КІРІСПЕ
I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері
1.3. Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
II. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАҒАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
2.2. Айналым қаражатының қажеттілігін бағалау
2.3. Айналым қорларының айналысы және оны жеделдету жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек еңбек құралдарымен бірге өндіріс үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды. Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады.
Айналым капиталы (айналым каражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының кұрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, кайта сатуға арналған тауар, ақшалай каражат және есептердегі каражат енгізіледі.
Айналым каражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Айналым каражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін камтамасыз етеді.
Курстық жұмысымның мақсаты.Кез келген бизнесті бастау үшін қолма-кол ақшаның біраз сомасы қажет, осы сома өндіріске арналған (немесе сатуға арналған тауар) белгіленген ресурстың мөлшеріне айналады.
Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға, жұмысқа немесе қызметке айналады. Осы сатының нәтижесінде айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді.
Айналым капиталы сату сатысында тауарлық нысаннан акшалай нысанға қайтадан өтеді. Ақшаның бастапқы сомасы және өнімді (жұмысты, кызметті) сатудан түсетін түсімнің мөлшері үйлеспейді. Бизнестің нәтижесі (пайда немесе залал) сәйкессіздіктің себебін түсіндіреді.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты — өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.
Курстық жұмысымның міндеті. Айналым капиталының бөлігі өндіріс саласында (өндірістік запас, аяқталмаған кұрылыс, қоймадағы даяр өнім және т.б.), ал басқа бөлігі — айналыс аясында (жөнелтілген өнім, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат, бағалы қағаз және т.б.) үнемі болады. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталының кұрамы мен мөлшері өндірістің қажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты. Яғни, кәсіпорынға қажетті айналым капиталын бағалауымыз қажет.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бұл курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, айналым капиталдың мәні, құрамы, құрылымы және де кәсіпорында айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері туралы қарастырылады. Екінші бөлімде, кәсіпорынның айналым капиталын бағалау және айналым қаражаттарынның қажеттілігін бағалау жөнінде тоқталынады.