Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі

Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі туралы қазақша реферат

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де  ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім – шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім –шартта қарастырылған жағдайлары; салық қызметі органдары берген салық төлеуші – шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қатыстырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекеленген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты

клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зеинеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібі мен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім – шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім – шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім – шартта қарастырылғаны жөн.

Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім – шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім – шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Қолма-қол жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі (хабарлама төменде келтіріліп отыр).

Бухгалтерлік есеп шоттары бойынша операциялардың есебі 1040 «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.     Көшірме атқарушының қойған қолыме және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады. Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызыметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы) көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс.

Клиент өкілінің көшірмені алғаны  бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келтіріліп отыр.

Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040 — «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары» шоты кредитінен 1280-«Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының

дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040 шоттың дебеті және 3540 — «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының кредиті бойынша көрініс табады.

«Ануар» ЖШС-не қызмет көрсететін АТФ банкінен кәсіпорынның бухгалтерлік есеп шоты бойынша бір айдағы ақша қаражатының қозғалысы туралы тізімдеме (выписка) келіп түсті. Ол төменде келтірілген.

    АТФ Банкісі, Қарағанды қ. 31.03.2006ж.

Орындаушылар №20

Шот бойынша көшірмесі  № 9764680/00

«Ануар» ЖШС

Кірісі  255634937

Корреспондент                                                                    Дебет              Кредит

190521425                 000700813                 7470                500000

190501713                 000420102                 846                  1370600

190501713                 001609126                 7710                2500000

190501201                 000906602                 247                                         478600

5370600          478600

Шығысы                                                                                        250742397

АТФ Банкісі, Қарағанды қ.

 

Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Заңды тұлға – шот иесін тарту немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам, астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Кәсіпорында «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары» шоты бойынша наурыз айында мынадай шаруашылық операциялар жүргізілді:

Сальдо (қалдық) 01.03.06. – 3000000тг.

Күні Операция мазмұны Дебет Кредит Сома
1

 

02.03.06

 

Ордер №1.Қолма-қол жарнаға хабарлама.Өткізілген өнімнен түскен түсім кассадан қолма-қол келіп түсті. 1040 1010 61500
2

 

06.03.06 Чек №324316.Кассаға ағымдағы шоттан ақша алынды. 1010 1040 98100
3

 

 

06.03.06 Төлем-тапсырмасы №1.

а) әлеуметтік салық аударылды.

б) зейнетақы қорына аударылды.

 

3150

3220

 

1040

1040

 

9210

4210

4 12.03.06 Төлем-тапсырмасы №2.Бухгалтерлік есеп шотына өткізілген өнімнің түсімі «Ануар» ЖШС-нен келіп түсті. 1040 2110/1210 24000
5 15.03.06 Шұғыл міндеттеме №15. Бухгалтерлік есеп шотықа ұзақ мерзімді несие есепке алынды. 1040 3010

 

2700000

 

 

6

 

23.03.06 Мемориалдық ордер.Несие бойынша пайыз төленді 3380 1040 7200
7

 

30.03.06 Төлем-тапсырмасы №14.РСУ №2 мердігеріне №18 акт бойынша негізгі құралдардың ағымдағы ремонтына ақша төленді. 4110

 

1040 100400
8

 

30.03.06 Шұғыл міндеттеме №15.Банктің қысқа мерзімді несие төленді. 3010

 

1040 190000
9 30.03.06 Төлем-тапсырмасы №12.Жеткізушіге №85 шот бойынша қосалқы бөлшектер үшін ақша аударылды. 4110 1041 43200

3000000+2785500-452320=5333180тг.

Сальдо (қалдық) 01.04.06. – 5333180тг.

1040 — «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары»  шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

4110 — «Жеткізушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді қарыздары» шоты алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлем ақысына;

1010 — «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» шоты еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

1610 шоты жабдықтаушылар мен мердігерлерге  төленген аванс сомаларына;

3110 — «Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы» — бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.

3130, 3140 шоттары — салық бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;

3010, 4010 шоттары – ағымдағы банк шотынан өтелген банк несиелері мен займ қаражаттарының сомасына;