Қазақ музыкалық фольклорының дара бір саласы — айтыс. Айтыс көбіне түркі тектес халықтардың мәдениетіне тән құбылыс. Оны Еуропа халықгарының әдеби-музыкалық дәстүрінен табу қиын.
Эпос бір адамның орындауында жеткізілетін ірі жанр болса (монолог), айтыс екі адамның (диалог) тартысына құрылған шығарма. Оның да көптеген түрлері болған. Мысалы, ертеде ру-тайпа арасындағы айтыстар болса, кейін айтыс әлеуметтік тақырыптарға негізделетін болған. Оның келесі бір түрі — қыз бен жігіт айтысы.
Айтыс — музыкалық-эпикалык дәстүрдің бір арнасы. Оның негізгі ерекшелігі импровизацияға негізделіп, сөзбен жеткізілетін ой тартысына кұрылуы. Айтыстың кайым, бәдік, сүре, т. б. түрлері бар. Ал музыкалық әуеніне келгенде олардың бір-бірінен пәлендей айырмасы жоқ Айтыстың жоғарьда аталған кез келген түрі белгілі бір музыкалық мақаммен орындала береді. Сонымен бірге, әрбір айтыскер өз ойын ел арасына тараған әуен-саздарды қолдану арқылы да жеткізетін болған. Бүгінде айтыс өнері қайта жанданып отырса, оның музыкалық табиғаты бізде енді зерттеліп келеді.