрбір қоғамның өз дамуы жағдайында бұл өткір мәселе  әрқалай шешіліп отырған.

Мемлекетімізде қазіргі кезде сапалы білім берумен қатар, мектеп жасындағы жасөспірімдердің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру қажеттігі туындауда.  Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың болашағы, сапалы өмірдің ең басты кепілі.Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, адамгершілік жағынан таза, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қазіргі кезде мемлекет алдында тұрған ең өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет —- осы мемлекетіміздің  өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды “Отаным” деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның ибасты шарттарының бірі.  Жастардың өнегелілік қасиеттерін қалыптастырудың бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан 2030” Қазақстан халқына Жолдауының “Қазақстан мұраты” деген бөлімінен көруге болады. Мұнда: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз өнымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының  жауапты да жігерлі, білім өресі биік, өнегелі қасиеті жоғары дамыған, денсаулығы мықты , ұлттық дәстүрлерімізді ұрпақтан ұрпаққа сақтап жеткізуші өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі тзаманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады, олар бейбіт, абат, жылдам даму, өокендеу үстіндегі күллі әле,мге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттарны болады.

Егер біз ьадамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болған,да… еліміз үшін алаңдамауға болады.

Салауатты тұрнмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі-өнеге көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша аатап көрсету керек.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жасөспірім ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз”.

Ауыл жасөспірімдерінің жан дүниесін адамгершілік, имандылық, өнегелілік қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін өнегелілік сапалар арқылы түсіндіріп,  салауаттылыққа тәрбиелеу және кеңес беру – дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып отыр.

1.   Тұлғаның мәнін айқындау.

  1. Ауыл жасөспірімдерінің әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
  2.  Олардың интеллектуалдық ерекшеліктерін зерртеу.
  3. Методикалық кеңес беру.

Зерттеу нысаны – ауыл жасөспірімдері .

Зерттеу заты — өнегелілік қасиеттердің мәні, мағынасы, бағыттары.

Қазіргі ағым да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтар мен өмір сүрудің ауытқушылығынан руханиятсыздық белең алды. Сондықтан Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдаулары мен сөздеріне егемен еліміздің азаматтрарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше ролі барын баса айтып келеді.Елбасы әсіресе, ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасеиттерін қалыптастырып, патриоттық сезімін ояту қажеттігіне айрықша көңіл аудартады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бұл басым бағытты міндеттер нақты көрсетілген. Атап айтқанда:

—- жеке тұлғаның шығармашылық,рухани және күш-қуаттьық мүмкіншілігін дамыту, салауатты өмір салтының берік қағидаларын қалыптастыру, тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы оның зерде –санасын байыта түсу;

—- өз Отаны – Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекетт рәміздері мен халық салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрініс терге төзбеу;

—- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық өміріне белсене қатысуға  және сондай-ақ, өз құқықтары мен міндеттерін сезінуге баулу;

—- әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін игеру, қазақ және республикада тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрыппен саолт—дәстүрлерінің тьарихын жете білу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру.

Жоғарыда аталған маңызды міндеттерді іске асыруда білім беру мекемелерінің атқұаратын ролі зор. Өйткені мұнда балалар мен жасөспірімдер мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдарға сәйкес жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеріп, өз тьуған халқының тарихы мен мәдениетінен сусындау арқылы өздерінің бойына өнегелілік қасиеттерді қалыптастырады.

«Білім беру»Заңында білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі делінген. Демек барлық білім беру мекемелерінде қандай жағдайда болса да, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру мақсаты барысында тәрбие жұмыстары жүргізілуі тиіс.Әсіресе ауыл балалары тәрбиесінде мектептерге ерекше көңіл бөлінген.

Білімді де, білікті, салиқалы да парасатты, өнегелілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу — мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Сол себепті жоғарыда сөзімізге арқау болған мәселелерді түбегейлі шешу, салауатты өмір салтын қалыптастыру — баршамыздың қарызымыз әі парызымыз екені даусыз. Солай екен, келешек ұрпақтың қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалдысуға міндеттіміз.

Елбасымыз Н . Ә.Назарбаевтың  ішкі және сыртқы саясатттық 200 негізгі бағыттары туралы  Қазақстан халқына жолдауында ауылға назар аударуы стратегиялық, мемлекеттік зор мәні бар, кең ауқымды шара.

«Ауыл – халқымызөдың тұрмыс салты, мәдениеті. Шын мәнінде де халқының 40 % бөлігін ауыл тұрғындары құрайтын Қазақстан үшін бұл шара өте маңыз, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнар көзі», — деп көрсеткен Елбасы халыққа жолдауында.

Біздің қай-қайсысымызхдың болмасын түп тамырымыз сол ауыддан бастау алады. Тәуелсіздік пен қуатты мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп, терең сезінетін де осы елдегі халық, өйткені оның қаны мен жанында бабаларымыздың арманы мен үміті қаттаулы қалпында жатыр.

Ендігі жерде осы ауылды көркейтуге байланысты мәселелер бойынша әр мемлекет ұжымы Елбасының жолдауында көрсетілген бағыттарға сәйкес өз міндеттерін және оны орындау жолдарын саралап алғаны абзал. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі осы мәселелерді шешуде әрбір ұстаз тыс қалмай, шама—шарқынша өз үлестерін қосуы қажет.

Әлеуметтік педагог оқушылар тобымен бірлесе отыры, адамдардың қарым-қатынасындағы мейірімділік пен әділдеттілік деген не, жолдастық пен ждостық деген не, кғоллективизм мен ортақ іске, жеке бастың тжауапкершілігі деген не сияқты ұғымдарға анықтама беріп, оны оқушылардың меңгеруіне көңіл бөледі. Бұл тұжырымдар оқушылар ұжымы көп жиналатын залда көрннекі жерлерге жазылып ілінген:

—- мейірімділік – адамдарға деген адал көңіл, сезімтал қарым-қатынас, кез-келген уақытта қол ұшын беруге әзірлік;

—- әділдік — өзінің және басқаның іс-әрекеттері мен пікірлеріне дұрыс әділ баға бере білу, өз мінез—құлқындағы кемістіктерге сын көзбен қарай білу;

—- жолодастық – балалардың сыйластық және қамқорлық қарым-қатынастары, біреудің көмегін қабылдай білуі, біреуге көмектесуге құштарлығы, қажет болғане жағдайда жолдасы үшін өз мүдджесін қоя тұруға әзірлік;

—- ұжымшылдық – басқалармен бірге өмір сүріп, жұмыс істей білуі, өзін коллективтің бір бөлшегі деп түсінуі, өз мүддесін көпшілік мүддесімен ұштастыра білу, өз ісіне ұжым алдында жауап беру36

—- ортақ іс үшін жеке бастың жауапкершілігі — ортақ іске жауап бере білу, ортақ мақсатқа жету жолында белсенділікпен қимылдау.

Ата-анасының рухани байлығы, отбасыдағы сыйластық қарым-қатынас оқушылардың өмір тәжірбиесін  қалыптастыруды молайтуың негізгіі көзі болып табылады.