АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ НЕОЛОГИЗМ СӨЗДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ——3-4
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ НЕОЛОГИЗМ СӨЗДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Неологизм терминінің мағынасы мен мәні——5-8
1.2. Неологизмдердің жасалу жолдары—-8-14
2. ТЕРМИН – ТЕРМИНТАНУДЫҢ НЫСАНЫ
2.1. Терминнің тілдік сипаты——15-16
2.2. Терминге қойылатын талаптар——17-18
3. АҒЫЛШЫН-ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕОЛОГИЗМ ТЕРМИНДЕРДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
3.1 Экономика саласындағы жаңа атаулар——19-21
3.2 Сөздіктердегі экономика терминдерінінің аударылуы——21-22
ҚОРЫТЫНДЫ——-23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ—-24
ҚОСЫМША——-25

КІРІСПЕ 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. 

АУДАРМА — әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды. Ертерек кездерде белгілі сюжетке жазылған еліктеу түріндегі шығармалар аз болмаған. Оларды дәп бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болады. Мысалы, Абайдың Пушкин, Лермонтов сияқты орыс классиктерінен аударған өлендерінің толық мағынадағы сәйкес, дәлеме-дәл аудармаларымен қатар, еркін еліктеу түрінде жазылған, өзіндік туындыға айналған нұсқалар да бар. Толық мағынасындағы аударма қалайда түпнұсқаға негізінен сәйкес болуы шарт.

Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен ша- руашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды біддіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердің тобына кіреді. Бір заманда діни оқуды қоғамнан шеттетіп, жаңа оқуды өмірге еңдірген кезде осы күнгімұғаілім, мектеп, класс, тақта, парта, оқушы, карта, глобус, компас деген танымал сөздердің өзі қазақ үшін неологизмдер болып саналғандығына ешбір күмән келтіруге болмайды. Одан бергі кезеңдерде тілімізге қаптап енген колхоз, совхоз, электр, трактор, радио, артист, сахна т.б. сөздер де неологизмдер тобын көбейткен еді. Қазіргі таңда аталған сөздердің барлығы да жалпыхалықтық сипат алып, тілге әбден сіңісті де, неологизмдердің қатарынан шығып қалды. Осы кезде қазақ тілінің лексикасы жыл санап емес, күнбе-күн өсіп толығып отырады деуге болады. Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5—10 жыл өтісімен-ақ неологизмдердің қатарынан шығып, ең актив сөздердің қатарына барып қосылып жатады. Мысалы: теледидар, атомоход, спутник, космос, космодром, космонавт, космогония, космонавтика, космошлем, ракетодром, синтетика, нейлон, капрон, лавсан, нейтрон, силон, пластикат, ракетник, кибернетика, стиляга, абстращионизм, купътиватор т.б. Кейде неологизмдерге шек қойып ажыратудың өзі өте қиын екендігін аңғарамыз. Мұндағы ұстайтын негізгі принцип жаңа сөздің бір тілде сөйлеушілерге қаншалықгы түсініктілігімен ғана өлшенбек.

       Неологизмдер – бұл қазіргі тарихи кезеңге тән  түгелімен жаңа лексикалық единица.  Мұндай сөздер әлі де болса сөздік қорға ене қойған жоқ, сондықтан халықтың көпшілігіне таныс болмауы мүмкін.

«Неологизм»  ұғымының белгілі бір анықтамасын талдау үшін түрлі зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, екі түрлі көзқарасты аңғаруға болады:

1) «неологизм» термині жаңа сөздің жасалуы ретінде қабылданады, яғни  бір тілдің жаңа сөз жасам үлгілерінің модельдерін сақтай отырып, бұрын таныс болмаған жаңа сөзді, жаңа ұғымды білдіретін сөздердің тобы ретінде қарастыру. Мысалы, reactor – ядролы реактор, biocide – биологиялық соғыс және т.б.

2) Сондай-ақ бұрын қолданыста жүрген белгілі бір сөздің семантикалық және стилистикалық бояулары әсер ететін жаңа синонимі ретінде қарастыру. Мысалы, boffin сөзі (құпия жұмыспен айналысатын ғалым, көбінесе әскери мақсатта) scientist сөзінің ең жақын синонимі болып табылады, алайда оның семантикалық бояуы басқаны білдіреді.

Сол секілді лексикалық жаңа сөздердің құрамының біркелкі болмауы да көрініп отырады. Оның себебі неологизмдердің пайда болуына, тілдегі тұрақтылығына қолданыстағы тазалығына байланысты.

Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:

— әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;

— ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;

— мәдениет саласындағы жетістіктер.

Ғылыми-техникалық прогрестің шарықтауына байланысты қоғамымыз жаңара түссе, тіліміздегі төл сөздеріміз де қоғаммен бірге жаңарып, жаңа атаулармен толығып отырады. Тілдегі сөздік қордың да байи түсуі осындай тілімізге енген жаңа сөздердің үлесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу курстық жұмыстың мақсаты — қазіргі ағылшын тіліндегі жаңа жетістіктер мен жаңа оқиғаларға байланысты пайда болатын жаңа сөздер — неологизмдердің аударылуын зерттеу.

Зерттеу міндеттері. Курс жұмысының мақсатына байланысты мынадай міндеттер қойылды:

— Неологизмдердің  мағынасы мен мәнін, ұғымын анықтау;

— Неологизмдерді аудару ерекшеліктері;

— Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау;

— Ағылшын тіліндегі неологизмдердің қазақ тілінде баламалануын қарастыру т.б.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 Курстық жұмыс / 25 бет