Жоспар:
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Келесі бөлімдерде осы мәселелерге тереңдей үңіліп қарастыратын боламын.