АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ——-3
1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі —— 6
1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы —- 8
1.3 Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы ролі—— 10
2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ —- 15
2.1 ҚР акционерлік қоғамдардың 2008-2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау —— 15
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау—— 16
2.3 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау —— 19
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ —— 26
3.1 ҚР акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары —— 26
3.3 ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелері және шешу жолдары — 32
Қорытынды —— 35
Қолданылған әдебиеттер —— 38

КІРІСПЕ

        Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында  айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру жөніндегі  аса маңызды міндетті  алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Бұл міндетті шешу ең алдымен  экономикалық даму  саласындағы  басымдықтарды іске асыруға негізделген. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар. Оның негізгі көрсеткіштерінің бірі еліміздегі акционерлік қоғамдардың жағдайы мен даму деңгейі. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Акционерлік қоғам – капиталды  орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында  ғана бөлінетін болса, онда  жабық акционерлік қоғам болып саналады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.

Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы – бизнестің әр түрлі сфераларында қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының бәрі курстық жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

— нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету;

— «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;

— АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін қарастыру;

— АҚ – дың тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесіне талдау жасау;

Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында – Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері, қызмет етуі және олардың ролі, екінші тарауда – «Маңғыстаугеология» АҚ-ның жалпы экономикалық сипаттамасы, оның технико – экономикалық көрсеткіштері, ал үшінші тарауда-жалпы АҚ-ң экономикалық тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибелері қарастырылып, талқыланды.

 Курстық жұмыс / 38 бет